«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы Түсінік хат Оқу бағдарламасы



жүктеу 262,5 Kb.
бет1/3
Дата11.01.2020
өлшемі262,5 Kb.
#26312
түріБағдарламасы
  1   2   3

«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы

Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.

  3. Оқыту міндеттері:

  1. ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;

  2. есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  3. ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;

  4. программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;

  5. ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  6. жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;

  7. алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  8. қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;

  9. оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

  1. Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 6 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  3. 7 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  4. 8 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  5. 9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

  1. Информатика курсын оқыту үдерісінде басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асады.

  2. Математика пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды кодтау жасағанда сандық деректер типі туралы мағлұматты пайдалану;

  2. калькулятор арқылы есептеулер жүргізу;

  3. графикалық редактор және электрондық кесте арқылы функциялардың графиктерін салу.

  1. Алгебра пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. үдерістерді автоматтандыру үшін функция, формулалар, салыстыру операцияларын пайдалану;

  2. электрондық кесте арқылы есептеулер орындағанда математикалық білімдерін пайдалану;

  3. стандартты функциялармен амалдар орындағанда әртүрлі есептеулер ережелерін пайдалану;

  4. кестелік процессорда графиктерді салғанда координаталық жүйені пайдалану;

  5. есептер шығарғанда қолданылатын амалдарды іске асыру мақсатында негізгі кезеңдерді анықтау үшін математикалық логика элементтерін пайдалану;

  6. математикалық объектілерді зерттегенде ақпараттық көзқарасты пайдалану;

  7. программалау тілінде суреттерді салу үшін координаталық жүйені пайдалана отырып алгоритмдерді өндеу.

  1. Геометрия пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. векторлық графика объектілерін құруда геометриялық фигуралармен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану;

  2. әртүрлі құрылымдағы алгоритмдерді программалауда планиметрия формулаларын қолдану;

  3. геометриялық объектілерді модельдеу, геометриялық композицияларды құру.

  1. Физика пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. компьютердің архитектурасын, ақпаратты кодтау, санау жүйелерін, логика элементтерін қарастырғанда электр тоқ саласынан білімге тірек жасау;

  2. дыбыстың, бейненің және графиктің физикалық мәніне бағдар жасау;

  3. физикалық үдерістерді модельдеу үшін ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалану;

  4. алгоритмдерді өндеуде физикалық есептерді қарастыру;

  5. дербес компьютердің құрылымының жұмыс істеуінің физикалық принципі.

  1. Қазақ, орыс және шетел тілдерімен пәнаралық байланыс:

  1. информатика терминдерімен сөздік қорды байыту;

  2. мәтіндік материалдарды рәсімдегенде орфография және пунктуация ережелерін пайдалану;

  3. мәтіндік процессормен жұмыс істегенде ұлттық халық ауыз әдебиетімен байланысты мәтіндерді пайдалану;

  4. жоба қорғау барысында, жарыс сөздер және ауызша жауаптарда сөйлеу мәдениетін дамыту;

  5. операциялық жүйелерді және программалау тілін меңгеру барысында ағылшын тілін пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  6. программалау тілінің синтаксисін түсіну, компьютерлік технологияларды меңгеру, кең таралған әдебиеттерге еркін қол жетімдік;

  7. телекоммуникациялық ресурстар ағылшын тілін меңгеру құралы ретінде қарастыру.

  1. Биология пәнімен пәнаралық байланыс:

биологиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.

  1. Химия пәнімен пәнаралық байланыс:

химиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.

  1. Тарих пәнімен пәнаралық байланыс:

дербес компьютердің құралдарының дамуы мен шығуы және ақпараттарды өндеу әдістері.

  1. Бейнелеу өнері пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. жалпы ақпараттық мәдениет элементі ретінде эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;

  2. мәтіндік және графикалық редакторларын оқу барысында қазақ және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

  1. Сызу пәнімен пәнаралық байланыс:

мәтіндік және графикалық редакторларын оқығанда ұлттық және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

  1. Технология пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. есептеулерде және шамаларды өлшегенде алгоритмдерді пайдалану;

  2. ақпараттық іс-әрекет технологиясын меңгеру.

Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Кіріспе (1 сағат):

  • техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

  1. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат):

  • информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері;

  • ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

  1. Компьютер (9 сағат):

  • компьютер, компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері;

  • пернетақта;

  • программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі, операциялық жүйе ұғымы, операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері;

  • файлдар, бумалар және белгішелер, бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту,

  • объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою, ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар.

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (17 сағат):

  • қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау, графикалық редактордың сурет салу құралдары, суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс, масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау, баспадан шығару;

  • қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін ерекшелеу, мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац, графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру;

  • калькулятор, блокнот;

  • дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу.

  1. Жобалық іс-әрекет (4 сағат).


Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Кіріспе (1 сағат):

  • техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

  1. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (4 сағат) :

  • әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпарат қасиеті, ақпаратты қорғау;

  • вирусқа қарсы программалар, ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары.

  1. Компьютер (2 сағат):

  • есептеу техникасының даму тарихы, электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері;

  • компьютерлік техниканың даму үрдісі.

  1. Алгоритмдеу және модельдеу (8 сағат):

  • алгоритм және оның атқарушылары, алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар, алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер);

  • модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді;

  • модельдер түрлері.

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (15 сағат):

  • мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері;

  • қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар;

  • нөмірленген және маркерлеген тізімдер;

  • бағандар, беттердің параметрлері, жиек, алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару;

  • кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу;

  • графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру, суреттер мен жазуларды пішімдеу;

  • программа интерфейсімен танысу, презентациялар;

  • мультимедиялық презентациялардың конструкторы;

  • презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру, кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру;

  • анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету.

  1. Телекоммуникациялар (2 сағат):

компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, ауқымды ақпараттық желілер, интернет, интернетте ақпаратты іздеу, электрондық пошта.

  1. Жобалық іс-әрекет (2 сағат).



Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Кіріспе (1 сағат):

  • техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

  1. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат):

  • компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері;

  • сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару.

  1. Компьютер (3 сағат):

  • компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі, жады;

  • операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары.

  1. Алгоритмдеу және программалау (9 сағат):

  • программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі;

  • алфавит, программалау тілінің синтаксисі;

  • айнымалылар типтері;

  • арифметикалық өрнектерді жазу ережесі;

  • сызықтық алгоритмдерді программалау;

  • енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы.

  1. Ақпараттық модельдеу (2 сағат):

  • модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу.

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (14 сағат):

  • компьютерлік графика түрлері;

  • векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі;

  • векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі; фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін, мәтіндік блоктар құру;

  • растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері, растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері, түстер, салу құралдары, аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс, қабаттар, мәтінмен жұмыс.

  1. Жобалық іс-әрекет (2 сағат).



Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Кіріспе (1 сағат):

  • техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

  1. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (7 сағат) :

  • санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, он алтылық), сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару;

  • екілік арифметика;

  • логика және логикалық операциялар, ақиқат кестелері;

  • компьютердің логикалық негіздері.

  1. Компьютер (2 сағат) :

  • қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі;

  • компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер.

  1. Алгоритмдеу және программалау (10 сағат):

  • тармақталу операторлары;

  • күрделі шарттар;

  • циклдік алгоритмдер, циклдік алгоритмдерді программалау, тура және кері есепшоты бар циклдер;

  • циклдің алғы шарты, циклдің ілесу шарты.

  1. Ақпараттық модельдеу (2 сағат) :

  • компьютерде модельдерді зерттеу және модель жасаудың негізгі кезеңдері.

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (8 сағат):

  • электрондық кестелер, кестелік процессордың терезе интерфейсі, электрондық кестелердің негізгі ұғымдары;

  • деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу, толтыру маркері, формулаларды енгізу;

  • абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер;

  • функциялар, стандартты функцияларды пайдалану, диаграммаларды құру, кестені баспаға дайындау.

  1. Телекоммуникациялар (2 сағат):

  • компьютерлік байланыстың міндеті, компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары, жергілікті желі, ауқымды компьютерлік желі;

  • Интернет ресурстарына қол жетімдік, Интернет қызметтері.

  1. Жобалық іс-әрекет (2 сағат).



Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат):

  • компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.

  1. Компьютер:

  • қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісі, қызметтік программалар.

  1. Алгоритмдеу және программалау (16 сағат):

  • файл және оны баптау, құрылымдық мәліметтер;

  • салынған циклдер;

  • массив туралы түсінік, массивтерді өңдейтін стандартты алгоритмдер;

  • символдық жолдар, символдар бойынша жолдарды өндеу, символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция.

  1. Ақпараттық модельдеу (3 сағат) :

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (9 сағат):

  • деректер қоры, деректер қорының құрылымы, деректер қорының кестесі;

  • жазулар, жиектер, деректер типі;

  • кестелік процессор құралдарымен деректер қорының кестесін құру, іздеу амалдары, сұрыптау, қорытынды мәнің шығару;

  • видео ақпаратты өндеу, видео файлдардың пішімі, видеоны құру және өңдеу бойынша программалары, программа интерфейсі;

  • жобаны құру, ашу, сақтау, фильмді көрсету;

  • видео монтажы, анимациялар және визаулды әсерлер, дыбыстық әсерлерді баптау, бейнені шығару.

  1. Жобалық іс-әрекет (2 сағат).

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


  1. Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).

  2. Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі тиіс).

5-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

  1. қауіпсіздік техникасының ережесін;

  2. информатика пәні нені оқытатының;

  3. ақпарат түсінігін;

  4. ақпарат түрлерін;

  5. ақпаратты өңдеу тәсілдерін;

  6. ақпараттың өлшеу бірлігін;

  7. компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктерін;

  8. компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етудің міндеттері мен түрлерін;

  9. операциялық жүйе ұғымын;

  10. операциялық жүйеде жұмыс істеу тәсілдерін;

  11. операциялық жүйені басқару тәсілдері мен негізгі объектілерін;

  12. ақпараттарды тасымалдаушылар міндетін;

  13. графиктік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;

  14. мәтіндік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;

  15. мәтінде теру ережесін;

  16. мәтінді редакциялау және пішімдеу тәсілдерін;

  17. калькуляторда жұмыс істеу тәсілдерін;

  18. сандық, дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша бағдарламаларда жұмыс істеу тәсілдерін;

  19. мәтіндік құжатты рәсімдеу тәсілдерін.

5-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:

  1. қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;

  2. ақпараттың түрін анықтауды;

  3. ақпараттық объектілері мен процесстердің сандық параметрлерін бағалау, олар: ақпаратты сақтау үшін қажетті жады көлемін;

  4. компьютердің стандартты графиктік интерфейсін қолдануды;

  5. файлдармен, бумалармен, белгішелермен операциялар орындауды;

  6. қарапайым графиктік редактор құралдарымен графиктік объектілерді салуды;

  7. мәтіндік редактор құралдарымен мәтінді теруді, редакциялауды, пішімдеуді;

  8. аралас құжаттарды құруды;

  9. калькулятор арқылы есептеу нәтижелерін табуды;

  10. дыбыстық ақпаратты жазуды.


жүктеу 262,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау