Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет22/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   89

 
 
62 
позитивизмге тән басқа әлемді тану түрлеріне қайшы келсе, онда ғылыми 
әлемді  тану  адами  рухтың,  сананың  өсуі  деп  түсіндірілген.  Бұл  ойды 
О.Конт  және оның жақтастары  дамытты, ғылыми  әлемді тану  адамның 
бұдан    әрі  даму  мәселелеріне  жауап  береді  дейді.  Бұл  көзқарастар    бір  
жақты  болды  және  ғылыми  әлемді  тану  спецификасын ескерген жоқ. 
Ғылыми    әлемді    тану    мәселесі  ғылыми  ортада  талқыланды.  Мысалға, 
Вернадский  өзінің    қазіргі    ғылыми    әлемді    тану    тарихы    жөніндегі  
дәрістерінде  (Мәскеу  университетінде    1902-1903ж.  студенттерге  
оқылған)  ғылыми    әлемді    танудың    басқа    әлемді    тану    түрлерінен  
айырмашылығын  ғана  емес, олардың  өзара  байланысының үздіксіздігі  
туралы    жазған.  Ғылыми    әлемді    тану    аяқталған,  анық,  дайын    түрде  
емес, өзінің  қалыптасу, басқа  әлемді  тану  түрлеріне  әсер  ету  үрдісіне  
философия, дін, өнерге әсерлесетін  нақты тарихи  түрде  қаралған. 
Вернадскийдің    пікірінше,  ғылыми    әлемді    тану  шындыққа    тән  
емес. Ақиқатты тек  ғылым  ғана  іздемейді. Сондықтан  ғылыми  деген  
таза    және    алмастырылмайтын    ақиқаттың    көрінісі    деген    ой    дұрыс  
емес.  Ақиқат  –  үнемі    қол    жете    бермейтін    идеал.  Тек    нақты  
дәлелденген    деректер    мен    олардың    эмпирикалық    жалпыламаларда  
көрінген    ғылыми    әлемді    танудың    біразы    ғана    ғылыми    ақиқат  
болады,  ал    гипатетикалық    (болжамдық)  және    теоретикалық  
құрылымдар  –  салынған    ғылым    және    ғылыми    ақиқат    шіркеуінің  
көмекші «ормандары» ғана  болады. 
Ғылым  әлемді  тануда мынадай аспектілерді қарастырады: 
Біріншіден,  адамның әлемге сан түрлі қатысынан (байланысынан) 
ғылым  гносеологиялық,  субъект  –  нысандық  қатысты  іріктеп    алады. 
Ғылымды  шындық  аспектісінде қараластырады.  
Екіншіден    гносеологиялық  қатыстылық  негізгі  ғылыми  зерттеу  
принциптеріне  бағынуы  тиіс. 
Қазіргі    философиялық    және    ғылыми    ортада    пікір-таластар  
туындауда:  ғылыми    және    ғылыми    емес    деп    санау.  Бұл    мәселеде  
барлығы  түсінікті,  анық  емес, мысалға  ғылыми  және  ғылыми емес  
арасындағы    айырмашылықтар    қандай    өлшем  тұрғысынан    қаралады, 
сонымен  бірге  ғылым да  бір  тарапты  емес. Ол  ғылымның  әртүрлі 
өлшемдерін    ұстанатын,  әртүрлі  ғылыми    мектептерге    бөлінген. 
«Ортодоксальды»  ғылым    бар,  жаңашыл    көзқарастарды    ұстанатын  
ғылыми  мектептер де бар. Консерватизм ғылымның  өзіне  қажет, себебі  
бұрынғы    позицияларды    сақтап    қалуға    және    оларды    бекіте    түсуге  
ықпал  етуге  қажет, бірақ  ғылымға  сондай- ақ шығармашылық  даму, 
алдыға  жылжу  үшін  жаңа  ойлар  қажет. 
Осыған    байланысты    Вернадскийдің    көзқарасы    қызығушылық  
туғызады. Адами  ойдың  тарихында  мистикалық  көру және  айту  орын  
алған.  Ғылыми    ортада    бұл  мәселе  басқаша  қабылданады. 


 
 
63 
Вернадскийдің    пікірінше,  мистикалық    ойларды    есепке    алу    қажет, 
себебі    оларда    болашақ    әлемді    тану,  болашақ    ғылым    элементтері  
көрінуі  мүмкін. 
Егер  ғалым өзінің ғылымға  белгілі   болғандығын  ұстанса, онда  
ол  жаңашылдық, ғылымның  шығармашылық  сипатын  ұмытты  деген  
сөз, шығармашылық  сипатқа  шектелген  тақырыптар мен  құбылыстар 
жоқ. 
Қазіргі    ғалымдар    ғылымда    шындықты  басқа    шындықпен 
ажырата қарастыру оймен шектелмеуі керек деген көзқарасты ұстануда. 
Қазіргілерден    өзінің    космостық    негіздері    кең    таралған    бұрынғы  
ғалымдардың  ойын  есепке  алу  көп  кездеседі. 
Мұнда  бұрынғы    зерттеулер    мен    Жаңа  Заман  дәуірінен    бастау  
алатын    ғылымның    арасындағы    маңызды  айырмашылықтарға    назар  
аударған    жөн.  Бұрынғы    мәдениеттегі    рухани    ғылымның    мақсаты  – 
мәңгілік  өмір, өзін-өзі  тануды іздеу болса, қазіргі  ғылымның  мақсаты – 
Космос  заңдарын, заттық-энергетикалық  шындық  заңдарын  танумен  
қолдануға  байланысты  прагматикалық  міндеттер  болып  табылады.  
Жаңа  Заманның  бастапқы  кезеңінде  екі  ментальдық  құрылым 
болды:  бірі    ғасырдан-ғасырға    жалғасқан,  екіншісі    өз    негіздерін  енді  
анықтаған,  енді    туып    келе    жатқан    құрылым.  Сол    уақыттың  ғылым  
танушыларына  осы  екі  ментальдық құрылым  әсер  етті. И.Ньютонның  
пікірінше, Құдай кейбір таңдаулы адамдарға ғана  натурфилософия  мен  
дін    құпияларын    ашқан.  Кейіннен  бұл      білім    жоғалып  барып,  қайта  
табылған    және    мифтер    мен    ертегілерде    көрініс    тапқан,  бірақ 
тәжірибелер  мен   ғылыми әдістердің  көмегімен  ғылыми  қайта  тууы  
мүмкін. 
ХҮІІІ ғ.басында  еуропалық  қоғамда  ғылым  идеясы  мен сиқыр  
идеясының  көп  айырмашылығы  жоқ, бұл тең құқылы  білімнің  түрлі  
модельдерінің    болуына    әкелді.  Олар  еркін    түрде    өзара    байланысты  
болды,  кейде    әрекеттес,  кейде    бәсекелес    қатыста    болды.  Бұл  
ғылымның  «парадигмадан  бұрынғы»  сатысында    ғылыми  әдіс  
элементтері    герметизм    мен    эзотеризм    элементтерімен    көршілес  
болды.  Механикалық    таным    және  одан  соң  механикалық  философия 
туған  соң  герматизмдік  пен    эзотеризмдік    ойлар  арасында    елеулі  
айырмашылық туындады. 
Қазіргі    ғылым  Жаңа  Заманда    қалыптасқан    ментальдық  
құрылымды    көрсетуді    жалғастыруда.  Оның    негізі  -  әлемге  адамның  
субъект  –  нысандық  қатысында  жатыр.  Бұл    қатыстық  (байланыстық) 
ерекшелігін  И.Кант  түсіндірген,  осы    қатысты    сот    төрағасы    мен  
куәгердің  байланысымен  салыстырған. Ғалым судья  сияқты  сұрақтар  
қояды, табиғат  куәгер сияқты  өз  құпияларын ашқысы  келмейтінімен  
салыстырады. Тәжірибе тергелетін іс  сияқты  болады. Ғалым болжамдар 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау