209
14.1
Тілдің
қоғамдық-әлеуметтік
мәні мен қызметі
14 ТАРАУ. ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Негізгі мәселесі мен басты бағыттары төмендегідей болады. Тіл
философиясы филологиялық білімнің саласы ретінде. Тілдің
Хайдеггерлік онтологиясы: алдын-ала түсіну. Ф.де Соссюрдің белгі
жөніндегі ілімі. Х.Г.Гадамердің герменевтикалық ортасы. Ж.Деррида
концециясындағы хат және сөз. Вербальды және вербальды емес тіл.
Қазіргі философиялық проза проблемасы. Философиялық проза
жанрлары. Философиялық тарихи роман.
Тілдің тарихи генезисі және таным. Тілдің шығуы жайлы
теориялар. Тіл және әрекет. Сөз және хат. Сана және тіл. Тіл және
мәдениет: символикалық функция. Тіл және өнер: поэтикалық
функция. Тіл және қарым-қатынас: коммуникативтік функция.
Түсінік проблемасы: тілдің герменевтикалық функциясы. Мән және
мәнсіздік. Шындықтың семантикалық теориясы. Тілдік қолданудың
тәсілдері. Сөз сөйлеу теориялары.
Тілдің феноменологиялық және герменевтикалық теориялары.
Феноменологиядағы мағына проблемасы. Тіл және әлем көрінісі.
Болмыс және тіл. Тіл және тарихи дәстүр. Түсінік және қайта
әсернеушілік. Герменевтика және деконструкция. Тіл және уақыт
формалары.
Семиотикалық зерттеулердің құралдары және ерекшеліктері.
Қарым-қатынас және коммуникация сөйлесудің түрлері,
функциялары. Массалық мәдениет. Массалық түсінік: құрылуы және
ерекшеліктері. Социогуманитарлық білім жүйесіндегі пәнаралық
ерекшеліктер.
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі
теориялар бар, олар тілдің қалай
шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше
дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге
бөліп қарайды.
1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам
организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа
еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы
дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, оларды белгілеу үшін
әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).
б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-
күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз
болады.
210
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен»
бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі
адамдардың
рухани
әрекетімен,
әрекет
құралы
болуымен
байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф.
Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.
1. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік
себептерден ізделеді.
а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір
заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі
кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде
«еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің
еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге
«адамды адам еткен» факторларға енеді.
Қоғамдық теориялардың дұрыстығы – тілдің қоғамдық
қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс
ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды.
Тілдің алғашқы негіздерін адамның пайда болуы процесімен
байланыстыра қараған дұрыс екеніне көз жеткізуге болады. Ендеше
тілдің қалыптасуы да адамның қалыптасуы тәрізді миллиондаған
жылдарға созылған процесс. Және оның қалыптасуы адамның түр
ретінде қалыптасуымен бірге жүріп, бұл жолда жетекшілік қызмет
атқарғаны да рас. Тілдің пайда болып қалыптасу процесі глоттогенез
деп. аталады.
Адам эволюциясының қазіргі деректері бойынша даму жолы
төмендегідей. Қазіргі адамдар (гомо сапиенс сапиенс) бұдан 150-200
жыл бұрын қазіргі Шығыс Африка территориясында (Кения,
Танзания) пайда болған. Олар Еуразия құрылығына алғаш рет бұдан
70-80 мың жыл бұрын аяқ басқан, бұл аймақта кең таралған адам
тәріздес «ағайындары» (негізінен неандертальдықтар) олармен
бәсекеге төтеп бере алмай жойыла бастайды. Ал 40-60 мың жыл
бұрын олар Оңтүстік Азия мен Еуропаға кеңінен таралып орналасқан.
Одан кейін, бұдан 20-30 мың жыл бұрын адамдардың оңтүстікте
Австралия мен аралдарға, солтүстікте Сібір мен Америкаға қарай
таралуы жалғасады. Яғни тілдің қазіргі түрдегідей қалыптасқан кезін
бұдан 200 мың жыл бұрынғы кезден әрі деп, ал қазіргі тілдердің
бәріне негіз болған ең көне тілді бұдан 50 мың жыл бұрын өмір
сүрген деп жорамалдауға болады.
Бұл болжамды көне тілдің қазіргі тілден елеулі айырмасы
болмаған:
яғни
дыбыстардан
сөздер
құрастырып,
оларды
байланыстырып сөйлемдер құрап сөйлеген. Алғашқы кезде
адамдардың саны әлемде аз болғанымен тілдердің саны өте көп
211
болған деп есептеледі. Кейін тілдердің азаюы тайпалық дәуірдің
басталуына байланысты. Тайпа мемлекеттіліктің бастауы, ондағы
адамдар негізінен бір тілде сөйлесуге бағытталады. Бұл тілдердің бір
бірін ығыстырып шығаруы және тоғысуы түрінде жүрген. Ал қазіргі
салыстырмалы-тарихи зерттеулер бойынша барлық тілдер бұдан 15
мың жыл бұрын өмір сүрген 5-6 ата тілден таратады. Олардың
ішіндегі ең ірісі нострат тілдері. Оның ұрпақтары кейін Еуропаға
түгелдей, Солтүстік Африкаға және Азияның көп бөлігіне (Оңтүстік
Шығысынан басқа) таралады.
Адамзат тілінің қазіргі күйінен алдындағы тілдің түрін
«диффузды тіл» деп атайды. Бұл тілдің дыбыстық ажыратылмайтын
кезеңін білдіреді. Бұл тілде сөздер мен дыбыстардан гөрі мағына
білдіруде интонациялар және ымдаулар маңызды орын алған. Бізді
қазір үй жануарлары немесе кішкене сәбилер (екі-үш айға дейінгі)
қандай да бір жолмен (сол диффузды түрде, яғни дауыс әуеніне,
көзге, қимылдарға қарайды) «түсінеді». Жалпы тілдің ең бастау
көздерін жануарлар әлемі мен инстинктілерден іздеу үрдісі қазір
басты қағидаларға өзек болуда.
Дүниені танып білуге қойылатын басты бір методологиялық
талап-шындықтың кез келген құбылысын объективтік тұрғыдан
түсіндіру, яғни оның шын мәнін, табиғатын шындыққа дәл сәйкестік
тұрғысынан бейнелендіру. Мұнсыз адамның білімі ақиқат болмас еді.
Бұл барлық ғылым атаулыға, жаратылыстану ғылымдарына да,
қоғамдық-әлеуметтік ғылымдарға да, қойылатын бірінші талапты
тілтану ғылымына қолдансақ, тілдің табиғаты, мәні, оның шығу
себептері мен қоғамдық сипаты, атқаратын қызметі қандай деген
сұрақтарды объективтік ақиқат тұрғысынан зерттеу қажеттігі келіп
шығады.
Бірақ бұл мәселе жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен,
мынадай екі проблеманы бір-бірінен ажыратып алу қажет: оның бірі
— бүкіл адамзат баласына тән жалпы сөйлеу құралы болып
табылатын тілді білдіретін жалпы ұғым, ал екіншісі — жеке
халықтардың сөйлеу кұралы болатын жеке (нақты) тілді білдіретін
жекеше үғымдар.
Бұл екі түрлі ұғымды бір-бірімен шатастырмау керек. Өйткені
бұлардың арасындағы логикалық қатынас жалпы мен жекеше
категорияларының арасындағы қатынас тәрізді.
Адамның сөйлеу қабілетін білдіретін жалпы шығу тарихы өте
көне заманға - адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу
заманына барып тірелсе, жеке-дара нақты тілдердің шығуы мен
дамуы жалпы адамзат тілінің шығу, қалыптасу заманынан
әлдеқайда бертінгі дәуірлерде болған. Сондықтан нақты жеке
Достарыңызбен бөлісу: |