Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат):
ақпаратты іздеу және таңдау, іздеу әдісі, таңдау критериясы, сараптама жүйесі, жасанды интеллект.
Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат):
қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу, программалық қамтамасыз етуді орнату және жою, операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру.
Ақпараттық технологиялар және телекоммуникация (21 сағат):
деректер қоры (кестелік, иерархиялық, желілік), реляциалық деректер қоры, деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ), деректерді ұсыну пішіні (кестелер, пішіндер, сұраныстар, есептер), деректер қорын ұйымдастыру, көп кестелік деректер қорында кестелерді байланыстыру;
желілік технологиялар, байланыс каналдары және олардың негізгі мінездемелері, жергілікті желіні баптау, интернетте мекен жайлық;
алмастыру хаттамалары, TCP/IP деректерін жіберу хаттамасы, желілік этикет, ақпаратпен жұмыс істеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасы, электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары;
html-программалау, интернет үшін ақпараттық объектілерді құру құралдары, Web-беттер және сайттар, тэгтер, атрибуттар, мәтінді пішімдеу, тізімдер, Web-бетте графиканы орналастыру, түстер, Web-беттегі гиперсілтемелер, кестелер, Web-беттегі пішіндер, Web-беттерді құру құралдары, Web-сайтты тестілеу, жариялау, сүйемелдеу.
Жобалық іс-әрекет (6 сағат).
Резерв (1 сағат).
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).
Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі тиіс).
10-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
қауіпсіздік техника ережесін;
ақпараттық жүйелер және ресурстар ұғымын, программалау тілінің тарихын;
жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері орталар түсінігін;
программалау жүйелерінің ерекшеліктерін;
құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы программалау ұғымдарын;
объектілі-бағдарлы ортасында құрылған файлдар міндеті мен типтерін;
Standard құралындағы объектілердің негізгі қасиеттерін;
ақпаратты енгізу және шығару объектілерін;
типтерді түрлендіру функцияларын;
тышқан және пернетақта оқиғасын;
сұхбатпен, мәзірмен, таймермен жұмыс істеу әдістерін;
оқыту, бақылау және ойын программаларын өндеу қағидаларын;
3D графигін, 3D объектілерімен жұмыс істеу негіздерін;
3D объектілерінің редакциялау техникасын;
анимацияланған қойылымдарды құрудың негізгі кезендерін және оларды іс-жүзінде қолдануын;
авторлық объектілерді қолдану қағидаларын;
оқу жобаларына қойылатын талаптарын;
ақпаратты пайдалануда этикалық және құқықтық нормаларын;
«жоба тақырыбы», «жоба идеясы» , «гипотеза», «проблемалық сұрақ», «жоба міндеттері» ұғымдарының мәнін;
жобаны бағалау және процедураны қорғау.
10-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
қауіпсіздік техниканы сақтауды;
символдық және сандық деректерді өңдеуді жоғары деңгейлі программалау тілдерінің кез келген ортасында программалауды;
жобаны сақтауды, терезе арасында ауысуды;
объектілер Инспекторында және программада объектілер қасиеттерін өзгертуді;
негізгі алгоритмдік құрастырылуды жобада қолдануды;
графикалық бейнені құруға арналған әдістерді қолдануды;
әдістер мен оқиғаларды жобаларда қолдануды;
бірнеше пішіннен, мәзірден, құрал-саймандардан тұратын аяқталған қосымшаны қалыптастыруды;
3D объектілерді құруды, 3D объектілерді құрғанда модификаторларды қолдануды;
материалдарды қалыптастыруды және қолдануды;
3D қойылымдарын қалыптастыруды, камералармен және жарықтандырғыштармен жұмыс істеуді;
құрылған құрылымдарды визуалдауды;
әртүрлі арнайы әсерлерді визуалдағанда қолдануды;
өзекті сұрақты тұжырымдауды, зерттеу тақырыбы бойынша гипотеза ұсынуды;
әртүрлі сұрақтарға жауап алу үшін өзінің өздік зерттеу және шығармашылық жұмыстарын жоспарлауды;
кішігірім топтар мен бірлестіктерде жұмыс істеуді;
рефлексия жүргізуді, жобаны қорғауды.
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).
Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі тиіс).
11- сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
компьютерлік желілер мен Интернет ресурстарының түрлерін;
Интернет технологияларының негізгі ұғымдарын;
ақпаратты тарату мен алмастыру хаттамаларының түрлерін;
FTP-қолжетушілік пен FTP-хаттама ұғымдарын, негізгі функциялары мен HTTP-дан айырмашылығын;
Интернеттегі мекен-жай қағидаларын;
ақпаратты қорғау аймағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын;
web-дизайнның негізгі қағидаларын;
web-сайт моделін жүйе ретінде жобалаудың негізгі кезеңдері мен міндеттерін;
HTML – құжаттарды гипермәтіндік белгілеу тілінің негізгі конструкциясын;
өз сайтын Интернетте жариялауға дайындау ретін;
үлкен көлемді ақпараттарды өңдейтін программаларын;
сараптама жүйесі ұғымын;
жасанды зияткерлік жүйе ұғымын;
деректер қорының негізгі ұғымдарын;
деректер қорын құруға арналған программалардың мүмкіндіктерін;
деректер қорын құру, редакциялау және пішіндеу әдістерін;
деректер қорынан ақпаратты іздеу мен таңдап алу тәсілдерін;
оқу жобаларына қойылатын талаптарын;
ақпаратты пайдалануда этикалық және құқықтық нормаларын;
үзінді алу көздерінің кітапханалық ережелерін;
«жоба тақырыбы», «жоба идеясы», «гипотеза», «проблемалық сұрақ», «жоба міндеттері» ұғымдарының мәнін.
11-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
қауіпсіздік техниканы сақтауды;
Интернеттің негізгі клиенттерін: электрондық пошта, браузер іске қосуды;
Интернет-сайттарды қарауда орыс қаріптерін қайта қодтауды;
беттің/ сайттың электрондық мекен-жайын беруді және қаралған беттер бойынша ауыса алуды;
FTP-клиентін қолдануды және FTP арқылы файлдарды іздеуді;
жергілікті желіні баптауды;
HTML тілінде қалыптастыру деңгейінде сайттың 3-5-тен кем емес сәйкес элементтерін программалауды;
web-беттің ар жағындағы және web-беттегі фонды өзгертуді;
web-бетке мәтін қоюды және оны пішімдеуді;
web-беттерге арналған графикалық бейне мен анимациялық роликтерді қалыптастыруды және тиімдеуді;
web-бетте әртүрлі кестелерді қалыптастыруды;
web-бетке мультимедиа элементтерін қоюды;
гиперсілтемені баптауды;
өз сайтын даярлауды және оны Интернетте жариялауды;
офистік программа ортасында ақпараттың алуан түрлерін өңдеуді;
іздеу жүйелерімен жұмыс істеуді;
деректер қорын арнайы программаларда құруды, толтыруды, сақтауды, редакциялауды, баспалауды;
ақпаратқа түзету жасауды, ақпаратты шаблон бойынша іздеуді, ақпаратты деректер қорында сұрыптауды;
деректер қорлары бойынша есеп берулерді қалыптастыруды;
деректер қорларына сұраныстарды көркемдеуді;
деректер қорлары арасында байланыс орнатуды;
өзекті сұрақты тұжырымдауды, зерттеу тақырыбы бойынша гипотеза ұсынуды;
әртүрлі сұрақтарға жауап алу үшін өзінің өздік зерттеу және шығармашылық жұмыстарын жоспарлауды;
кішігірім топтар мен бірлестіктерде жұмыс істеуді;
рефлексия жүргізуді, жобаны қорғауды.
Жеке тұлғалық нәтижелер соңында оқушылар көрсетуі тиіс:
алынған ақпаратты талдау және оларды сын көзбен бағалаудың алғашқы дағдыларын;
қазіргі заманауи программалық қамтамасыз етулермен жұмыс істей білуді;
оқу мазмұнын өз өмірлік тәжірибесімен байланыстыруға қабілеттілік, информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар аймағында ақпараттық қоғамның даму жағдайында даярлықтың мәнін түсінуге икемділікті;
оқу және тәжірибелік іс-әрекетте коммуникативтік құзыреттілікті және ақпараттық мәдениетті;
салауатты өмір салты құндылығын негізгі гигиеналық, эргономиялық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын техникалық қауіпсіз пайдалану жағдайында қабылдауға икемдікті және даярлықты;
үлкен көлемді ақпараттармен жұмыс істеу қабілеттілікті;
компьютерлік және тұрмыстық техникаға ұқыпты қарауды;
жеке өмір ақпаратына және басқа адамдардың ақпараттық нәтижелеріне құрметпен қарау.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер соңында оқушылар алған білім мен біліктіліктерді күнделік өмірде және тәжірибеде қолдануы тиіс:
ақпараттық жобаларды, объектілер модельдерін, оның ішінде оқу жұмыстары нәтижелерін көркемдеуді құруды;
объектілер мен үдерістердің қарапайым модельдерін 3-D бейне түрінде құруды;
жоғары деңгейдегі программалау ортасын қолданып жобаларды қалыптастыруды;
объектілер мен үдерістердің дайын модельдерін қолданып компьютерлік тәжірибелер жүргізуді;
өзінің жеке ақпараттық кеңістігін тиімді ұйымдастыруға арналған ақпараттық объектілердің жеке топтамаларын қалыптастыруды;
іс жүзінде қажетті, оның ішінде өзін-өзі танумен және кәсіби бағдармен байланысқан жеке танымдық қызығушылыққа қатысты ақпаратты іздеу мен іріктеуді;
оқуда және жеке хат алмасуда телекоммуникациялық арналар бойынша ақпарат таратуды, қоғамның ақпараттық ресурстарын сәйкес құқықтық және этикалық нормаларды сақтай отырып қолдануды;
ақпаратты сілтеме жүйелері бар мультимедиа объектілері түрінде беру (мысалы, желіде орналастыру үшін);
жеке өз деректер қорын, цифрлық мұрағаттарын, медиаханасын құруды.
Достарыңызбен бөлісу: |