Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет24/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46

53 
 
жұмыс  орындатуда  немесе,  үйге  берілетін  тапсырмаларға  қосымша  ретінде 
ұсынуына    болады.  Бұл  материалдарды  пайдалану  арқылы  біріншіден, 
оқушылардың  заттардың  қасиеттері  туралы  теориялық  ұғымдары  тереңдей 
түседі.  Екіншіден,  жалпы  заттардың  табиғатта  үш  түрлі  агрегаттық  күйде 
кездесе отырып, әр заттың ӛзіндік қасиеті болатындығына тәжірибе арқылы кӛз 
жеткізу  негізінде  олардың  практикалық  іс-әрекеттері  дамиды.  Себебі, 
оқушылар 10-беттегі  үш  түрлі  заттың  қасиеттерін  сызба  бойынша  анықтайды. 
Заттардың  басты  қасиеттеріне  байланысты  оларды    пайдаланудың  да  түрлі 
деңгейде болатындығын терең ұғына түседі. Сонымен қатар, адамның қоршаған 
ортаға  зияны  туралы  мағлұматты  толықтыра  түсуге  оқу  құралының  8-9 
беттеріндегі  материалдар  мен  берілген  бейнелі  кӛрнекіліктердің  де 
оқушылардың  тақырып-ты  саналы  меңгеруіне  үлкен  пайдасы  тиеді.  Бұл  тұста 
оқушылар  оқу  құралында  берілген    материалдарға  негіздей  отырып,  ӛздерінің 
ӛмір  тәжірибесімен  және  жергілікті  жағдайда  байқағандарымен  салыстырып  
ауызша  әңгіме  құрастыра  алады.Оқулық  пен  оқу  құралдарындағы 
материалдарды  байланыстырудың  негізгі  мақсатының  ӛзі  оқушылардың 
қоршаған ортадан алған ұғымдары мен бақылап, байқағандарының байланысын 
күшейту арқылы олардың материалды ӛзіндік ой елегінен ӛткізуін, жүйелі ойын 
дамыту  мен    білімді  ӛздігінен  толықтыруды  қамтамасыз  ету  сияқты 
дидактикалық  принципті  орындау.  Оқулықтағы  осы  аталған  мәтінде  адамның 
табиғатқа тигізетін зияны туралы да сӛз қозғалады. Бірақ, оны түрлі мысалдар 
арқылы  терең  талдап  жатпайды.  Мұны  түсінуге  болады,  себебі,  бір  сабақтың 
үстінде  қаралатын  мәселелер  жеткілікті  болғандықтан,  ондай  ұғымдарды 
оқушылар  ӛздігінен  ізденіп-ақ  толықтыра  алатыны  белгілі.  Сондықтан,  осы 
тұста оқу құралындағы материал адамның  табиғатқа тигізетін жағымсыз әсерін 
кӛрсететін    кӛрнекі  бейнелі  суреттер  арқылы  беріл-ген  материалды 
оқушылардың  ӛздігінен  оқып,  білімдерін  толықтыруға  ұсыну  қажет.  Бұл 
арқылы  адам  баласының  қазіргі  таңдағы  табиғатқа  тигізетін  зиянын  түсініп 
қана  қоймай,  оқушылардың  бойында  табиғатқа  қамқорлықпен  қарау  сезімдері 
оянады.  Экологиялық  тәрбие  мәселесі  де  жүзеге  асады.  Егер,  осы  тақырып 
бойынша  оқу  құралының  оқулықты  толықтыру  тұстарына  ой  жүгіртсек, 
біріншіден,  тақырыптың  ғылыми  білімдік  мазұнын    толықтырып,  оқушы-
лардың  материалды  саналы  меңгеруі  жүзеге  асады.  Екіншіден,  оқушыларға 
ӛздігінен  орындайтын  тапсырмаларды  бере  отырып,  тақырыптың  оларды 
дамытушылық мақсаты орындалады. Үшіншіден, әрбір мәтін тәрбиелік тұстары 
ашылуға  тиіс  екенін  ескерсек,  бұл  мақсаттың  да  орындалғандығын  кӛруге 
болады. 
Оқулықтағы  «Таза заттар және  қоспалар»  тақырыбы оқушыларға  таза  зат 
деп қандай затты айтатыны мысалдар арқылы жақсы берілген. Сонымен қатар, 
қоспалардың құрамы талданып, олардың біртекті және кӛп текті болатындығы  
да сызба  арқылы түсіндіріледі. Қоспаларды айырудың түрлері де оқушыларға 
түсінікті  тілде  жеткізіліп  отыр.  Қоспаларды  бӛлу  кезінде  жүргізілетін 
тәжірибелер кӛрнекі суреттер арқылы  кӛрсетіледі. Осы тақырыпқа байланысты 
оқу  құралының  18-19  беттеріндегі  бақылауды,  тәжірибені,  экспериментті 


54 
 
ұйымдастырудың  жағдайы  мен  химиялық  білімді  меңгерудегі      олардың 
маңызын мәлімдейтін материалды оқушылардың үй жұмысы кезінде ӛздігінен 
орындауына бере отырып, ӛздерінің сабақ барысында  жасаған тәжірибелерінің 
мәнін  терең  ұғынуына  жағдай  туады.  Бұл  оқушылардың    практикалық  
іскерлігін  дамытып  қана  қоймай,  химиялық  ұғымдардың  басқа  да 
жаратылыстану ғылымдарымен байланысын түсінуге мүмкіндік туғызады. Бұл 
тұста  оқу  құралының  26-  бетіндегі  2-сарамандық  жұмыста  да  оқушылардың 
ӛздігінен  бақылауына  жүктеген  дұрыс.Сонымен  қатар,  оқушылардың  таза 
заттар  және  қоспалар  туралы  білімдерін  толықтыра  түсетін  материал  оқу 
құралының  90-95  беттерінде  толық  және  нақты  мысалдар  арқылы  берілген. 
Мұндай материалдарды оқушылардың қосымша мағлұмат алуына үлкен кӛмегі 
тиетіні  анық.  Мәселен,  сұйық  заттардың  және  қатты  заттардың  қоспалық 
құрылымдарына  байланысты  мысалдар  оқушылардың  күнделікті  ӛмірден 
кездестіріп жүрген заттарына байланысты келтірілген. Мұндай мысалдар білім 
үшін ұсынылатын материалдардың ғылымилығы мен нақты деректер негізінде 
берілетіндігінің  дәлелі  болып  табылады.  Мұндай  материалдармен  танысу 
арқылы  оқушылар  ӛз  маңайындағы  заттардан  мұның  дәлелін  іздей  бастайды. 
Оларды  ажыратып  дәлелдейді.  Осындай  негізде  болашақта  орта  мектеп 
оқушылары  ғылыми  жоба  жұмысымен  айналысуға  мүмкіндік  алады.  Оқу 
құралының 116-121беттерінде  қоспаларды бӛлуге  арналған  материал берілген. 
Мұндағы  кейбір  мысалдар  оқушылардың  күнделікті  ӛмірде  кӛріп  жүрген 
заттарына  байланысты  таныс  нәрселер.  Сондықтан  да,  оқушыларға  оқу 
құралындағы  осы  материалдармен  таныса  отырып,  ӛздерінің  қоспаны  бӛлуге 
байланысты  мысалдарын  дайындап  келуді  тапсыруға  болады.  Мұндайда 
оқушылар неше түрлі қызықты ұсыныстар жасайтыны анық. Ол ұсыныстардың 
дұрыстығы  мен  қателігін  ӛздері  біріге  отырып,  талқылау  барысында  шешімге 
келеді.  Бұл  біріншіден,  оқушылардың  ойлануына  жағдай  туғызса,  екіншіден, 
берілетін  білімді  игілендіру  мақсатын  орындауды  қамтамасыз  етеді.  Себебі, 
оқушылар ӛз таңдаулары бойынша ой қорытып, оны ортаға салады. Ӛз ойларын 
қысылмай,  талқылауға  қатысады.  Бұл  олардың  ойларын  ортаға  салуға,  пікірін 
айтуға  тартыншақтығын  жоюдың,  білімді  ӛздігінен  іздену  арқылы  меңгерудің 
бірден-бір жолы деуге болады. 
Оқулықтың  құрылымына  қойылатын  талаптардың  бірі  мазмұнның  қазіргі  
ғылым    жетістіктеріне  сай  келуі.  Әрине,  соңғы  қоланылып  отырған  7-сынып  
оқулықтарында  бұл  талаптар  орындалған  деп  айта  аламыз.  Дегенмен, 
оқушылардың ғылыми ізденістерін шыңдай түсу үшін оқу құралында берілген 
сарамандық  жұмыстарды  тақырыптардың  мазмұнына  қарай  пайдалану 
оқулықтың  ғылымилық  мазмұнын  күшейте  түспек.  Оқулықтағы    «1-
практикалық жұмыс» тақырыбы бойынша химия кабинетінің жасақтануы және 
онда  сақталатын  химиялық  заттар  мен  қауіпсіздікті  сақтау  жолдары 
мәлімделеді.  Енді,  осы  мәліметтерді  толықтыра  түсетін  материал  оқу 
құралының    20-25  беттерінде  беріліп  отыр.  Бұған  қарап,  бір  сабақтың  үстінде 
мұның  бәрін  қамтуға  қиын    болады    деп  ойлау  мүмкін.  Ал,  шын  мәнінде 
ізденген  мұғалім  оқушыларға  оқулықпен  оқу  құралындағы  материалдарды 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау