Өткізу формасы:Жұптық
Бағалау критерийлері:Есептер шығару әдістерін меңгеруіне байланысты студенттерді бағалау.
Әдебиеттер [1]-[8], [1*]-[4*]
5-апта
№5 практикалық сабақтың тақырыбы: Қазіргі уақыттағы мектеп математикасына сыныптар бойынша талдау жасаңыз.
Сағат саны: 1
Мақсаты: Қазіргі уақыттағы мектеп математикасына сыныптар бойынша талдау жасау
Тапсырмалар: Қазіргі уақыттағы математика
Әдістемелік нұсқау. Оқушылардың сабақ үстінде материалды игеру сапасы мен ойлау белсенділігін арттыру үшін оқу қызметінің түрлерін ауық-ауық алмастырып отыру керек. Бірақ жөнсіз алмастыру оқушыларды ойлау қызметіне жұмылдыруға игі әсер етпейтінін ескерген жөн. Мәселен, мұғалім сабақтың басында өткен тақырыптар бойынша өздігінен орындайтын жұмыс беріп, содан кейін жаңа материалды баяндауға кіріссе, оқушылардың зейінін жаңа тақырыпқа аудару қиындык туғызуы мумкін.
Достарыңызбен бөлісу: |