Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342


Өткен шақтық есімшенің -ша, -ше ж



жүктеу 10,1 Mb.
бет17/26
Дата14.05.2018
өлшемі10,1 Mb.
#13083
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26

Өткен шақтық есімшенің -ша, -ше жұрнақты түріне аяқталған бағыныңқы компоненттің өз басыңқысымен мезгілдік қатынасы жоғарыда келтірілген жатыс жалғаулы түрінікінен өзгеше. Мұнда бағыныңқы компоненттегі іс-әрекет болып үлгергенше, басыңқыдағы әрекет болып қояды. Бұл — басыңқы компонентінің баяндауышы өткен шақты білдіретін сабақтас сөйлемдерге тән қасиет. Ал егер: «Олар электр қуатын жасағанша, бу қуатын пайдаланамыз» (Мұстафин) деген тәріздес басыңқы компонентінің баяндауышы келер шақта айтылатын болса, ондай сөйлемдерде бағыныңқы жай сөйлем басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің мезгілдік шегін, қай уақытқа дейін болатындығын білдіреді.

ә) Бағыныңқы компоненттегі іс-әрекет басыңқыдағы іс-әрекетпен салыстырмалық қатынаста қолданылады да, басыңқыдағы іс-әрекетті істеудің қажет екендігі айтылады:



Көп істеп шала бітіргенше, аз істеп бабына келтір (Мұстафин). Қарағайға қарыс бұтақ біткенше, еменге иір бұтақ, бітсейші, Қыранға тұғыр қыларға. Ханнан қырық туғанша, Қарадан бір-ақ тусайшы, Халықтың кегін қусайшы (Махамбет). Білемін, ол бүгін Құнанбай баласының жолы болғанша, Кауменнің қан құйлысының жолы болсын деп отыр (Әуезов).

Әрине, мұндағы салыстыру — теңдестіру мәніндегі салыстыру емес, қарама-қарсы қою мәніндегі салыстырулар. Мұндай сабақтас сөйлемдер бір кезде қарсылықты сабақтас сөйлем тобында да қарал-ған болатын.

158
4. А т а у, кейде шығыс жалғаулы өткен шақтық есімше с о ң шылауына тіркесіп, бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай баяндауышта бағыныңқы компонент өз басыңқысымен екі түрлі магыналық қатынаста тұрады. Мыс.:

а) Басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің бағыныңқы компоненттегі іс-әрекеттен кейін болатындығын білдіреді: Кейінгілер шығып б о л-ғ а н с о ң, құтылғанына құанғандай Әсия келді (Әуезов). Молда маған орын н ұ с қ а ғ а н с о ң, Оразәлі мен оның қасындағы бала араларын аша берді (Мұқанов). Өзі ілгері б а р ғ а н с о ң, жау бе-тінде жас бала жалғыз тұрып қ а л ғ а н с о ң, мұңды болған Қыз~ Жібек... Бір құдайға зар етіп, мінәжат қып тұрады («Қыз Жібек»).

ә) Бағыныңқы компонент басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің се-бебін білдіреді. Мыс.:

Үш жесірді үлесетін үш әмеңгердің екеуі осыған байлаған соң, өзгелер шырық бұзбас (Әуезов). Оқу басталатын уақытқа шейін екі-үш айдай бос уақыт б о л ғ а н с оң, сол жылы, жалпы Россия-да болған ауыл шаруашылығының санақ қызметіне кірдім (Сейфул-лин). Қайғы мен ыза қысқан соң, зар шығады тілімнен (Абай).

5. Өткен шақтық есімше «с а й ы н» шылауына тіркесіп, бағы-ныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай сабақтас сөйлемде басыңқы компоненттегі іс-әрекет бағыныңқыдағы іс-әрекет болған сайын болып отыратындығы баяндалады. Мыс.:



Оның көзі қ а д а л ғ ан с а й ы н, Ботакөз тіккен ту желбірей түсті (Мұқанов). Жұмбақтың шешуі қиындаған с а й ы н, менің ойлануым да көбейіп барады. Ол шешесінің атын а т а ғ а н сайын, жүрегіне шемен боп қатқан жетімдік шері үлғая түсетін сияқты (Мүсірепов).

6. Ш ы ғ ы с ж а л ғ а у л ы өткен шақтық есімше к е й і н шылауына тіркесе айтылып, бағыныңқы сөйлем баяндауышы болады. Мұндай сабақтас сөйлемде басыңқы компоненттегі іс-әрекет әрдайым бағыныңқы сөйлемдегі іс-әрекеттен кейін болып отырады. Мыс.:



Қонақтар жайласып отырғаннан к е й і н, Итбай ауыз үйге шықты (Көбеев). Рахмет қоштасып ш ы ғ ы п к е т к е н н е н к е й і н, Наталъяның ұйқысы ашылып кетті (Мұқанов). Елизавета Быкова сауыға б а с т а ғ а н н а н к е й і н, Байжекеңнің ауыз үйі тіпті өзгеріп кетті (Мүсірепов). Дұшпанның атакасы қайта-рылғаннан к е й і н, ол штабқа жүріп кетті (Ақтанов).

7. Барыс жалғаулы өткен шақтық есімше д е й і н,

ш е й і н шылауларына тіркесе айтылып, бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы болады. Мұндай сабақтас сөйлемде бағыныңқы компонент басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің қай уақытқа дейін болғандығын я болатындығын, яғни мезгілдік шегін білдіреді. Мыс.:

Оспан жүріп кеткенге шейін, тоңғанына қарамай соның қасында дәйек болып жүрді. Олар бөктер жолмен айналып жеткенге дейін, мына төтесімен сіздер де барып қаласыздар. Құнанбай аттанып к е т к е н г е д е й і н, мұндай ауылдар қүрақ ұшып, қалбаң қағып жүреді. Жүргіншілер әбден көзден таса б о л ғ а н ғ а ш е й і н, бұлар арттарынан қарап тұрды (Әуезов). Торғай, шымшық, қар-лығаш, бөдене сияқты кішкене құстардың балапандары ұшқанға шейін, жылан оларды ұясына барып жұтады (Мұқанов).

8. Шығыс жалғаулы өткен шақтық есімше бері шылауына тіркесіп, бағыныңқы сөйлем баяндаушы болады. Мұндай сабақтас құрмаласта бағыныңқы компонент басыңқы компоненттегі іс-әре-кеттің басталу шегін, қашаннан бері солай екенін білдіреді. Мыс.:



Ол жұмысқа шыққаннан б е р і, қалтасынан дәрі-дәрмек арылмайтын (Сланов). Әбіш осы ауылға келіп к е т к е н н е н

159
бері оның көз жасы бір құрғаған емес (Көбеев). Мәжіліс басталған- нан бері, осы Қасым бір жапырақ қағазды алдына алып, Рақилаға өлең жазумен әуре болып отыр. Аудан көшіп келгеннен б е р і, Рақилаға көзі түсіп жүрді (Майлин).

9. Өткен шақтық есімше шақта, кезде, уақытта, мезгілде, сәтте, күні, жылы, сағатта, минутта , мезгіл мәнді сөздерге тіркесе айтылып, бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай сөйлемдерде басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің бағыныңқы компоненттегі іс-әрекетпен бір мезгілде болгандығы, мезгілдестігі баяндалады. Мыс.:

Көп жұрт Оспан жайын әр алуан айтып жылаған шақтарда Абай өзі де ақын тілімен іштей әлденеше жырлар шерткен Кейін Әбіш тоқтаған уақытта, үй іші тегіс алғыс айтты Қонақтарға қымыз құйылған мезгілде, өз ойымен тебіренгендей болып, бір толғаулы терең сөздер сөйлеп кетті (Әуезов). Әкесі өзбек қыстағына көшіп барған жылы, оның үйінен түнде өрт шығады (Мұқанов). Базарәліні бұл ұрып қ а л ғ ан с ә т т е, өзі- нің де самайынан Әбілғазының қайта сілтеген шоқпары зіл қара тастай қатты кеп соқты (Әуезов).

10. Өткен шақтық есімше -дай, -дей жұрнақты формада айтылып бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай баяндауыш-ты| бағыныңқылар басыңқыдағы іс-әрекетті екінші бір субъектінің іс-әрекетіне ұқсата, соған салғастыра баяндайды. Мыс.:



Барлық іске де бір ашу, серпін араласқандай, қирау, білінулер де көбейіп кетті (Мүсірепов).Кең бөлменің ауасы ж е т п е г е н д е й, оның демі тарылып кетті (Мұқанов). Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады, Жеке батыр шыққандай, қан майданға (Абай).

11. Өткен шақтық есімшенің шығыс жалғаулы түрі г ө р і шылауына тіркесе айтылып та бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Сабақтас құрмаластың мұндай түрінде бағыныңқы компоненттегі іс-әрекет, жай-күйдің болуынан гөрі, басыңқы компоненттегі іс-әрекет, жай-күйдің болуы керектігі баяндалады. Компоненттердің мұндай мағыналық қатынастарына негіз болатын да— салыстыру тәсілі. Сондықтан бұл тәріздес сөйлемдер де салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жатады. Бірақ сабақтастың бұл түрі жазу тілінде өте сирек ұшырайды. Мұндай мағыналық қатынасты білдіру үшін жазу тілінде, негізінде, бағыныңқы компонент баяндауышы -ша, -ше жұрнақты есімшеден болған сөйлем қолданылады.

12. Өткен шақтық есімше -дық+тан, -дік+тен қосымшалы түрде айтыльш, бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай бағыныңкы компонент басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің болу-болмауының себебін білдіреді. Мыс.:

Игілік үйіне кіріп келе жатқан жаңалықтардың бәрі де Ушаков пен осы Бушуев арқылъи өтіп ж ү р г е н д і к т ен, бұл екеуі Омар-дың көптен бері істес болып келе жатқан адамдары еді (Мүсірепов). Жайлаудың бәрі жазықта болғандықтан, өрт алыстағы жайлаудан да, жақындағы жайлаудан да ауылдың қасында ғана жанып жатқандай көрінеді (Мұқанов). Белгілі өлшеуі, мөлшері жоқ бұл шығын анық қараңғы жолмен алатын жем болғандықтан, оның атын жұрт, «қара шығын» дейтін (Әуезов).

Есімшенің қалған екі түрі жатыс септігінде және кейбір шылау мен шылау мәнді сөздерге тіркесіп, бағыныңқы жай сөйлем баяндау-ышы қызметінде қолданылатыны болады, бірақ өл тіл тәжрибесінде өте сирек кездеседі.

160
Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы
Шартты рай етістік райлары ішінде синтаксистік функциясы тұ-рақтылардың бірінен саналады. Ол әрдайым дерлік сөйлемнің баян-дауышы қызметін атқарады. Онда да кез келген сөйлемнің емес, негізінде, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің баяндауышы болады. Бұл функцияда ол жіктеліп те, жіктелмей де қолданыла береді. Бұл арада ескеруді керек ететін бір нәрсе — шартты райға жалғанатын жіктік жалғаудың қалыпты баяндауыш жалғауынан өзгешелігі. Қазақ тіліндегі жіктік жалғаудың өзі жалғанған сөзіне тиянақтылық мән беріп, оны сөйлемнің тиянақты баяндауышы етіп, бастауышпен жақтастырып тұратыны, сондықтан оның баяндауыш жалғауы деп те аталатыны белгілі. Ал шартты райға жалғанатын жіктік жалғау да баяндауыш жалғауы, ол да баяндауыш болып тұрған шартты райды бастауышпен жақтастырады. Бірақ шартты райға жалғанған жіктік жалғауда баяндауыш жалғауында болатын, ең негізгі қасиет, тиянақтылық қасиет болмайды. Сондықтан да шартты рай белгілі бір жақта жіктеле айтыла тұрып та бағыныңқы жай сөйлемді басыңңы жай сөйлеммен құрмаластыру функциясын атқара береді. Мұндай орындағы жіктік жалғау тек бір ғана функцияны, баяндауыш болып тұрған шартты райды бастауышпен қиыстыру функциясын ғана, атқарады. Жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра кұрмаластыру қызметінде қолданылатын етістіктің басқа түрлерінен шартты райдың негізгі бір ерекшелігі — оның осы жақтық формада айтыльш, өз бастауышымен қиысып тұратындығында. Бұл жағынан алғанда шартты райлы бағыныңқы компоненттердің баяндауышы қызметінде қолданылатын етістіктер ішіндегі шын мағынасындағы предикаттық мәні бар бірден-бір сөз деуге болады. Өйткені предикаттық мағынаның негізгі көрсеткішінің бірі баяндауыш қызметіндегі сөздің белгілі бір жақта айтылып, өз бастауышымен қиысатындығы болса, ол — бағыныңқы жай сөйлемдердің баяндауышы қызметінде қолданылатын сөздердің шартты райдан басқаларының ешқайсысында да жоқ.

Жай сөйлемдерді бір-бірімен қарым-қатынасқа келтіріп, құрмалас сөйлем жасауда шартты райдың өзіндік тағы бір ерекшелігі бар. Оны байқау үшін шартты райды бағыныңқы сөйлем баяндауышы функциясында қолданылатын етістіктің басқа түрлерімен салысты-райық.

Жай сөйлемді бір-бірімен құрмаластыру қызметін есімшелердің де атқаратыны белгілі. Бірақ екі жай сөйлемді бір-бірімен қарым-қа-тынасқа келтіретін есімше формасының өзі емес, есімшеге жалғана-тын әр түрлі септік жалғаулары мен оған тіркесе айтылатын шылау-лар. Бұларсыз есімше қүрмалас сөйлем жасай алмайды. Ал, шартты рай олай емес, ол басқа бір қосымша формалардың, дәнекерлердің жәрдемінсіз-ақ екі жай сөйлемді құрмаластыра алады. Сөйтіп, ол екі түрлі функцияны бірден атқарады: Әрі сөйлемнің баяндауышы бола-ды, әрі екі жай сөйлемді бір-бірімен қарым-қатынасқа келтіруші син-таксистік дәнекер болады.

Бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы болып келген шартты рай-дың, кейде, шылау сөздерге тіркесіп тұратыны да болады, бірақ ондай шылаулар екі жай сөйлемді байланыстыру үшін қолданылмайды, жай сөйлемдердің мағыналық қатынастарын түрлендіру үшін қолданылады.

Бұрын-соңды шыққан лингвистикалық әдебиеттерде шартты рай арқылы жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер не шартты бағы-ныңқылы сабақтас сөйлемге, немесе мезгіл бағыныңқылы сабақтас

161
сөйлемге ғана жатқызылады. Бірақ әдеби тіліміздің фактілері шарт- ты рай арқылы жасалатын құрмалас сөйлем компоненттерінің мағы- налық қатынастары алуан түрлі екендігін, шарттылық қатынас пен мезгілдік қатынас олардың ұшан-теңіз мағыналарының бір түрі ғана екендігін байқатады. Әрине, шартты райдың дәнекерлігі арқылы құрмаласатын компоненттердің мағыналық құбылыстары бір ғана шартты райға байланысты деп қарау дұрыс болмайды. Ол құбы-лыстар бағыныңқы компоненттің баяндауышы болып тұрған шартты райдың қандай ортада, қандай сөздермен тіркесе, күрделене айтылуына да байланысты. Оны мына мысалдардан да көруге болады:



Өзгелер қалай жүрсе, мен де солай жүремін, Сыреке (Мүқанов). Басқалар қандай қ у а н с а, ол да сондай қуанған еді. Еңбекті қанша і с т е с е ң, табысты сонша аласың. Майдандағы сіздердің халіңіз қандай б ол са, біздің халіміз де сондай. Бөлекбасты жү рісі қандай маң б о л с а, сөзі сондай паң (Әбішев). Кісі қалай жүрсе, көлеңке солай жүреді.

Бұл мысалдағы тәріздес сөйлемдер кейбір лингвистикалық әде-биеттерде шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемге жатқызылып жүр. Бірақ жоғарыда келтірілген сөйлемдердің компоненттері бір-бірімен шарттылық қатынаста тұр деуге болмайды. Мұндағы бағыныңқы компоненттер құрамындағы қалай,қандай, қанша деген сөздер мен басыңқы компоненттер құрамында тұрып, алдыңғыдағы сұрау есім- діктеріне жауап ретінде айтылып тұрған солай, сондай, сонша сөз- дері құрмалас сөйлемге теңдестік, салыстырмалылық мағына беріп түр. Ал, енді:



Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсың. ¥яда нені көрсе ұшқанда соны алады. Киіз кімдікі б о л с а, білек сонікі Кімге арқа сүйесең, сонны таяныш етесің («Мақал-мәтелдер жи- нағы»). Қай ауылдың үстінде сияз болса, сол ауыл мал шығасылы болады. ¥лық қай ауылға сияз қ ұ р с а, сол ауылды қырына алғаны (Әуезов). Кім көп істесе, сол көп алады деген сөйлемдер де құрылысы жағынан алдыңғы мысалдағы сөйлемдер тәріздес. Бұ-ларда да алдыңғы мысалдағы сияқты бірінші компонентінде сұрау; есімдігі келсе, екінші компонентінде сілтеу есімдіктері келіп отырған. Бірақ компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда, соңғы мысалдағы сөйлемдер алдыңғылармен бір емес, бұларда алдыңғылардағы сияқты теңдестік, салыстырмалы-лық қатынас жоқ. Мұндағы компоненттер біріншісіндегі сұрау есімдіктері мен екіншісіндегі сілтеу есімдіктері арқылы өз ара іліктесе байланысқан.

Мысалдардан байқалып тұрғанындай бағыныңқы жай сөйлемдегі сұрау есімдігі мен басыңқы жай сөйлемдегі сілтеу есімдігі арасында формалық ұқсастық, тұлғаластық болып отырады. Мыс.:





Бағыныңқы компонентте:

Басыңқы компонентте:

Қандай

Сондай

Канша

Сонша

Қалай

Солай

Кімнің

Соның

кімді (нені)

соны (сол)

кімге (неге)

Соған

Кім

Сол

Кімдікі

Сонікі

Кай

Сол

Шартты райлы бағыныңқылардың бұл түрлерінде бағыныңқы компонент құрамындағы сұрау есімдігінің әсерінен азды-көпті болса

162
да сұраулық мағынаға ие болады да, соңғы басыңқы компоненттегі сілтеу мәнді сөздер алдыңғыдағы сұраудың жауабы ретінде қолданылады. Соның нәтижесінде компоненттер мағыналық жағынан өз ара іліктес болып тұрады. Мыс.:

Оқушылардың бірі аяғын еппен б а с с а, бірі салмақтылық көрсетемін деп шамадан тыс адымын керіп маң басады; бірі байыппен с ө й л е с е, екіншісі асыға сөйлейді (Иманжанов). Бұрынғы құрылысшылардың басым көпшілігі әлекедей жаланған жас жігіттер б о л с а, мына құрылысшылардың көпшілігі жасамыс еркектер мен әйелдер, біразы. ересек балалар. Үйренбеген кісі олардың арасынан әрең жүрсе, түрғын елдің балалары жалаңаш-жалпы қалыптарымен тығылымбақ ойнайды (Мұқанов). Ғылым атынан тағлым айтады д е с е, топастыққа топастық, жауыздыққа жауыздық қосқаңы несі?! (Әуезов).

Бұл мысалда да жай сөйлемдер бір-бірімен шартты рай формалы етістіктің дәнекерлігі арқылы құрмаласқан. Бірақ компоненттердің мағыналық қарым-қатынастары жағынан алғанда, бұлар алдыңғы екі мысалдағыдан мейлінше басқа. Мұндағы сабақтастардың компо-ненттері бір-біріне қайшы, қарсы мағынада айтылған. Ал, енді:

1. Неғұрлым тез қ а й т с а, солғұрлым қайсымыз үшін де теріс болмас. Ондай ысырап еске алынбайтын б о л с а, кім басқара алмас еді (Мүсірепов). Орайы к е л с е, орақ ор; кезі к е л- с е, кетпен шап. Алтау ала б о л с а, ауыздағы кетеді; төртеу түгел б о л с а, төбедегі келеді (мақал).

2. Байжекең суырдың інін тереңдетіп қазып көрсе, ар жағы сіресіп жатқан тас көмір екен (Мүсірепов). Базарәлі мен жатақ көрген, өз көз алдымда өткен жауыздықтарын қозғай б а с т а - с а м, менің алпыс екі тамырым түгел ереуілдей туламас па! (Әуезов). Біз мектептен шыға к е л с е к, сыртта Сауытбай ақсақал тұр екен (Көбеев) деген мысалдағы сабақтас сөйлемдер құрмаласу тәсілдерінің бір тектестіктеріне қарамастан жоғарыда талданған мысалдардың ешкайсысына да ұқсамайды. Бұл екі мысалдың біріншісіндегі компоненттер өз ара шарттылык; қатынаста айтылса, екіншісіндегі компоненттер мезгілдік қатынаста айтылған, яғни бірінші топтағылар шартты бағының-қылар да, екінші топтағылар мезгіл бағыныңқылар.



Кәрі әже байғүс күзден бері байлар үшін малма сапсыса, енді Қаражан бәйбішенің тапсыруымен жіп иіріп, шүйке түтіп, арқан-жіп есуге кіріскен. Кейбір сондай ойларын достарымен кеңесе а й т- с а, кейде ұзақ тереңге кетеді (Әуезов) деген сөйлемдер әрекеттің кезектесіп болғанын білдіреді.

Сонымен, жоғарыда талданған мысалдарға қарағанда, шартты рай арқылы құрмаласатын сабақтас сөйлемдер компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастарына қарай шарттылық. мезгілдік, қарсылықты, іліктес, салыстырмалы к е з е к т е с болып келетіндігі байқалады. Шартты райдың дәнекерлігі арқылы құрмаласатын сабақтас сөйлемдер компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан осы айтылған бес-алты түрден аспайды деуге болмайды. Жоғарыда ескертілгендей сабақтас сөйлемнің шартты рай формалары арқылы құрмаласатын түрі мағыналық құбылысқа орасан бай. Бас ж а р ы л с а, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде. Игілік енді о й л а н с а, осы отырған үшеуінің де енші сұрарлық орны бар екен (Мүсірепов) дегендер тәріздес сөйлемдерді пәлендей мағыналық қатынаста тұр деу тіпті қиын.

Бұл айтылған жағдайлар шартты рай арқылы құрмаласатын са- бақтас сөйлемдердің мағыналары әр қилы болатындығын байқатады.

163
Құрмалас құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен кейде –ысы//-ісі жұрнақты етістіктің көмектес жалғаулы түрі арқылы да құрмаласады. Баяндауышы етістіктің осы айтылған түрінен болған бағыныңқы компонент басыңқы компонентпен мезгілдік қатынаста айтылады да, бағыныңқы компоненттегі әрекет болысымен іле-шала басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің де болғандығын я болатындығын білдіреді. Мыс.: Жүргіншілер ауыл иелеріне сәлемдесіп болысымен, бір-бір жылпос жігіт аттарды ұстай алысты. Абай араларынан к е т і с і м е н, анталап тұрған қалың жиын арасында ауыздан-ауызға көшкен сыбыр бұйрық жайылды (Әуезов).


Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
Жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра құрмаластыру қыз-метін бағыныңқы компонент баяндауышы болып тұрған тиянақсыз етістікке көмекші болып, соны меңгеріп, жетектеп тұратын демеулер де атқарады. Ондай демеулер қатарына — шейін, дейін, кейін, бері, сайын, соң, үшін шылаулары жатады.

Бұл аталған шылаулардың синтаксистік функциялары түрлі-түрлі. Сондықтан бұлар келген орынның бәрінен бірдей бағыныңқы сөй-лем іздеуге болмайды. Келтірілгөн демеулер қалыптасқан тиісті орындарда, белгілі формадағы арнаулы сөздерге тіркесіп айтылған жағдайда ғана аталған қызметті атқара алады және бүл демеулер тір-кесетін сөздердің морфологиялық формалары да әр түрлі болады. Атап айтқанда шейін, дейін демеулері өткен шақтық есімшенің барыс жалғаулы түрін меңгеріп тұрып бағыныңқы компонент баяндауышы құрамына енеді. Мұндай компоненттер бағыныңқы сөйлемдегі іс-әрекет , болғанға дейін басыңқыдағы іс-әрекеттің болып қойғандығын я болып қоятындығын немесе болудың мезгілдік шегін білдіреді, мыс.:



Оспан жүріп кеткенге ш е й і н, тоңғанына қарамай соның маңында дәйек болып жүрді (Әуезов). Торғай шымшық, қарлығаш, бөдене сияқты кішкене құстардың балапандары ұ ш қ а н ғ а ш е й -і н жылан оларды ұясына барып жұтады (Мұқанов). Құнанбай аттанып к е т к е н г е д е й ін, мұндай ауылдар құрақ ұшып, қалбаң қағып жүреді (Әуезов).

жүктеу 10,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау