«Информатика» пәнінен ағылшын тіліндегі электрондық оқу құралын жасақтау
Мақсаты: Borland Delphi программасында «Статистиканың жалпы теориясы» пәнінен электрондық оқу құралын жасақтау.
Міндеттері: 1. Delphi бағдарламасының жұмыс терезесі мен негізгі нысандары, құралдарын зерттеу, қасиеттерін қарастыру;
2. Delphi бағдарламасындағы негізгі нысандардың қасиеттері, оларды басқару жолдарын, олардың тиімділігін анықтау;
3. Сандық қоры, құрылымы, Delphi бағдарламасындағы сандық қорын жасақтау саймандары мен программалық мүмкіндіктерін қарастырып, оқу орнын басқару үдерісінде ұтымды пайдалану тәсілдерін айқындау;
4. Delphi бағдарламасындағы «Статистиканың жалпы теориясы» сандық қорының құрылымы жасақтау:
5. Delphi бағдарламасындағы «Статистиканың жалпы теориясы» сандық қорының программалық жасақтамасын жазу, программалық кодтарын сынау;
6. Delphi бағдарламасындағы «Статистиканың жалпы теориясы пәнінен» сандық қорын колледж жағдайында тәжірибеден өткізу, пайдалану нәтижесін жариялау, пайдалануға ұсыну.
Гипотезасы: Delphi программасында «Статистиканың жалпы теориясы» пәнінен электрондық оқу құралы жасақталса, онда оқытушының жұмыс жасау тиімділігі артады, жұмыс орнын автоматтандыруға болады.
Зерттеу болжамы: егер «Статистиканың жалпы теориясы» пәнінен электрондық оқу құралы жасақталса, онда комьютерден статистика пәні тапсырмалармен жұмыс жасауды үйренушілер үшін тиімді жолдар көбейеді, өйткені оны өз бетімен оқу мүмкіндігі туады, әйтпесе .........
Зерттеу пәні: алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері, бағдарламалау тілдері
Зерттеу нысаны: Delphi бағдарламасындағы электрондық оқу құралы.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Delphi бағдарламасының жұмыс терезесі мен негізгі нысандары, құралдары зерттеліп, қасиеттерін қарастырылды; негізгі нысандардың қасиеттері, оларды басқару жолдарын, олардың тиімділігін анықтау; Мәліметтер қоры, құрылымы, Delphi бағдарламасындағы мәліметтер қорын жасақтау саймандары мен программалық мүмкіндіктерін қарастырып, оқу орнын басқару үдерісінде ұтымды пайдалану тәсілдерін айқындау;
Зерттеудің теориялық мәні: Электрондық оқу құралын және оны Borland Delphi программасында жасақтаудың теориялық негіздері зерттелді. Borland Delphi программасында «Статистиканың жалпы теориясы» пәнінен электрондық оқу құралы жасақталды.
Зерттеудің практикалық маңыздылы: Delphi бағдарламасындағы «Статистиканың жалпы теориясы» қорының құрылымы жасақталды, программалық жасақтамасын жазу, программалық кодтарын сынау; Delphi бағдарламасындағы «Статистиканың жалпы теориясы » сандық қорының» мәліметтер қорын колледж жағдайында тәжірибеден өткізу, пайдалану нәтижесін жариялау, пайдалануға ұсыну
Зeрттeу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша басылымдарды талдау, ақпаратты жинақтау және сұрыптау, өңдeу, жобалау, қорыту.
Құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе және екі бөлімнен тұрады.
Кіріспе де зерттелетін тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері,гипотезасы, зерттеу пәні, зерттеу нысаны, зeрттeу әдістері, зерттеудің теориялық және практикалық мәні, құрылымыберіледі.
«Электронды оқу құралын жасаудың теориялық негіздері» бөлімінде ақпараттандыру жағдайындағы электрондық оқу қорларын пайдалану тиімділігі, электрондық оқу құралына қойылатын талаптар баяндалады.
«Borland Delphi ортасында электрондық оқу құралын жасақтау» бөлімінде Delphi программасында электрондық оқу құралын жобалау, «Статистиканың жалпы теориясы» пәнінен электрондық оқу құралының сипаттамасы ұсынылады.
Жұмыс соңында қорытынды мен зерттеу тақырыбы бойынша қолданылған отандық және шетелдік әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
Зерттеу базасы: Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Достарыңызбен бөлісу: |