инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу үшін қатысушы мен консалтингтік компания арасында жасалған шарттың көшірмесі; инвестициялық жобаның кешендік жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу бойынша көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесі; инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу бойынша көрсетілген қызметтердің жалпы сомасына арналған шот-фактураның көшірмесі; инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу бойынша көрсетілген қызметтердің жалпы сомасына арналған төлем тапсырмасының түпнұсқасы. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы қойылған белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
3. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25, «Аңсар» бизнес орталығының ғимараты, 207/211/212- бкабинет мекенжайы бойынша не Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1711-кабинет, телефоны: 8 (7172) 75-48-60, 75-48-62 мекенжайы бойынша немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1012-кабинет, телефоны: 8 (7172) 75-43-23, 75-43-27 мекенжайы бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымды қабылдауды растау болып табылады.
Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің не Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Мыналардың интернет-ресурсында орналастырылған:
Министрлік - www.mid.gov.kz;
Комитет - www.comprom.gov.kz;
Көрсетілетін қызметті беруші - www.kidi.kz, www.pp2020.kz.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 26-66-96 (ішкі, 1059, 1027, 1058, 1023, 1022).
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
«Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жасау үшін шығындардың бір бөлігін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша
«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ
______________________________________
(мемлекеттік қызметті алушының толық атауы)
Мекенжайы___________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон)
Көрсетілетін қызметті алушының деректемелері______________________
(ЗТ/ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №, БСН, ЖСН)
Нысан
Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жасау үшін шығындардың бір бөлігін төлеу үшін берілетін
ӨТІНІШ
Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу (сараптама) үшін қаражат аударуды сұраймын.
Қосымша: ___ парақ.
инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізуге өтініш беруші мен консалтингтік компания арасында жасалған шарттың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі (__парақ); инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу бойынша көрсетілген қызметтер актісінің түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі (__парақ); инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу бойынша қызметтердің жалпы сомасына арналған шот-фактураның түпнұсқасы (__парақ); инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу бойынша қызметтердің жалпы сомасына арналған төлем тапсырмасының түпнұсқасы (__парақ).
Басшы ______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
мөр
Достарыңызбен бөлісу: |