152
«Ақпарат» түсінігінің көпқырлығы мен көпмазмұндылығы оны
жалпы ғылыми категория, әмбебап (универсальді) субстанция ретінде
сипаттайды. «Ақпарат – генерализациялы-фундаментальді түпнегіз (ауа,
су, жер, сәулелер, ғарыштық сәулелер) кодтық-ұялық кеңістіктің
заттануы мен дематериализациясы арқылы пайда болады».
Ақпараттың
негізгі қасиеттері: мінсіздік, қабылдағыштық,
сарқылмаушылық,
тасымалданушылық,
әмбебаптық,
жоғары
жылдамдықта тасымалдауда қысылу қабілеті, толымдық, қол жетімділік,
актуальдығы.
Сонымен, ақпарат – күрделі, көп қырлы құбылыс. Информатика,
кибернетика (грек тілінен аударғанда басқару шеберлігі) – күрделі
динамикалық жүйелерді басқару заңдылықтарын зерттейтін ғылыммен
өте тығыз байланысты. Бұндай жүйелер қатарыда тірі ағзалар да,
әлеуметтік
және
техникалық
құралдар
да
қарастырылады.
«Кибернетика» терминін алғаш рет ғылымға енгізген француз математигі
және физигі А.Ампер өзінің ғылымдар классификациясында қоғамды
басқару ғылымы түрінде қолданған. 1948 жылы Н.Винер кибернетиканы
басқару туралы теориялық түсініктердің жиынтығы деп қарастырды.
Оның «Кибернетика және қоғам» еңбегінде басқару үрдістерін
оңтайландыру үшін автоматты жүйелерге көп көңіл бөлініп, тек басқару
туралы емес, қоғамды компьютерлендіру мәселелері де көтеріле бастады.
1950-60 жылдары кибернетиканың дамытқан Ресей академиктері
А.И.Берг пен В.М.Глушковтар халық шаруашылығы мен мемлекеттің
қорғаныс қабілетін күшейту үшін компьютерлендіру мен байланыс
желілерін дамыту қажеттілігін дәлелдеді. М.В.Ломоносов атындағы
Мәскеу мемлекеттік университетінде И.Г.Петровский мен А.Н.
Колмогоровтардың ат салысуымен кибернетика және есептеуіш техника
факультеті ашылды. Содан кейін осындай сипаттағы факультеттер мен
бөлімдер Ресейдің алдыңғы қатарлы техникалық ЖОО-нда ашылды.
1983 жылы наурызда СССР Ғылым Академиясының Жалпы жылдық
жиналысының шешімімен Академияның жанынан информатика,
есептеуіш техника мен автоматтандыру бөлімі құрылды.
Кибернетиканың негізінде жүйелер мен ақпараттың жалпы
теориясы жатыр. Есептеуіш техниканың, роботтехниканың дамуымен
көптеген мәліметтер жинақталып, кибернетиканың бірыңғай теориялары
жасалды. «Кибернетиканың мақсаты – байланыс пен басқарудың тілі мен
техникалық құралдарын шығару, сонымен қатар олардың спецификалық
көріністеріне түсінік беру үшін тиісті идеялар қорын табу»,- деп
кибернетиканың негізін салушы Винер жазған. Кибернетикада жүйе –
бір-бірімен байланысты бөлшектердің жиынтығы, ал ақпарат – жүйенің
келесі бір жүйеде көрініс табуы. Мұндай көрініс физикалық бөлшектер
мен құбылыстар негізінде жасалады. Бірақ мұндай ақпарат физикалық