|
«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы Түсінік хат Оқу бағдарламасы Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).
Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі тиіс).
6-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
қауіпсіздік техникасының ережесін;
вирусқа қарсы бағдарламалар арқылы ақпаратты қорғау тәсілдерін;
ақпаратты сығу ұғымын, мұрағаттау міндеттерін;
есептеуіш техниканың даму тарихын;
электронды-есепеуіш машиналардың кезеңдерін;
дербес компьютердің даму архитектурасының үрдісін;
алгоритм және атқарушы ұғымын;
алгоритмдерді жазу пішімін, алгоритмді блок-схема арқылы жазуын;
алгоритмдер типін, модель ұғымын, модель түрлерін;
мәтіндік редактордың мәтіндік процессордан айырмашылығын;
мәтіндік процессор интерфейсін, құжатты құру және сақтау тәсілдерін;
мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдерін (қаріп, абзац, шегініс, аралық, тізім);
мәтіндік процессорда кестелерді құру және редакциялау тәсілдерін;
бағанға мәтінді орналастыру тәсілдерін;
беттердің параметрлерін баптауын, құжатты баспаға дайындауын;
мәтінге графикалық объектілерді және жазуларды кірістіру командаларын;
презентация ұғымын, слайдтармен жұмыс істеу тәсілдерін;
презентацияларды безендіру шаблондарының міндетін;
анимация ұғымын, анимация әсерлерін баптауын;
презентацияда мәтінмен, кестелермен, графикалық объектілермен, бейнемен және дыбыспен жұмыс істеу тәсілдерін;
презентацияларды көрсетудің баптау тәсілдерін;
компьютерлік байланыстардың түрлерін;
Интернетте ақпаратты іздеу әдістерін;
электрондық поштаны пайдалану салаларын.
6-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
файлдарды мұрағаттау және мұрағаттан шығаруды;
вирусқа қарсы программаларды пайдалану арқылы компьютерде ақпараттарды қорғау әдістерін пайдалануды;
әртүрлі алгоритм түрлерін ауызша және графиктік формада құрастыруды;
модельді нақты объектіден айыра білуді;
модель түрлерін анықтауды;
мәтінді теруді, редакциялауды және пішімдеуді;
тізімдер (нөмірленген және маркерлеген тізім) бар мәтіндік құжаттарды құруды;
мәтіндік құжаттарға кесте салуды;
мәтінге бағана орналастыруды, бет параметрлерін баптауды;
мәтіндік құжаттарға графикалық объектілерді және жазуларды кірістіруді;
қарапайым мультимедиялық презентациялар құруды;
слайдқа мәтін, кесте, графикалық объектілері, бейне және дыбыс кірістіруді;
слайдтардың әсерлерін және көрсетулерін баптауды;
Интернет желісінде ақпаратты іздеуді іске асыруды;
электрондық поштаны пайдалануды.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).
Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі тиіс).
7-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
қауіпсіздік техника ережелерін;
ақпаратты кодтау тәсілдерін;
компьютердің жады құрылғысын;
компьютердің жады түрлерін;
операциялық жүйенің жіктелуін;
операциялық жүйенің функцияларын;
операциялық жүйенің мысалдарын;
программалау тілі туралы түсінігін;
программалау тілінде программа құрылымын;
программалау тілінің синтаксисін;
айнымалылар типтерін;
программалау тілінде арифметикалық өрнектерді жазу ережелерін;
енгізі, шығару және меншіктеу операторларын;
модельдің әдісін және қасиеттерін;
компьютерлік графика түрлерін;
графикалық файлдардың пішімін;
векторлық объектілермен орындалатын қарапайым амалдарын;
растрлық бейнелердің параметрлерін;
растрлық графиканың сурет салу құралдарын.
7-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
ақпаратты кодтау және кодтан шығаруды;
операциялық жүйелердің түрі мен жүктелуін ажырата білуді;
айнымалылар типтерін анықтауды;
сызықты құрылымның программаларын құруды;
модельдерді зерттеуді;
векторлық графикада қарапайым фигураларды құруды;
векторлық объектілермен қарапайым амалдарды орындауды;
растрлық графиканың объектілерімен жұмыс істеуді;
растрлық графикада ерекшелінген аймақтармен, қабаттармен жұмыс істеуді.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).
Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі тиіс).
8-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
техника қауіпсіздігі ережесін;
позициялық және позициялық емес санау жүйелерінде сандарды ұсыну қағидаларын;
сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару ережелерін;
логика ұғымын, логикалық амалдарын;
логикалық функцияларды жазу ережесін;
ақиқат кестесін, компьютердің логикалық негіздерін;
дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісін;
компьютердің қосымша құрылғыларының міндеттерін;
драйвер ұғымын;
тармақталу алгоритмдердің программалау операторларын;
шартты және шартсыз өту операторларын;
циклдік алгоритмдердің программалау операторларын;
параметрі бар циклдер, ДЕЙІН циклы, ӘЗІРШЕ циклын;
графикалық операторлар және процедураларын;
модельді құрастыру кезеңдерін;
электрондық кестелердің міндеті мен мүмкіндіктерін;
электрондық кестенің негізгі ұғымдарын;
электрондық кестедегі сандық пішімдерін;
толтыру маркерлерінің міндетін;
деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеуін;
электрондық кестелердегі сілтемелер қағидасын;
стандартты функцияларды пайдалануын;
диаграммалар және графиктерді салуын;
компьютерлік желілердің міндетін;
жергілікті желіні ұйымдастыру қағидаларын;
Интернет желісінің қызметтер міндетін;
жобалық іс-әрекетте жұмыс істеу дағдыларын.
8-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
сандарды екілік, сегіздік, ондық және он алтылық санау жүйелерінде жазуды;
сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыруды;
ақиқат кестесін құруды;
есептерді шығарғанда логикалық функцияларды пайдалануды;
компьютердің қосымшана құрылғыларын баптауды;
тармақталу және циклдік алгоритмдер негіздерінде программалар құруды;
программалау ортасында жұмыс істеудің графиктік тәртібін пайдалануды;
компьютерлік модельдер құруды;
электрондық кестелерге деректерді енгізуді ұйымдастыруды;
электрондық кестелер арқылы қарапайым кестелік есептеулер жүргізуді;
диаграмма және графиктарды салуды;
Интернет қызметтерінің негізгі жұмыс істеу қағидаларын түсіндіруді;
жергілікті желі бойынша ақпаратты жіберуді және қабылдауды.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).
Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі тиіс).
9-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
қауіпсіздік техника ережесін;
ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын;
қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етудің даму үрдісін;
қызметтік программаларын;
программалау тілінде файлдармен жұмыс істеу амалдарын;
массив ұғымын;
символдық және жолдық мәліметтерге орындалатын амалдарын;
есептеу экспериментін;
деректер қоры ұғымын;
деректер типін;
деректер қорының құрылымын;
деректер қорының кестесінде жазуларды іздеу және сұрыптау тәсілдерін;
видеофайлдардың пішімін;
видеомен жұмыс істеу кезеңдерін;
видеомонтаж тәсілдерін.
9-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратпен жұмыс істеу ережелерін сақтауды;
қызметтік программаларды қолдануды;
программалау тілінде файлдармен жұмыс істеуді ұйымдастыруды;
салынған циклдермен программаларды құруды;
программаларды құруда массивтерді пайдалануды;
өңделген символдық алгоритмдерді программалауды;
программалау тілі арқылы модельдер құруды;
электрондық кестеде деректер қорын құруды;
электрондық кесте арқылы деректерді іздеуді және сұрыптауды ұйымдастыруды;
видео ақпаратты программалық құралдар арқылы өндеуді.
Жеке тұлғалық нәтижелер:
өз меншік жеке және топтық іс-әрекетін жоспарлау қабілеттіліктері;
оқу және практикалық іс-әрекетте коммуникативтік құзыреттілік пен ақпараттық мәдениеті;
қабылданған ақпаратқа талдау және сын көзбен бағалау дағдылары;
өз іс-әрекетінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары мен ақпараттық көздерді пайдалануды;
салауатты өмiр салтының құндылықтарын және негiзгi гигиеналық, эргономиялық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құрал-жабдықтарды қауiпсiз пайдалану техникалық шарттарын қабылдай білуді;
жеке меншік өмір туралы ақпаратқа дұрыс көзқараспен қарауды;
оргтехникаға ұқыпты қарауды.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:
оқыту, тестілеу-программалары және тренажер-программаларымен жұмыс істеуді;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен қоса сандық тұрмыстық техниканы басқару, оны баптау;
қарапайым құрылымды құжаттарды, суреттерді дайындау;
ақпараттық объектілерді құруды, оның ішінде оқу жұмыстарының нәтижесін рәсімдеу;
жеке ақпараттық кеңістікті ұйымдастыруда, жеке ақпараттық объектілері коллекциясын құру;
мәтіндік және мультимедиалық объектілерді құру;
оқу іс-әрекетінде электрондық кестелер мүмкіндіктерін пайдалану;
кестелік процессор арқылы есептерді шығару және есептеулерді автоматтандыру;
деректер қорында ақпараттарды сақтау;
күнделік өмірде кездесетін объектілері мен жағдайларды модельдеу;
векторлық және растрлық графикалық объектілерді, видеобъетілерді құруды;
күрделі емес математикалық және физикалық есептерді шешу үшін әртүрлі алгоритмдік құрылымдарды құру;
дүниежүзілік ауқымды желіден ақпарат алуды.
«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
Түсінік хат
«Информатика» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Профильді 10-11 сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі визуалды программалау технологиялары мен ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, сонымен қатар осы құралдармен жұмыс істеу дағдысын алу болып табылады.
Оқыту міндеттері:
қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бастапқы теориялық білім мазмұның қалыптастыру;
визуалды программалау және мәтіндік, сандық, графикалық және дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуге дағдыландыру;
дербес компьютердің жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін қызметтік программаларды қолдана білу;
ақпараттық іс-әрекеттің этикалық және құқықтық нормаларын сақтауда жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Информатиканы оқытуда жобалау әдісіне ерекше назар аударған жөн, өйткені ол информатика курсына тікелей қызығушылықты көтеруді тудырады. Жобалау технологияларын қолдану информатика пәні бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жасайды және жоба даярланып жатқан мектеп пәнін оқыту тиімділігін жоғарылатады.
«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
11 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Информатика курсын оқыту үдерісінде әртүрлі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүреді.
«Алгебра және анализ бастамалары» пәнімен пәнаралық байланыс:
визуалды программалау құралдарын қолданып қосымшаларды құруда әртүрлі сандық деректерді қолдану;
жоғары деңгейдегі программалау тілдерінде есеп шығаруда математикалық формулалар мен функцияларды қолдану;
координаталық жүйелерін қолданып объект-модельдерді жасау;
шама ұғымы математика пәнінің шамалары негізінде және салыстырмалы түрде оқытылады.
«Геометрия» пәнімен пәнаралық байланыс:
компьютерлік графиканы қолданып 3-D объектілерді жасау;
координаталық жүйелер, проекциялар және олардың компьютерлік графика мен модельдеуде қолданылуы;
геометриялық шамаларды есептеу.
«Физика» пәнімен пәнаралық байланыс:
ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалана отырып, физикалық үдерістерді қарастыру;
проекция және векторларды компьютерлік графика және модельдеуде қолдану;
физикалық үрдістерді модельдеу.
«Химия» пәнімен пәнаралық байланыс:
мектеп қабырғасындағы оқыту үрдісінде орындалатын аталған пән аймағында жобаларды құру;
визуалды программалау ортасы арқылы химиялық үдерістерді модельдеу.
«Қазақ, орыс және шетел тілдері» пәндерімен пәнаралық байланыс:
жобалық іс-әрекеттерді орындағанда орфография және пунктуация ережелерін пайдалану;
информатика және ақпараттық технологиялар саласының терминдерімен сөз қорының байыту, оның ішінде халықаралық терминдерімен;
программалау тілдерінің синтаксисін түсіну, компьютерлік терминологияны меңгеру;
телекоммуникациялық ресурстар шетел тілін оқудағы құрал ретінде қарау.
«Әдебиет» пәнімен пәнаралық байланыс:
оқушылар сахнада сөйлеудің жоспары мен хронометражын құра білу.
«География» пәнімен пәнаралық байланыс:
экономика мен географияны оқып үйренуде деректер қорын қолдау құралы ретінде жасау.
«Биология» пәнімен пәнаралық байланыс:
объектілердің «жанды» графикалық бейнелерін визуалды өнімге, Web-беттерге орналастыру үшін қалыптастыру.
«Тарих» пәнімен пәнаралық байланыс:
әлемде және Қазақстан Республикасының болып жатқан тарихи жағдайларды программалау тілдерін дамытудың үдерісімен салыстыру;
3-D модельдеу және анимация шығу тарихының алғы шарттары.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнімен пәнаралық байланыс:
ақпаратпен жұмыс істеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу.
10-сыныптың оқу пәнінің базалық мазмұны
Кіріспе (1 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат):
әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар, білім беру ақпараттық ресурстары.
Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат):
программалаудың даму тарихы, программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі;
құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы және визуалды программалау.
Алгоритмдеу және программалау (17 сағат):
визуалды программалаудың технологиясы;
қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы;
терезелер, пішіндер және объектілер, процедуралар және функциялар;
оқиға, объект, қасиеті мен әдістері,жобаның интерфейсін құру;
қадамдап бөлу;
графикалық әдістер мен процедуралар;
объектілерді енгізу, анимация, мультимедиа.
Ақпараттық технологиялар (8 сағат):
3D-модельдеу және анимация;
виртуалдылық шынайы әлемді танып білу тәсілдерінің бірі;
3D-кеңістігінің бағдарына кіріспе;
орнын ауыстыру және өзгерту;
программа интерфейсі;
объектілері;
сығып шығару, бөлімшелер (subdivide), программада Булева операциялары, модификаторлар;
Mirror – айналық бейнелеу, программада объектілерді тегістеу, материалды қосу, материал қасиеті, Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар.
Жобалық іс-әрекет (4 сағат).
11-сыныптың оқу пәнінің базалық мазмұны
Кіріспе (1 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|