58
2.1
Ғылымның
танымдық-
философиялық мәні
2 ТАРАУ. ҒЫЛЫМ БОЛМЫСЫ
Философияда
ғылым
ұғымының
бірнеше
түрлерін:
ғылым-ұғыну
әрекеті ретінде, әлемді танудың негізгі
түрі, әлеуметтік институт ретінде
бөліп айтуға болады. Ғылыми әрекет –
жаңа білім алуға мақсаты бар бұл когнитивті (танымдық) әрекет.
Егер өндірістік әрекеттің соңғы өнімі – тауар болса, онда ғылыми
ірекетте- ғылыми деректер, болжамдар, теориялар түріндегі жаңа
білім,
ғылыми
әрекеттің
басқа
әрекет
түрлерінен
түпкі
айырмашылығы – жаңа білім алуға бағытталғандығы.Өндірістік
әрекет саласында бір өнім көп рет өндіріледі, бұл ғылыми әрекетке
тән емес. Ол үнемі жаңашылдыққа, белгісіздікке бағытталады және
сол үшін тіршілік етеді.
Ғылыми әрекеттің белгілі құрылысы бар; зерттеу субъектісі,
зерттеу нысаны мен мәні, зерттеу құралдары мен әдістері,зерттеу
нәтижесі.
Зерттеу субъектісі – зерттеуші тұлға, зерттеу субъектісі деп тек
жеке ғылыми қауымдастықты (Т.Күн) да айтуға болады.
Зерттеу нысаны – ғылыми қауымдастықпен зерттелетін
шындықтың бөлігі. Ғылым көп түрлі барлық әлемді тануға
бағытталған, бірақ шынайы тәжірибеде тану белгілі сала бойынша
жүргізіледі.
Ғылым
ғылыми
әрекет
тәжірибесі
көрсеткендей,тарылмай керісінше, кеңейе беретін танылмаған сала
бар екендігін түсінеді. Былай айтқанда, көп білген сайын,танылмаған,
белгісіз салаға тереңірек үңілеміз.
Тану мәні – тану нысанында зерттеп, үйренетін қасиеттер мен
заңдылықтар. Таным нысаны өз көлемі мен мазмұны бойынша
таным мәнінен кеңірек, яғни тану нысаны – белгілі тұтастық
(бүтіндік), ал тану мәні осы тұтастықтың бір бөлігі . Бір нысанға
қатысты бірнеше тану мәні болады, мысалға қоғам – белгілі
тұтастық ретінде әр түрлі ғылымның: экономикалық, әлеуметтік,
саяси және тағы басқа ғылымның зерттеу мәні болып табылады. Бұл
ғылыми білімді саралау қажеттілігіне, толық негізі бар шағын
мамандықтың тууына әкеледі. Алайда ғылыми танымның белгілі
сатыларында
синтетикалық
жалпыламаның,
ғылымның
интеграциясы қажеттілігі туындайды, бұл әрине тану нысанындағы
жетістік болып табылады. Бұнда ғылыми әрекеттің бір заңдылығы
көрініс табады. Нысанды бірден тану мүмкін емес, сондықтан оны
бөліктерге бөліп, зерттейді (әрине ойша). Бұл бөліктерді
(бөлшектерді) тануда және олардың табиғатын тереңірек зерттеуде