Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет51/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89

 
 
140 
көзқарас  дүние  пайда  болуының  фундаментальды  сипаттамалары 
ретінде тұрақсыздықты мойындаумен сипатталады. 
Синенергетика  жүйелердің  екі  типін  бөліп  қарастырады  – 
дискретті және қатаң. 
Дискретті  жүйелер  –  ортаға  жалпы  қатынасымен  бірігетін 
біргелкі    және  салыстырмалы  бірін-бірі  алмастырмайтын,  жеке 
элементтерден 
қалыптасады. 
Биологияда, 
мысалы 
біргелкі 
жасушалардың жүйелері.  
Қатаң жүйелер – бұл иерархиялық жүйелер, мұнда бір элементтің  
өзгеруі  жүйенің  басқа  бөлшектерінің  өзгеруіне  әкеледі.  Мұндай 
жүйелер элементтерде жүйелер әр түрлі, бір  - біріне бағынады және 
бір  –  бірімен  тығыз  байланысты.  Биологияда  бұндай  мүшелер  – 
жүрек, ми, организмнің жеке кез-келген жасушасы және жалпы бүтін 
организм.  Әлеуметтік  салада  бұл  иерархиялық  құрылымдар. 
Биологиядағы  қатаң  жүйелерді  байқау  өмірді  құрудың    және  оның 
ұйымдасуын  жоғарылатудың  басты  себебі  қатаң  жүйелермен  
байланысты  екенін  көрсетеді.  Сонымен  жүйелердің  екі  типі  де, 
әрқайсысы өз алдына қажет. 
Қатаң  жүйе  элементтерінің  тығыз  ішкі    байланысы  арқылы    бір 
буынның  алынуы  жағдайында  әлсіз  болады,  сондықтан  олардың 
комбинаторика немесе жеке элементтерді жасауға қабілеті жоқ. Өзін - 
өзі ұйымдастыратын жүйелердің сипатты белгілері:  
 
өзін - өзі ұйымдастыратын жүйе ашық болуға тиісті, себебі 
ашық  жүйе  термодинамиканың  екінші  заңына  сәйкес  максималды 
ұйымдаспау жағдайынан өтуге тиісті; 
 
ашық  жүйе  термодинамикалық  тепе–теңдік  нүктесінен 
алшақ  болуға  тиісті.  Егер  жүйе  тепе–теңдік  нүктесінде  болса,  онда 
оған максималды энтропия тән болады, сондықтан ұйымдасу қабілеті 
орын алмайды; 
 
егер  жүйе  үшін  реттемелі  қағида  энтропия  немесе 
эволюция  болса,  онда  өзін-өзі  ұйымдастыруының  фундаментальды 
қағидасы – флуктация арқылы реттелік пайда болады; 
 
динамикалық  тепе–тең  жүйелерге  негізделетін  кері 
байланыс  қағидасының  айырмашылығы  сызықта  оң-кері  байланыс    
диаметралды  кері  қағидасына  негізделеді.  Осы  қағидаға  сәйкес 
жүйедегі  пайда  болған  өзгерістер  жойылмайды,  керісінше 
жинақталып күшейеді. 
 
 
 
 


 
 
141 
7 ТАРАУ.    АСТРОНОМИЯ МЕН КОСМОЛОГИЯНЫҢ  
                        ФИЛОСОФИЯЛЫҚ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
    Астрономия 
–  ғаламдағы  ғарыштық  денелер,  олардың 
құрылымы, құрылысы, дамуы туралы ғылым. Ең көне ғылымдардың 
бірі  адамның  іс-жүзіндегі  мұқтажадықтарының  негізінде  пайда 
болды:  кеңістікті  игеру,  теңіз  жолына  шығу,  уақытты  өлшеу  т.б. 
Қазіргі  астрономияның  қалыптасуы  ІІ  ғ.-ғы  Птолемей  шығарған 
әлемнің  геоцентристік  жүйесінен  бас  тартып, орнына Н.Коперниктің 
гелиоцентристік  жүйесінің  келуімен  тығыз  байланысты.  Коперникті 
қызу қуаттаған Г.Галилей еді.  
     Галилейдің 
телескоптық  зерттеулері  мен  И.Ньютонның 
бүкіләлемдік  тартылыс  заңын  ашуы арқылы астрономияның ғылыми 
дәрежесі  анықталды.  ХҮІІІ-ХІХ  ғ.-да  астрономия  Күн  жүйесі, 
галактика,  жұлдыздардың  физикалық  табиғаты,    ғаламшарлар  және 
басқа да ғарыштық денелер жөнінде мәліметтер жинақтады. 
     ХХ  ғ.-ғы  ғылыми-техникалық  төңкеріс  астрономияның  жалпы 
дамуына  үлкен  үлес  қосты.  Оптикалық  және  радиотелескоптардың 
шығуы,  зымырандар  мен  жасанды  жер  серіктерін  жасау  – 
радиогалактикалар,  квазарлар,  пульсарлар,  рентген  сәулелерін  т.б. 
жаңа  ғарыштық  денелердің  ашылуына  әкелді.  Жұлдыздар  дамуы 
теориясының негіздері мен Күн жүйесінің космогониясы жасалды. 
     Қазіргі кезде астрономияның бірнеше салалары белгілі, мысалы: 
аспан  денелері  мен  ғарыш  кеңістігіндегі  физикалық-химиялық 
үрдістерді  зерттейтін  астрофизика,  галактикаларды  зерттейтін 
жұлдыздық  астрономия,  аспан  денелерінің  қозғалысын  зерттейтін 
механика,  ғарыш  нысандарын  зерттейтін  атмосферадан  тыс 
астрономия,  астрономиялық  құралдар  және  оларды  қолдануды 
зерттейтін – практикалық астрономия. 
     Космология  –  Әлемнің  эволюциялық  теориясы,  астрономиялық 
зерттеулерді  жүргізудің  мүмкін  бөлігін  қарастыратын  сала. 
Космологияның 
теоретикалық 
бастауы 
құрамына 
негізгі 
философиялық  теориялар  (қатысымдылық,  өріс  теориялары  т.б.), 
математикалық  аппарат  және  философиялық-әдіснамалық  негіздер 
кіреді. 
      Космология  нысанының  статусы  –  Әлем,  ол  бір  жағынан 
ғылыми  және  философиялық  жарыссөздердің  пәні,  екінші  жағынан, 
бүкіл  кеңістіктік-уақыттық  бөлікті  қамтиды.  Әлемді  тек  тікелей 
әдістермен  зерттеу  мүмкін  емес,  шешуші  мәнге  эксраполяция, 
модельдеу, математикалық болжамдар, салыстырмалы-тарихи әдістер 
ие.  Бұл  әдістер  терең  философиялық  негіздеу  мен  түсіндіруді  талап 
етеді. 


 
 
142 
7.1   Әлем туралы  
ойлардың дамуы.  
   Әлемнің моделі 
 
      Қазіргі  космология  жаңа  ашылулар  дәуірін  бастан  кешіп  отыр. 
Оның  ауқымы  Галилей  заманындағы  жаңалықтармен  пара-пар.  Олар 
әлемнің  ғылыми  келбетін  өзгертуде  радикалды  жаңартуларға  әкеп 
соқтырды. Кванттық космология мегаәлем шекарасын кеңейтіп біздің 
мегагалактика  Ғаламдағы  көптеген  галактикалардың  бірі  ретінде 
танылады.  Ғарыш  нысандарын  зерттеу  негізінде  жаңадан  көптеген 
теоретикалық көзқарастар мен идеялар туындап отыр. 
     Сонымен,  әлем  моделін  жасауда  шешуші  рөлді  келесідей 
тұрақты  заттар  (константалар)  атқарады:  гравитациялық  тұрақты, 
Планк  тұрақтысы,  жарық  жылдамдығы,  материяның  орташа 
тығыздығы, т.б. Константаны табу әлемнің күрделі  өзін-өзі реттеуші 
жүйелерінің өмір сүруі үшін басты шарт болып табылады. 
 
Әлем  туралы  ой-толғамдар  ежелгі  миф-
терден  бастау  алады.  Кез-келген  халықтың 
мифологиясында елеулі орын әлемнің пайда 
болуы,  құрылымы,  өзара      байланысы, 
ақыры туралы мифтер алады.  Көптеген ежелгі мифтерде әлем мәңгілік 
емес,  ол  түпнегіз  күшімен,  әдетте  су  немесе  хаостан  жасалған.  Әлем 
біртұтас,  оның  күллі  бөлшектері  бір-бірімен  байланысты,  құбылыстар 
бірінен  соң  бірі  кезектесіп  отырады  (қыс  пен  жаз,  күн  мен  түн).  Бұл 
әлемдік  тәртіп  хаосқа  қарсы  қойылады.  Әлем  кеңістігі  шектеулі. 
Жоғарғы  күштер  (көбіне  құдайлар)  әлемді  жаратушы  немесе  тәртіп 
орнатушы  кейпінде  көрінеді.  Мифтерде  әлем  құрылымы  көпқабатты: 
жоғарғы  және төменгі  әлемдер бар,  әлемнің осі  –  ағаш не таулар,  әлем 
орталғы – ерекше қасиетті жер. Адам – бүкіл ғарыштың аналогы. Ежелгі 
мифтер моделінде адам ешқашан орталық орын алмайды.  
     Б.з.д. 
ҮІ-Ү 
ғ.-да 
Ежлгі 
Грецияда 
әлемнің 
алғашқы 
натурфилософиялық  модельдері  жасалды.  Бұл  модельдерде  ғарыш 
түпкілікті  түсінік  ретінде  біртұтас,  әдемі  болып  көрінеді.  Әлем  қашан 
пайда болды, неден құралған, қалай өзгереді деген сұрақтардың жауабы 
бейнелі  емес,  абстрактілі,  философиялық  тілмен  беріледі.  Түпнегіз 
ретінде  жекелеген  стихиялар  (су,  ауа,  от  –  Милет  мектебі  мен 
Гераклитте),  стихиялар  жиынтығы,  бөлінбейтін,  қозғалыссыз  ғарыш 
(элеаттарда),  онтологияланған  сан  (пифагоршылдарда),  атомдар 
(Демокритте). Көптеген модельдерде маңызды орында қозғалыс тұрады. 
Космос  бірыңғай    заң  –  Логос  бойынша  құрылған,  адам  –  микрокосм, 
осы заңға бағынады. 
  Антика  кезеңіндегі  көзқарастардың  шыңы  –  Аристотель  моделі. 
Аристотель бойынша, Әлем: 
-  бәрін 
қамтушы  тұтастық,  ол  қабылданушы  денелердің 
жиынтығынан тұрады; 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау