Информационное письмо


Қорғалған кіретін және шығатын есіктер



жүктеу 1,13 Mb.
бет24/106
Дата21.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#33979
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   106
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.

2. Қорғалған кіретін және шығатын есіктер. Есіктердің саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 300 адамға дейінгі панаханада бір кіретін есік ұстауға рұқсат етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде апаттық шығатын есік ретінде қызмет етуі қажет. Кіретін есік жасырынатындардың негізгі тобының қозғалысын ескере отырып, панахананың қарсы жағына орнатылады.Панаханаға өтетін барлық кірер есіктер (тамбуршлюздері барынан басқалары) ол жер арқылы радиоактивтік және улағыш заттардың, биологиялық құралдар және өрт кезінде жанатын өнімдердің түсуінен қорғайтын тамбурлармен жабдықталуға тиіс. Тамбурдың сыртқы қабырғасына қорғағыш қымталған есік, ішкі қабырғасына қымтылған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.Панахананың апаттық шығар есігі тоннель түрінде жасалады, ол панахананың төбесін жапқан үйіндіден ары шығады және баспалдағы бар тік шахтамен аяқталады. Панаханадан тоннельге өтетін есік тиісінше қабырғаның ішкі және сыртқы жақтарына орнатылатын қатты қымтылған қақпақпен жабдықталады. Авариялық шығаберістердің баулықтары ғимарат биігінің кемінде жартысын, яғни кемінде 3 м қашықтыққа қоршаған ғимараттардан алшақ болуы тиіс. Қақпағының биіктігі 1,2 м қабырғаға ішке қарай ашылатын қаңылтыр тормен жабдықталған ойық істелінеді. Биіктігі 1,2 м төмен жерге төмен қарай ашылатын металл тор орнатылады. Барлық панаханаларда кіреберіс пен сыртқы есіктегі көрнекті жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қозғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі.

8 дәрістің тақырыбы: Жеке қорғаныс құралдары

Терминдер мен анықтамалар:

Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер).

1. Газқағарлар, оның жіктелуі, құрылысы

2. Респираторлар, мақталы-дәкелі таңғыштар

3. Қорғаныс киімдерінің жіктелуі мен маңызы

4. Жеке қорғаныстың медициналық құралдары ( ЖА-2, ЖЗП-8)

Жеке қорғаныс құралдарын үш түрге бөледі:


  1. тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдар

  2. теріні қорғайтын құралдар.

  3. медициналық құралдар.

Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдар (газқағарлар) тек қана улы заттармен жұмыс жасайтын әскерилерге ғана емес, сондай-ақ күшті әсер ететін улы заттарды дайындайтын немесе қолданатын өндіріс орындарында пайдаланылады. Құтқарушылар, уланған және қатты түтінді ғимараттарда жұмыс жасайтын өрт сөндірушілер газқағарлар киіп жұмыс жасайды. Өзінің қорғаушы әрекетіне қарай газқағарлар сүзуші және айырушы болып жіктеледі. Сүзгілі газқағарларда тыныс алатын ауа улы, күшті әсер ететін заттардан, радиоактивті шаңдардан, бактериальды аэрозольдерден тазартылады. Айырушы газқағарларда тыныстау газқағар ішінде болатын оттегінің қоры есебінен жүзеге асады. Мұндай типті газқағарлар сүзгілі газқағарларды қолдану мүмкін болмаған кездерде (ауадағы оттегі жеткіліксіз болғанда, улы және басқа да зиянды заттардың концентрациясы белгісіз болған жағдайда) пайдаланылады.

ГП-7 азаматтық газқағары - соңғы үлгідегі модельдердің бірі. Нақты жағдайда ол нервтік-параличтік әсері бар улы заттардан (зарин, зоман, т.б.), жалпы улау әсері бар заттардан (хлорциан, синиль қышқылы), радиоактивті заттардан (радионуклидтер, йодты метил және т.б.) 6 сағатқа дейін сенімді қорғайды. Теріге әсер ететін улы заттардың тамшыларынан (иприт) -40 0С 40 0С дейінгі температурада 2 сағатқа дейін сақтайды.

ГП-7В газқағары ГП-7 газқағарынан ерекшелігі оның беткі бөлігінде су қабылдауға арналған құрылғысы бар. Маска арқылы резеңке түтік өтеді. Оның бір ұшын аузына салып, екінші жағынан суы бар ыдысқа салып, газқағарды шешпестен су ішуге болады.

ГП-7ВМ газқағары ГП-7В газқағарынан ерекшеліге сол, оның маскасында иілген әйнектен тұратын көзілдірікті түйіндері бар. Оның көмегімен оптикалық құралдармен жұмыс істеуге болады.

Балалар газқағарлары: ДП-6М (жас жарымнан жоғары жастағы балалар үшін) ДП-6М типті жеңіл сүзгілі-жұтқыш қорапшадан және МД-1 төрт размерлі (1,2,3,4) маскадан тұрады. Ересек балаларға арналған ДП-6 газқағары үлкен размерлі сүзгілі-жұтқыш қорапшадан, ал беттік бөлігі тек 5-ші размерлі МД-1 маскасынан тұрады. ПДФ-7 – кіші және ересек жастағы балаларға арналған газқағары да ересектерге арналған ГП-5 газқағары секілді сүзгілі-жұтқыш қорапшадан, ал беттік бөлігі барлық 5 размерлі МД-1 маскасынан тұрады. ПДФ-Д газқағары 1,5-7 жасқа дейінгі балаларға арналған.

ГП-4У сүзгіш газқағары газқағарлық қорапшадан және беттік бөліктен тұрады. Газқағарды сөмкеде алып жүреді. Қорапшада зиянды ластанған ауа тазартылады. ГП-5 газқағары қорапшадан және беттік бөліктен тұрады. Комплект құрамына көзілдірік әйнектерін терлеуден сақтайтын терлетпейтін пленкалы қорапша кіреді.

ИП-4, ИП-46 айырушы газқағарлары немесе оттекті айырушы газқағарлары тыныс алу органдарын толықтай сыртқы ауадан оқшаулап тастайды. Тыныс алу оттекті баллонан келетін оттек есебінен жүзеге асады. Мұндай газқағарлар улы заттар концентрациясы жоғары болғанда, қоршаған ортадағы ауа мөлшері жеткіліксіз болғанда, көміртек оксидінің концентрациясы жоғары кезде және аммиак болған кезде қолданылады. КИП-5, КИП-7, КИП-8 газқағарлары сығылған оттегімен, ал ИП-4, ИП-46 газқағарлары химиялық байланысқан оттегімен жұмыс істейді.


жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   106




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау