15-билет
1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикадағы қиындықтар.
Қазақстан 1991 жылы Тәуелсіздік алып, түбегейлі әлеуметтік реформалар жасауға, демократиялық қоғам мен ашық экономика орнатуға кірісті. Осыдан бері еліміз жеке меншік және еркін бәсекелесттікке негізделген нарықтық экономика құру жолына түсті.
Нарықтық экономика (рыночная экономика) – нарықтағы тауар-ақша қатынастары аясында қалыптасатын экономиканың ұдайы өндірістік қатынастардың жиынтығы. Нарықпен қатар тауарлармен көрсетілетін қызметтерді өндіру, тұтыну, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласын білдіретін экономика.
Нарық өзінің субьектілері: тауар өндірушілер, және сатып алушылар арасындағы аса маңызды байланыстырушы буын ретінде әрекет етеді. Нарықтық экономика қоғамдық еңбек бөлінісінің, тауар өндірісінің және айырбастың дамуына негізделеді. Нарықта бәсеке барысында баға, сұраныс пен ұсыныс қалыптасып, қозғалысқа түседі яғни мұнда ресурстарды пайдалану туралы шешімді нарық қабылдайды. Әрбір жекеше тауар өндіруші өзінің тауарын ақшаға айырбастау үдерісінде өз еңбегінің қоғамға қаншалықты қажет екенін, қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіне кіргені, қоғамдық сипат алғанын біледі.
Нарықтық экономика құрылымы күрделі болып келеді. Ол нарықтың мынандай түрлерін қамтиды: тауарлар нарығы мен қызметтер көрсету нарығы; өндіріс факторларының нарығы; қаржы немесе ақша нарығы.
Нарықтың алуан түрлілігіне қарамастан, қазіргі заманға нарық экономикасына тән сипат: көпжүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экономикалық өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы.
Нарықтық қайта құруды жүргізудің бірінші кезеңі 1992 жылдан -1997 жылға дейін анықтауға болады. Бұл кезеңде қоғамдық қатынастар жүйесінің үлестіруші әкімшіл-әміршіл түрінен жеке меншіктік пен бәсекелестікке негізделген нарықтың түріне өту процесі жүрді.
Қазақстан экономикасы дамуының екінші кезеңі 1998 жылдан немесе «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы қабылданғаннан кейін басталды. Осы құжаттың қабылдануымен тұрақты дамитын ел экономикасын құрудағы ұзақ мерзімді мақсаттар мен басымдылықтарға жету бойынша жасампаз процесс басталды.
Қазақстан экономикасы тауар-ақша құрылымының бұзылуымен бәсекеге қабілеттіліктің төмен болуынан біршама дағдарыстарға ұшырады. Бұл ретте нарыққа көшудегі жүйелілікті қамтамасыз ету қиын болды. Қазақстанның нарық экономикасы бар тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы өмір сүру ойлау және іс-әрекетті түпкілікті өзгерту есебінен жүрді.
КСРО ыдырағаннан кейін қоғамда шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайына кезең бойынша өткізуге мүмкіндігі болмаған Қазақстан үшін батыл қадам болды.
1993 жылы Дағдарысқа қарсы қауырт шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаны тереңдету бағдарламасы қабылданды.
Нарықтық қатынастар жүйесіне өту экономикалық дағдарыстың тереңдету аясында жүрді. Бұл дағдарыстың бастауы өткен ғасырдың сексенінші жылдарының ортасында басқарудың әкімшілік жүйесі жағдайында еді.
Бұл экономика салаларының өндірістік –қаржы жағдайына және халықтың едәуір бөлігінің өмір сүру деңгейіне 1990 жылдардың басында-ақ кері әсерін тигізді.
Бұл КСРО-ның ыдырауының басты факторы болды. Соған орай, республикалар арасындағы өнідірістік-шаруашылық байланыстардың үзілуіне және мемлекеттің бір тұтас қаржы жүйесінің күйреуіне әкелді. Сонымен қоса, нарықтық реформаны тездету кезінде тұрғындардың тұрмыс деңгейі шұғыл төмендеді. Зейнетақының нақты мөлшерінің құлдырауын әлсірету бойынша жасалған Үкімет шараларының тиімділігі экономикалық дағдарыстың тереңдетілуіне байланысты жеткіліксіз болды.
Ұлттық армияны құрудың, шекараны және кедендік аумақты орналастырудың, дипломатиялық корпусты қалыптастырудың қажеттілігіне байланысты, мемлекеттік бюджет табыстары деңгейінің кемуінен, әлеуметтік сала шығындарын қаржыландыру үрдісі қысқаруға мәжбүр болды.
1995 жылдан 1997 жылға дейінгі кезеңде реформаның басты бағыты макроэкономикалық тұрақтандыруды қамтамасыз ету, заңдық базаны, қаржы жүйесін, әлеуметтік саланы және өнідірстік секторды жетілдіру болды.
Макроэкономика –экономиканы тұтас алып зерттейтін экономикалық теория бөлімі (оның тағы бір бөлімі-микроэкономика), сондай-ақ оның үй қожалығы (шаруашылығы, бизнес, мемлекеттік сектор т.б.) сияқты аса маңызды құрамдас жиынтықтары.
Макроэкономика –экономикалық өрлеу, жұмыспен қамту, инфляция проблемаларын, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың ықпалдастығын зерттейді.
Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтандыру сатысында экономикалық реформалардың негізгі бағыттары мыналар болды:
1995 жылы ҚР Конституциясының қбылдануы;
Кәсіпорын меншігіндегі жер учаскелерін қолдану құқығын сатуға рұқсат берілуі;
Қазақстан, Ресей, Белорусь және Қырғызстан Кеден Одағының құрылуы;
Монополияға қарсы әреттер туралы, жекешелендіру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы т.б заңдардың қабылдануы.
1992 жылы Ресей бағаны еркіне жібергендіктен Қазақстан күрделі шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Экономикалық дағдарыс күшейе түсті.
Бюджет – (ағылш budget қоржын қалта) экономикалық мәні бойынша –мемлекеттік билік және өзін-өзі басқару органдарында заңды және жеке тұлғаларымен, қоғаммен оның азаматтарының экономикалық, әлеуметтік және саяси мүдделерін қанағаттандыру қажеттігіне байланысты ұлттық табысты бөлуге орай қалыптасатын ақша қатынастары.
Достарыңызбен бөлісу: |