Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет77/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   89

 
 
207 
13.2 Білім беру 
саласындағы саясат 
 
құрал  болмауы  керек».  Бұл  сөздер  бойынша  дүниеде  барлығы  да  адам 
үшін, оның игілігі үшін жасалуы шарт, алайда адамның қолымен немесе 
адамның арқасында белгілі бір мақсатқа жетуге тырысу – адамгершілікке 
жатпайды.  Біз  бар  ұмтылысымызды  қоғам  игілігіне  бағыштауымыз 
керек. 
  «Егер оқытуды біреудің басынан басқаның басына білім тасымалдау 
деп  түсінсек,  онда  адамды  ешнәрсеге  де  үйретуге  болмайды»,  деп 
тұжырымдаған    Платон.    Адам  бойындағы  барлық  білімді  өзі  есіне 
түріруі  керек.  Платонның  бұл  пайымдауын  екі  жақты  –  мифологиялық 
және  рационалды  түрде  түсініге  болады.  Мифологиялық  тұрғыдан, 
Платонға жүгінетін болсақ, адам жаны өмірге келерге дейін құдайлардың 
арасында  тұрып,  сол  жерде  білім  алады.  Құдайлардан  сол  жанды  алып 
осы  өмірге  келгенде,  адамның  бұрынырақ  игерген  білімді  тек  есіне 
түсіруі ғана керек. 
  Философия  тарихында  неміс  философ-рационалисі,  әрі  математигі 
В.Лейбниц  пен  ағылшын  философ-эмпиригі  Д.Локк  арасындағы 
пікірталас болғандығы аян. Рене Декарт секілді Лейбниц те идеялар туа 
бітеді  деп  есептеген,  ең  маңызды  және  басты  білім  адамға  туғаннан 
берілген  деп  пайымдаған.  Әрине,  мәселе  адамның  физика  немесе 
математика  заңдарын  туа  білуінде  емес,  егер  адамды  дұрыс  тәрбиелеп, 
дамытса,  ең  басты  ақиқаттарды  оның  өзі-ақ  ашатындығында.  Адам 
болмысында туа біткен білім әу бастан бар. Осы білімді өн бойынан алу, 
оны «еске түсіру»- өте күрделі әрі көптің қолынан келе бемейтін шаруа.  
   Мұның бәрі оқудың, күнделікті білімдерді игерудін, бұрынғылардың 
бізге  дейінгі  білгенін  білу  керек  еместігін  меңземейді.Үлкен  сана 
деңгейіне  асқақтау  үшін,  Кіші  сананы  күнделікті  және  жан-жақты 
дамыту  қажет,  белгісіздікке  ұмтылу  үшін  өзіңе  таяныш-тірек 
қалыптастыру керек. 
Қазіргі  мәдени  және  саяси  шынайылық. 
Мемлекеттің білім беру саясаты. Білім беру 
қадағалау  және  сүзгі  тәсілі  ретінде.  Білім 
беру  –  болашаққа  капитал  алу  және  статус 
үшін  күрес  ретінде.  Білім  беру  саласындағы  стандарттау.  Қоғамның 
әлеуметтік-мәдени  өзгеру  контекстнде  білім  беру  жүйесін  реформалау. 
ҚР-да білім беруді реформалаудың нормативті негізі: «Білім беру» (1999 
ж.); «2015 жылға дейін Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту 
концепциясы»  (2003  ж.);  «Білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясат 
концепциясы»  (1995  ж.).  ҚР-ғы  білім  беру  бағдарламалары  және 
шарттары.  Азаматтық  білім  беру  идеясы.  Діл  және  білім  беру.  Ұлттық 
білім  беру:  ұғым  және  мәселелері  (проблемалары).  ҚР-да  білім  берудің 
ұлттық моделін қалыптастыру. Отандық білім беруді әлемдік евразиялық 
білім 
беру 
кеңістігіне 
интеграциялау. 
Жаһандану 
және 


 
 
208 
интернационализация  жағдайындағы  ұлттық  білім  беру.  Әлем 
мәдениетін  қалыптастырудағы  білім  берудің  рөлі.    Білім  игерудің 
нәтижесін бұрынғыдай тек білім, білік, дағды аумағында ғана құрастыру 
қазіргі  күні  аздық  етеді,  өйткені  олар  үйренушінің  тек  біліктілігін  ғана 
айқындайды.  Сол  себепті  де  Болонья  процесінде  біліктілік 
(квалификация) термині құзырлылықпен (компетенция) алмастырылған, 
құзырлылық  білім  игеру  процесінің  басты  нәтижесі  ретінде  танылады. 
Бұл процесс бойыша студент білімді өздігімен игеруі керек. 
   Құзырлылық  дегеніміз  маманның  белгілі  бір  кәсіби  сала 
аумағындағы  білімі,  білігі,  дағдыларының  жиынтығы.  Бұл  ұғым  тек 
танымдық  және  әрекеттік-технологиялық  түсініктерді  білдірмей, 
сонымен бірге мотивациялық, әлеуметтік және тұлғалық ерекшеліктерді 
меңзейді  және  экономикалық,  моральдік-этикалық,  кәсіби  ауқымда 
қарастырады. 
    Болонья  процесінің  аумағында  2004  жылы  құрылған  TUNING 
(«Еуропада  білім  құрылымдарын  сәйкестендіруге  бағыттау»)  жобасы 
«құзырлылық» ұғымына келесі өлшемдерді жатқызады: 
 
«білім және түсінік»; 
 
«қалайша әрекет жасау керектігін білу» білімі; 
 
«қалайша өмір сүру керек» білімі (Болонский процесс,2007, 18). 
 Бүгінгі  таңда  кәсіби  білімнің  құндылығы  жеке  тұлғаның  әлеуетті 
мүмкіндіктерін  ашу  және  оны  пайдалану,  жылдам  өзгеруші  қоғамдағы 
шығармашылық әлеуетін, ұтқырлығын жүзеге асыру; жастардың білімге 
қажеттіктерін  қанағатттандыру;  жоғары  сатыдағы  қоғамдық  қызметке 
тұруға,  мәртебелі,  беделді  және  жоғары    деңгейдегі  еңбек  ақыға    қол  
жеткізіп, мүмкіндік беретін диплом алу. 
Әлеуметтену әрдайым белгілі бір кеңістікте өтеді. Жеке тұлға өзінің 
әлеуметтеніп  қалыптасуы  барысында  өзге  индивидтермен,  топтармен, 
әлеуметтік қауымдастықтармен, институттармен өзара қарым -қатынасқа 
түседі. Ал жеке тұлғаның әлеуметтік кеңістігіне әлеуметтік  қатынастар 
жиынтығы, индивидтің түрлі жүйелердегі байланыстары мен әлеуметтік 
рөлдері  кіреді.  Жеке  тұлғаның  әлеуметтену  кезеңдерін  анықтауда 
бірнеше тұрғылар қалыптасқан. Дегенмен ол  тұрғылардың қай- қайсысы 
болмасын  оны  адамның  жас  кезеңдерімен  байланыста  қарастырады 
(балалық, жасөспірімдік, жастық, кемелдену). 
Қазіргі  заманда  білім  адамды  бұрынғыдай  табиғатты  өзіне 
бағындырып,  дүниені  игеру  немесе  өзгерту  үшін  қажетті  ұғымдармен 
«қаруландырмай», 
керісінше 
оның 
болмыс 
пен 
жаратылыс 
заңдылықтарын біліп, дүниеге бейімделіп, «кірпіш» секілді «қалануына» 
әкелуі керек. Білім адамға ақыл беріп, әлемді көріп, түсінуге, оған өзінің 
жан дүниесін ашуға, сол арқылы ақиқатты ізденуге жетелеуі қажет. 
 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау