146
7.2 Адам және Әлем.
Антроптық ұстаным
ұшырасады. Келесідей мәселелер талқылануда: уақыттың нақты
моментін бөлу негіздері, оның бағыттылығы, анизотроптығы, қайта
оралмаушылығы,
әмбебаптылығы
т.б.
Күрделі
жүйелердегі
(биологиялық,
физикалық, әлеуметтік) уақыт ерекшелігі аз жетілген.
Әлем моделін жасауда зор рөл атқаратын тұрақтылар –
гравитациялық тұрақтылық, Планк тұрақтысы, жарық жылдамдығы,
материяның орташа тығыздығы, кеңістік-уақытты өлшеу саны. Осы
тұрақтыларды зерттей келе, космологтар мынандай қорытынды
жасады: бұл константалардың басқаша мәнінде әлемде материяның
күрделі түрлері тұрмақ,
тіршілік, ақыл-ойдың болуы мүмкін емес.
ХХ ғ.-дың басында ғалымдар
дүниенің өлшемдерін зерттей келе,
үлкен сандарды (мысалы, 10
20
, 10
100
т.б.) ашты, бұлар қазіргі физика тұрғысында «өлшеусіз» болып
көрінді. Ешқандай математикалық теорияда мұндай үлкен сандар
шешім ретінде көрінген емес. Үлкен сандар мәселесінің әдемі шешімін
ағылшын физигі, квантты физиканың негізін салушылардың бірі
П.Дирак ұсынды. Ол барлық үлкен сандарды космологиялық уақытпен
байланыстырды, Дирак пікірінше, барлық үлкен сандар Әлемнің өмір
сүру уақытымен анықталады, әрі сонымен бірлесе өзгеріске ұшырайды.
Дирактың гипотезасы антроптық бағдарламаның жасалу көзіне айналды.
1960 ж.-ры ол ғылыми қауымдастықта қызу талқыланды. Дирактың
үлкен сандар мен космологиялық уақыт арасындағы тәуелділік
мәселесіне әйгілі американдық физик Р.Дикке назар аударды.
1961 жылы Дикке мынандай сауал қояды: біздің дәл осы дәуірде
өмір сүруіміздің себебі бар ма, әлде бұл кездейсоқтық па? Мұнда
адамның бақылаушы ретіндегі мәселесі анық көрінеді, және физикалық
дүниенің
құрылымы
адамның
тіршілік
ету
фактісімен
байланыстырылады. Біз белгілі бір сипаттағы үрдістердің куәсіміз,
өйткені басқа сипаттағы үрдістер куәларсыз өтеді.
Күшті антроптық ұстаным (АҰ) анағұрлым мазмұнды (әрі
тартысты) болып келеді, оны жақтаушылар дәстүрлі түсініктерден бас
тартып, бейклассикалық физика ұстанымдарымен сәйкес принциптерге
ғана сүйенді. Кванттық механика бойынша, нысанның қасиеттері оны
өлшеген сәтке дейін болмайды. Бақылаушы мұнда Әлем дамуы
барысында жүзеге асырылатын мақсат деп қаралады. Күшті АҰ мазмұны
жағынан теологиялық және телеологиялық идеяларға жақын. Ондағы
философиялық, дүниетанымдық және физикалық дәлелдер бір-бірімен
жымдасып кеткен, оларды тек шартты түрде ғана бөлуге болады.
Күшті АҰ.-ң өкілі американдық космолог – Ф.Хойл. Жердегі
тіршілікте шешуші рөлге ие көміртегі туралы ой оған қызық жағдайды