Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет21/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   89

 
 
60 
Бордтың  қосымшалық  принциптері  кванттық  механиканы  құруға  
мүмкіндік  берген  «құрылыс  ормандары» болды. 
Ғылыми    әрекеттің    үш    негізгі    моделі:  эмпиризм,  теоретизм, 
проблематизм оның жан – жақтылығын  көрсетеді. 
Эмпиризм - ғылыми  әрекет зерттеу  мәні  туралы  эмпирикалық  
деректерді    алудан    басталады,  одан    соң  индуктивтік    жалпылауға 
әкелетін    оларды    логикалық  –  математикалақ    өңдеу    болады. 
Ғылыми  әрекеттің  бұл моделін  Ф.Бэкон, Ст Джевонс, Г.Рейхенбах, 
Р.Карнап  және  тағы  басқа  ғалымдар    жақтаған.    Қазіргі    ғылым  
философтары  бұл  модельге    қарсы  -  ол  әмбебап  емес,  ішкі 
қайшылықтары бар. 
Теоретизм - эмпиризмге  тікелей қарама -қайшы  мәнді; ғылыми  
ойлаудан  туындаған  жалпы  ой – ғылыми әрекеттің  негізгі шыққан  
пункті    дегенді    ұстанады.  Эмпирикалық    тәжірибе  –  негізгі 
теоретикалық    ойды  нақтылау  құралының    бірі  болып    табылады. 
Ғылыми  әрекеттің  мұндай  түсінігін  Р.Декарт, Г.Гегель, А.Уайтхед, 
қазіргі  философия  мектептерінде  Дж.Холтон, И.Лакатос  және тағы 
басқалар дамытқан. 
Прагматизмді  ғылыми    әрекет    модель    ретінде    К.Поппер  
көрсетті.    Бұл    модельге    сәйкес    ғылым    қағидалық  –  танымдық  
мәселелерді  шешудің  спецификалық  әдісі  болып  табылады. Бұндай  
әрекеттің    негізгі    пункті    ғылыми    мәселе  –  эмпирикалық    немесе  
теоретикалық   сұрақ   болады, ол  ғылыми  тілде  қалыптасады, оған  
жаңа    эмпирикалық    немесе    қағидалық  (теоретикалық)  ақпаратты  
алуды  талап  етеді. 
Ғылым  түсінігінің  бірінші  аспектісі – жаңашылдық  аспектісі  
ғылыми    әрекеттің    қазіргі    түсіну    сипаты.  Ғылым    жаңашыл  
әрекеттің  маңызды  бөлігі  ретінде  мынадай  құрылымды  кезекпен  
іске    асыру    ұғынылады:  фундаментальды    зерттеулер  –  қолданбалы  
зерттеулер – тиімді модельдер сынамалы- кострукторлық  өңдемелер. 
Жалпы    жаңашыл    әрекеттің      құрылымында    барлық    зерттеулер  
көлемінің  10  (пайызын)  алып    жатқан    «фундаментальдық  
зерттеулер»  жаңа    ғылыми    білімді    алуға    тікелей    бағытталған. 
Алайда  қазіргі  қоғамды  ғылыми  жаңашылдық  қана емес, оны  өмір  
сүру  саласында  қолданатын  ең  тиімді  жаңашылдық  қызықтырады. 
Мысалға,  ақпараттық    үрдістер    қағидасы    бойынша  теоретикалық  
өңдеулер белгісіздіктегі  ғылыми  жетістік  болды, бірақ  қоғам  үшін  
олар    қазіргі    қоғам    өмірінің    барлық    саласында    белсенді  
қолданылған    ақпараттық    технологиялар    туған    соң    ғана    ерекше  
қызығушылық  тудырды.  
Ғылым    түсінігінің    екінші    аспектісі  –  ғылым    қоғамда  
әлеуметтік    институт    статусына    ие    болумен    байланысты.  Ғылым  


 
 
61 
тек    пәндік  қана    ұйымдасқан  жоқ,  сондай-ақ    әлеуметтік  жағынан  
ұйымдасқан.  Бұның    негізгі    көрінісі    ғылыми    қызметкердің  
мәртебесі,  жоғарғы    білікті    мамандарды    дайындау    жүйесі    болып  
табылады.  Жеке    қызығушы    ғалымдардың    уақыты    өткен;  ғылым  
иерархиялық  құрылымы  бар  маңызды  әлеуметтік  институт  болды. 
Ғылым    түсінігінің    үшінші    аспектісі    мәдениет    саласымен  
байланысты.  Мәдениет    жүйесіне    дін  (религия),  философия,  сана-
сезім,  өнер    жатады.  Көптеген    зерттеушілер    ғылым    мәдениет  
жүйесінде  үлкен    мәнге    ие    болады  және    оның    әсер    ету    саласы  
кеңейе    түсетінін    айтады.  Білім  жүйесі,  экономикалық    әрекет, 
әлеуметтік  және  саяси    болжам,  әлемді    танудың    фундаментальдық  
мәселелерін    әзірлеу    қазіргі    уақытта    ғылымсыз    мүмкін    емес. 
Ғылым  –  мәдениеттің    басқа    бөліктерімен    өзара    байланысты  
мәдениеттің    шектеу    бөлігі    болады,  онсыз    оның    дамуы    мүмкін  
емес, ғылым  қандай сілтеме  негізінде  дамитынына  да  байланысты. 
Жалған    сілтемелер    негізіндегі    позитивизм    әлемді  тануды  
ғылыммен  алмастырғысы  келген  уақытта  болған. Ақиқат  «саналы»  
болды, сонысымен  қажетті  болды. Ғылым – мәдениет  бөлігі ретінде  
өзіндік  ерекшеліктерімен    қызметі    бар,  өзіндік    орны    бар.  Ол 
мәдениеттің    басқа    құрама    бөліктерінсіз    мәнсіз,  мысалға    ағаш  
бұтақтары    тамырсыз    және    діңгексіз    тіршілік    ете    алмайтын  
сияқты. 
Яғни,  ғылым  -    философия,  дін,  сана,  өнер    сияқты  мәдениет  
«тамырына»  жатады. Әсіресе  бұл  ғылыми  әлемді  тануға  қатысты  
болады. 
Ғылымның  негізінде  адамның  әлемге  өзгеше  қатысы  жатыр. 
Әлемді  эстетикалық  ұғынуға,  оның  әдемілігімен  гармониясын 
қабылдауға,  бейнелік  образдар  мен  түсініктер  негізінде  көрсетуге 
болады.  Әлем  табиғаты,  оның  субстанциялдық  негіздері,  ғаламдағы 
адамның орны, өмірдің маңызы мен адам қызметі туралы сұрақтарға 
жауап іздеп, әлемді философия тарапынан қарастыруға болады.  
Әлемді  тану  –  түсініктердің,  нанымдардың,  зерттеулердің, 
эстетикалық  және  рухани-саналық  бағалаулардың  күрделі  жүйесі 
болып  табылады.    Әлемді  қалыптастыруда  ғылым  ерекше  орын 
алады.  
Ғылыми әлемді танудың ерекшеліктері қандай? 
Бұл мәселе философиялық және ғылыми ой тарихында бірнеше 
мәрте  көтерілді,  оған  жауап  ғылым  қай  тұрғыдан  қаралғанына 
байланысты  болды.  Егер  ол  натурфилософияға  енсе,  онда  ғылыми 
әлемді  тану  айырмашылығы  тек  танымдық  және  жалпылық 
деңгейімен  түсіндірілді.  Осы  негізде  Аристотель  «Бірінші 
философия»  (кейінгі  метафизика)  бөліп  қараған.  Егер  ғылым 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау