Өткізу формасы:жұптық
Бағалау критерийлері: Факультативтік сабақ жүргізу әдістерін қолдану.
Әдебиеттер [1]-[8], [1*]-[4*]
8-апта
№8 практикалық сабақтың тақырыбы: Даралап және саралап оқыту
Сағат саны: 1
Мақсаты: Оқытудың әдістерін меңгеру. Даралап және саралап оқытуын әдісін үйрену.
Тапсырмалар:
1.Даралап оқыту әдісі
2.Саралап оқыту әдісі
3.Оқыту әдісінің бір бірімен байланысы.
Әдістемелік нұсқаулар Өткен ғасырдың 30-жылдарында Америкада, ал 60-жылдары білім беру мен оқытуда саралау үрдісі кеңінен етек алғаны мәлім. Бұл үрдіс бүгін таңда Қазақстан мектептеріне келіп жетті. Бүкіл әлем мектептерін даралап, саралап алмайтынымыз анық.Оқушылардың бейімділігін, қызығуын, үлгерімін анықтай отырып, оқыту яғни саралап оқыту қазіргі мектептердің даму бағытына айналып отыр. Саралау – оқу мекемелерінің түрлеріне, бір мектептің кәсіби бағдары мен өз ішіндегі ағымына және сыныптағы топқа бөлінеді. Білім беруде, саралап оқытуда қарама-қайшылық та кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |