Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет59/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   89

 
 
162 
анықталады. Ол басқасын терең танымдық-теоретикалық мәселе ретінде 
жету  мүмкіндігін  белгілейді;  «түсіну  мүмкіндігінің  шарты  бойынша 
өзгенің жекеленуін көрсету түсінуші субъектіде жоқ нәрсе болуы мүмкін 
емес».  
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның пәндік құрылуының алғашқы 
сәтінен бастап және олардың дамуының түрлі деңгейлерінде әлеуметтік 
ғылымды  жаратылыстанумен  салыстыру  маңызды  рөл  атқарады. 
В.Дильтей  әлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдарда  процедура  да,  таным 
нәтижелері  де  танушы  субъектіге,  оның  ішкі  дүниесіне  байланысты 
деген  фактіні  келтіреді;  таным  үрдісінде  субъект  өзінің  кешкен  өмірін 
бақылаудағы әлеуметтік құбылыстарға айналдырады.  
Дильтей  түсінік  берушінің  өзінің  жеке  ішкі  әлемін  ұғу  керектігіне 
назар  аударады  және  оның  ойынша  бұл  интроспекция,  яғни  өзін-өзі 
бақылаудың  нәтижесінде  болатын  іс;  бұның  бәрі  әлеуметтік 
құбылыстарды тек суреттеуге ғана мүмкіндік береді, ал ол кезде табиғат 
туралы  ғылым  да  түсінік  (түсіндірме)  бар:  табиғи  құбылыстардың 
себептерін  іздестіру;  рух  туралы  ғылымның  міндеті  ретінде  ол 
әлеуметтік-тарихи шындықты, оның ұғымын және түсіндірмесін бастан 
өткеру деп білген. 
М.Вебер  Дильтейдің  танушының  белгілеуіне  гуманитарлық 
танымның  тәуелділігі  туралы  тезисін  осы  тәуелділікті  зерттеушінің 
құндылықтарымен  байланыстыра  отыра  күшейте  түседі;  гуманитарлық 
танымға  тек  кейбір  құбылыстарды  ғана  зерттеу  жатады  деген  дұрыс 
емес, оған бір мезгілде құрылу, мағына, құндылықтар енгізіу де жатады. 
Құндылықтар  әлеуметтік  үрдістерді  реттеу  және  бағалаудың  неғұрлым 
жалпы  қағидасы  болып  табылады,  олар  сонымен  бірге  әлеуметтік 
шындықты танудың үйлестірушісі мен құрамдас бөлігі болып есептеледі.  
Ғылымның  қазіргі  философиясында  жаратылыстану  ғылымдарын 
дамыту  үшін  құндылықтардың  барлық  рөлін  ұлғайту  негізге  алынады, 
бірақ,  десек  те,  әлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдар  үшін  де  үлкен 
маңыздылық 
көрсетіледі. 
Ғылымда 
нормалар 
мен 
идеалдар, 
құндылықтардың  болуы  дәстүрлі  түрде  екі  деңгейде  қарастырылады:         
а) ғылыми білімнің әртүрлі нысанындағы объектілерді бағалау және іске 
асыру  үрдісін  реттейтін  жеке  танымдық  құрылымдар;  ә)  құқықтық 
дамудың  белгілі  бір  сатысында  мәдениет  пен  қоғам  үшін  оның 
құндылықтары және ғылымын тіркеп отыратын әлеуметтік нормативтер. 
М.Вебер  әлеуметтік  үрдістерден  тікелей  және  тура  байланыстарды 
қарауға  тырысты,  ол  логика  мен  білімді  олардың  басты  құндылықтар 
(немесе рационалдылық типтері) динамикасымен бірге жанастыра отыра 
ашып  көрсетеді.  Ол  қоғамды  оның  ұйымдасуы,  мақсаты,  уәждері, 
қозғаушы  күші  тарапынан  жүйе  ретінде  қарастырады:  ол  әлеуметтік 
білімде  идеалды  әлеуметтік  типтер  (әрекет,  иелік  (құдайшылдық),  дін) 


 
 
163 
бөлінісін  жасап  шығарады,  оның  негізгісі  уәждену  болып  табылады. 
Вебер  үшін  гуманитарлық  ғылымның  идеалды  объектілері  ерекше 
мәртебеге ие: бұл шындық бейнесі емес, зерттеушіге зерттеудің мақсаты 
мен  таңдалған  көзқарасына  сәйкес  эмпирикалық  материалдарды 
кестелеуге 
мүмкіндік 
беретін 
идеалды-типтік 
құрылым 
(«конструкциялар», «түсініктер»)  
В.Виндельбанд  және  Г.Риккерт  сынды  неокантианттықтардың 
ойынша,    қоғамдық  құбылыстар  объективті,  ортақ  белгілер  арқылы 
түсінідіріле  алмайды,  өйткені  әлеуметтік  әлемде  кездейсоқтық  билік 
етеді, бұнда барлық құбылыстар жеке қайталанбас сипаттамаға ие;  олар 
әлеуметтік 
құбылыстардың 
жекелігі 
мен 
қайталанбастығыны 
құндылықтармен байланыстырды. 
Виндельбандттың  пікірінше,  тарихи  үрдіс  саяси,  әлеуметтік, 
экономикалық  өмірдің  қиындық  тудырған  мәселелерінен  шығып 
отырған жаңа құндылықты уәждердің құрылуы мен құлдырауынан басқа 
ештеңе болуы мүмкін емес. 
В.Виндельбанд және Г.Риккерт әдіснаманың екіжақтылығын жалпы 
танымға және қоғамтануға негіздейді; олар таным түрлерін пән бойынша 
емес,  әдіс  бойынша  бөліп,  қарама-қарсы  қояды:  жалпылаушы  әдіс  біз 
«табиғат» деп атап жүрген пәнді қалыптастырады, ал жекелендіру әдісі 
біз  «мәдениет»  (номотетикалық  және  идиографикалық  әдіс)  деп  атап 
жүрген  өмір  саласын  (және  оның  ерекше  көрсеткіштерін)  көрсетеді; 
бөлудің  әдіснамалық  сипаты  бар,  ол  тек  қоғамдық  ғылымдар  мен 
жаратылыстанудың айырмашылығын көрсетуге қатысты емес, сондай-ақ 
«қоғамдық  білім»  жағдайларына  да  таралады,  онда  жалпылаушы  да, 
жекелендіруші  де  пәндер  көрсетіледі;  бұл  әдіснама  жеке  пән 
түсіндірмесінде  қолданыла  алады;  бұл  әдіснама  кез  келген  қоғамтану 
пәні жалпылама және жекелендірілген бола алады дегенді білдіреді. 
Әлеуметтік үрдістерді зерттеуде әмбебап әдіснаманың алға жылжуы 
М.М.Бахтиннің зерттеулерінен көрінеді. Ол үшін гуманитарлық ғылымда 
объект мен субъект бір реттің құбылыстары болғандықтан, осы саладағы 
таным  процедурасының  өзі  кей  кезде  диалогтік  (табиғат  туралы 
ғылымдардың  монологтігіне  қарағанда)  болып  келеді;  танымдық 
диалогта  бір  жағынан  танушыны  («бөтеннің  бөтендігін»  жеңу) 
жақындату керек, яғни оның көздегенін, ішкі дүниесін, әрекетін және т.б. 
түсіну,  сонымен  қатар,  зерттеліп  отырған  нысанға  («бөтеннің  таза 
өзіңдікіне» айналуына жол бермеу) бұрмалау қоспау. 
М.М.Бахтиннің  шығармашылығындағы  гуманитарлық  таным 
диалогтік  сөйлесу  мен  арақатынастың  белсенді  үрдісі  ретінде 
көрсетіледі.  «Рух  туралы  ғылымдар,  нысаны  –  бір  ғана  емес,  ал  екеуі 
«рухтікі»  (бір  рухқа  қиысуға  болмайтын  зерттелуші  мен  зерттеуші). 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау