Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



жүктеу 10,1 Mb.
бет25/26
Дата14.05.2018
өлшемі10,1 Mb.
#13083
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
АРАЛАС Қ¥РМАЛАС СӨЙЛЕМ
Құрмалас сөйлем құрамына енген жай сөйлемдер, жоғарыда ай-тылғандардай, өз ара әрдайым не бірыңғай салаласа, не бірыңғай сабақтаса байланысып отырмайды. Көп жағдайда құрмаласудың осы екі тәсілінің (салаласу мен сабақтасу тәсілдері) бір сөйлем ішінде қа-тарымен келе беретіні болады. Мысалы:

Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай-салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы. кемерлеп тұр. Түн бойы жазғандарын хатшыға көшіртіп алып, Ушаков қайта оқып шығып еді, толып жатқан қайшылықтар бар екен. Бүгін жұмысқа кім шықпай қалса, соны көнбегенге санаймын да, бүгіннек бастап есебін беріп, босатып жіберем (Мүсірепов). Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, аспан айнадай ашық екен де, нұры, толқи жарқыраған күн түске тармасып қалған екен (Мұқанов). Шарды түбінде елубасылар салып болған соң, санайтын ұлықтардың өзі болмайды, оны осы мынау столда отырған екі тілмаштың бірі санайды (Әуезов).

Мысалдағы құрмалас сөйлемдердің барлығы да аралас құрмалас сөйлемге жатады. Өйткені ондағы әрбір құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысып келген. Мысалдағы үш жай сөйлемнен құралған алдыңғы құрмаластың бірінші жай сөйлемі екінші жай сөйлеммен салаласа құрмаласқан да, екінші жай сөйлем үшінші жай - сөйлеммен сабақтаса байланысқан. Ал, мысалдың екінші сөйлемінде бірінші жай сөйлем екінші жай сөйлемге сабақтаса байланысса,-екіншісі үшінші жай сөйлемге салаласа байланысқан. Мысалдың кейінгі сөйлемдерінде де осылар тәріздес құрмаласудың екі тәсілі бірдей араластырыла қолданылып отырылған.

Осылар тәріздес құрамына енген жай сөйлемдері бір-бірімен са-лаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмалас сөйлем аралас құрмалас сөйлем деп аталады.

Аралас құрмалас сөйлем құрамында үш, немесе одан да көп жай сөйлемдер бола береді. Жоғарыда келтірілген мысалдағы құрмалас сөйлемдер құрамында үш жай сөйлемнен бар. Ал енді: Алғашқы айларда шоқ-шоқ қарағанға тіреле төгілген сары балшық ыржиып жатқанда, қазақ жұмыскерлері оны «сары ауыз» деп жүріп еді, қазір сары балшықтың бетін түгел көмір ұнтағы жауып кетті де, ол «қара жыра» атанды. Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, эке, шешесінің дауыстары дабырлап, сөздері үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөз ортасынан үзіліп, аяқталмай тоқталғаны аңдалады (Мүсірепов) деген сөйлемдердің біріншісі төрт жай сөйлемнен құралса, соңғысы алты жай сөйлемнен құралған.

Аралас құрмалас сөйлем үш жай сөйлемнен құралғанда, ондағы салаласа байланысу да, сабақтаса байланысу да бір-бірден ғана бо-лады. Ал, егер ол төрт, немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған болса, онда салаласа байланысатын жай сөйлемдер де, сабақтаса байланысатын жай сөйлемдер де бірнешеуден болуы мүмкін. Мысалы, осының алдында ғана келтірілген, төрт жай сөйлемнен құралған аралас құрмалас сөйлемнің тек алғашқы айларда шоқ-шоқ қарағанға тіреле төгілген сары балшық ыржиып жатқанда, — деген бірінші жай сөйлемі ғана сабақтаса байланысқан да, — қазақ жұмыскерлері оны «сары ауыз» деп атап еді, қазір сары балшық-тың бетін түгел көмір ұнтағы жауып кетті де, ол «қара жыра» атанды, — деген кейінгі үш жай сөйлем өз ара салаласа байланыс-қан. Ал енді, сол мысалдың алты жай сөйлемнен құралған соңғысында — Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, деген бірінші жай сөйлем.. әке, шешесінің дауыстары

223


дабырлап, — деген екінші жай сөйлемге сабақтаса байланысса, бұл екіншінің өзі... сөздері үздіксіз шығады да, — деген үшінші жай сөй-лемге сабаңтаса байланысады, ал бұл үшінші жай сөйлем... Лиза үйге қайтса, — деген төртінші жай сөйлемге салаласа байланысса, төртіншінің өзі... сөз ортасынан үзіліп, — деген бесінші сөйлемге сабақтаса байланысқан, сол сияқты бесінші алтыншы жай сөйлеммен де сабақтаса байланысқан. Сөйтіп, мұнда төрт жай сөйлем сабақтаса байланысса, бір жай сөйлем салаласа байланысқан. Талданған мысалдарға қарағанда, төрт, немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралған аралас құрмалас сөйлемдерде компонент-тердің бір-бірімен байланысу жолдары біркелкі болмайды: бірде салаласа байланысқан жай сөйлемдер көп болса, бірде сабақтаса байланысқан жай сөйлемдер көп болып келе береді.

Аралас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер де бір-бірімен қалыпты салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластардағы жай сөй-лемді құрмаластыру тәсілдері арқылы байланысады.

Салалас құрмалас сөйлемдегі сияқты аралас құрмаластағы сала-ласа байланысатын жай сөйлемдер де бір-бірімен жалғаулықтар ар- қылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді. Мысалы: Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді, бірақ оның реті болмай қалды. Кеше іңірде Жабай жылқының бір шетін қайырып жүр еді, Игілік аулынан құйғытып шыға келген жолбасар жігіттер мұны ортаға алып, оған қасқырдың қозыға жапқан жаласын жапты. Жабай атынан ауытқып құлай берді де, сол аяғы үзеңгіге ілігіп қалып, ол біраз сүйретіліп барып жерге сылқ етті (Мүсірепов).

Мысалдың бірінші сөйлемінде екінші компонент соңғы үшінші компонентпен б і р а қ деген қарсылық жалғаулығы арқылы құрма-ласса, үшінші сөйлемнің бірінші компоненті өзінен кейінгі жай сөй-леммен д е жалғаулығы арқылы құрмаласқан. Ал мысалдың екінші сөйлеміндегі бірінші компонент екінші компонентпен жалғаулық-сыз, іргелесе байланысқан.

Дәл осы сияқты, аралас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөй-лемдердің сабақтаса байланысу тәсілінде де жалпы сабақтас құрма-ластағы жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілінен ешқандай өзгешелігі болмайды. Мұндағы сабақтаса байланысатын жай сөйлемдер де өзі жетегінде тұратын компоненттерге етістіктің есімше, көсемше, шарттырай, тағы басқа формалары арқылы құрмаласады. Жоғарыда келтірілген мысалдардағы сабақтаса баиланысқан жай сөйлемдер дәл осы айтылған формалар арқылы құрмаласқан. Сөйтіп, бұл айтылғандардан байқалатын нәрсе аралас құрмалас сөйлем дегені-міз жай сөйлемдер құрмаласуының салалас пен сабақтастан бөлекше тұратын, үшінші бір тәсілі емес, сол негізгі екі тәсілдің — салаласу мен сабақтасу тәсілінің — бір құрмаластың ішіне топтасқан түрі болып табылады.

Аралас құрмалас сөйлем құрамында оның жеке компоненттері ретінде төл сөздердің болуы да мүмкін. Мысалы: «Пушкин дегеніміз төтенше көрініс, және ол орыс рухының бірден-бір қөрінісі болуы да мүмкін», —деп, Гоголъ Пушкиннің орыс әдебиеті тарихын-дағы ролін өте жоғары және соншалық әділ бағалады, — деген сөйлем де аралас құрмалас сөйлемге жатады. Мұндағы төл сөз құрамындағы — Пушкин дегеніміз төтенше көрініс, — деген бірінші жай сөйлем төл сөздің екінші жай сөйлемімен ж ә н е жалғаулығы арқылы салаласа құрмаласса, төл сөздің — ол орыс рухының бірден-бір көрінісі болуы да мүмкін, — деген екінші жай сөйлемі деп көмекші етістігі арқылы автор сөзі болып тұрған жай сөйлемге сабақтаса байланысып тұр, т. б.

224
V. БӨГДЕ СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Адам сөйлегенде я жазғанда сол өзі баяндап отырған мәселеге байланысты немесе соған қатысы бар басқа біреулердің сөзін, пікірін келтіретіні болады. Ондай келтірінді сөздер автор үшін басқа біреудің сөзі яғни бөгде сөз болып табылады. Бөгде сөзге әрдайым басқа біреулердің айтқанынан алынған сөздер ғана жатпайды, сонымен бірге, автордың басқа бір жағдайда, басқа бір еңбектерінде айтқан өзінің сөзінен алынған келтірінділері де жатады.

Бөгде біреудің сөзін келтірудегі мақсат әр түрлі. Бірақ солардың ішіндегі ең негізгісі — сөйлеушінің я жазушының баяндап отырған мәселе жөніндегі өз пікірінің, байымдауларының дұрыстығын дәлел-дей түсу мақсаты. Бөгде сөздерді қолдану тәсілі түрлі-түрлі болуы мүмкін: бір жағдайда бөтен біреуден алынған сөз ешқандай өзгеріс-сіз, түп нұсқасы бұлжытылмай қолданылса, екінші бір жағдайда ол азды-көпті болса да өзгертіліп, тың сөздер, грамматикалық тың фор-малар қосылып, немесе жеке сөздері, грамматикалық жеке формала -ры түсіріліп айтылуы да, болмаса біреудің тек пікірі ғана алынып, ол түгелдей автордың өз сөзімен берілуі мүмкін. Соған қарай бөгде сөз төл сөз, төлеу сөз болып екі топқа бөлінеді.


Төл сөз
Қазақ тілі білімінде қалыптасқан дәстүр бойынша, төл сөз деп, жазушының я сөйлеушінің сөздігі жағынан болсын, грамматикалық формалары жағынан болсын ешқандай өзгеріссіз бұлжытпай алып, өз сөзі ішінде қолданған басқа біреудің сөзін айтамыз.

Біз бұл арада қалыптасқан атауды өзгеріссіз қолданып отырмыз. ІІІындығында, «төл сөз» деген грамматикалық атау бұл арада өзінің мазмұнына сай қолданылмаған. «Төл» деген сөз меншікті, тән деген мағынаны білдіреді және осы сөздермен синонимдес. Ал, сөйлеуші-нің я жазушының өз сөзі ішінде келтірген басқа біреудің сөзі оған, яғни авторға төл сөз бола алмайды, ңайта керісінше, ол автор үшін басқа біреудің сөзі, яғни бөгде сөз болып табылады.

Қолдану орнына, қолдану мақсатына қарай төл сөз цитат түрінде және диалог түріңде болады.

Цитат түріндегі төл сөз, негізінде, саяси әдебиеттерде, ғылми жә-не әр алуан публицистикалық еңбектерде қолданылады. Цитат ре-тінде келтірілген төл сөздің айналасында оны пайдаланып отырған

225
жазушының я сөйлеушінің өз сөздері қоса қолданылады. Ол сөз автор сөзі деп аталады. Төл сөздің айналасында қолданылатын автор сөзінің атқаратын қызметі — төл сөздің кімдікі екендігін, қайдан алынғандығын, төл сөз иесінің алынып отырған үзіндінің алдында нелерді айтқанын, оның үзіндіні қандай күйде, қандай жағдайда, іш-кі сезім дүниесінің қандайлық құбылыстары жағдайында айтқанды-ғын және қалай айтқандығын, тағы сол сияқтыларын білдіру. Оны мына мысалдардан да байқауға болады: Гоголь «Пушкии туралы бірнеше сөз» деген мақаласында: «Біздің тіліміздің барлық байлығы, күші, икемділігі Пущкиннің лексикасына дарыған тәрізді», деп жазады. Ы. Алтынсарин өз халқының бойындағы игі қасиеттерін айта келіп: «Қазақ деген жасанды мінезі жоқ, қарапайым халық. Бірақ оның сол қарапайымдығының өзінде көп жақсылығы жатыр», деп жазды А. С. Пушкин шығармалары-ның ұлылығына сүйсінген сыншы: «Пушкин поэзиясы теңіз тәрізді», деп бағалады.

Автор сөзі диалог түрінде келетін төл сөздерде де болады. Бірақ диалог түріндегі төл сөз қолданылу орны жағынан да, функциясы жағынан да цитат түріндегі төл сөзден басқа. Қолданылу орны жағынан алғанда, диалог төл сөз көркем әдебиет жанрларында қолданылады. Мұндағы төл сөз болып саналатындар көркем шығар-малардағы персонаждар сөздері, ал, персонаждарға сөз беріп, олар-ды сөйлестіріп отырған жазушының өз сөзі, автор сөзі, болып есептеледі. Сондықтан диалог төл сөз цитаттағыдай оны қолданушы автордың пікірін дәлелдеу үшін қолданылмайды. Жеке адамдардың (персонаждардың) бір-бірімен сөйлесуі, әңгімелесуі түрінде болады.

Диалог төл сөздің айналасында қолданылатын автор сөзінің атқа-ратын функциясында да цитаттағы автор сөзінен біраз өзгешелікте-рі болады. Мұндағы автор сөзі төл сөздің кімдікі екендігін білдіру, оны қандай құбылыста, қандай күйде, қалай айтқандығын және кімге айтқандығын байқату сияқты функциялар атқарады. Сонымен бірге автор сөзінің әрбір сөйлеушінің сөзі сайын қолданылып оты-руы шартта болып есептелмейді. Оны мына мысалдан да көруге болады:

Мынау, аттан түсіп жатқан кім? деді Шұға.

Әбдірахман ғой, дедім.

Әбірахманың кім?

Қазақбайдың баласы.

Иә, әлгі учителъ баласы ма?

Иә.

Жап-жас жігіт екен ғой, деп, бірер қарады да, Шұға отау- ға кіріп кетті. Бір сөздің ретінде Әбдірахманға:

Еліңді қыстан шығардың ба, бала? — деді бай. .

Шүкір, шығардым, деді Әбдірахман.



Біреу дауыстаңқырап:

Қалқажан! деді.

Әу! деді екіншісі назды дауыспен (Майлин).

Төл сөз құрамы жағынан әр алуан болып келеді: Ол жеке бір сөз болуы да, бір сөйлем болуы да, болмаса әлденеше сөйлемдер тіз-бегінен құралған тұтас бір үзінді болуы да мүмкін. Төл сөз сөйлем-дердің мағыналық жағынан да, құрамы мен мүшеленуі жағынан да тіліміздегі төл сөз емес түрлерінен ешқандай өзгешеліктері болмайды. Тілімізде қандай құрамда, қандай мағыналық сазда айтылатын сөйлемдер болса, соның барлық түрі де төл сөз сөйлемдерде болады.

Төл сөз қандай құрамда, қандай мағынада айтылса да, ол автор сөзімен байланысты болады. Құрам жағынан автор сөзі де әр турлі құрылыста айтылады. Оның қандай құрамда айтылуы автордың төл сөзге байланысты нелерді байқатқысы келетініне, контекске байла-

226
нысты болады. Егер автор төл сөздің кімдікі екендігін көрсетумен

ғана тынатын болса, автор сөзі бір-екі сөзден ғана құралады. Мысалы: «Трагедия— драмалық поэзияның жоғарғы басқышы және шолпаны»,— дейді Белинский. Егер төл сөзді қолданушы адам оның кімнен, қайдан алынғанын көрсетумен бірге төл сөз иесінің оны қан-дай жағдайда, қалай айтқанын, оған өзінің көзқарасын байқатқысы келетін болса, автор сөзі бірнеше жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлем болып кетуі де мүмкін, мысалы: Зәйкүл ауыл жаққа жал-таң-жалтаң қарады да:

Ойбай, тентекжан, жүр, ауыл адамдары жүгіріп келеді! деп, шелегін жерден көтеріп алды да, жүруге ыңғайланды. (Майлин).

Төл сөз автор сөзімен байланысты болады дедік. Бірақ ол байла-ныс төл сөздің бастапқы құрылысын өзгерте, оған грамматикалық жаңа дәнекерлер қосу арқылы болмайды. Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру үшін, оның тіпті жеке бір сөзінің грамматикалық формасын өзгертіп айтатын болса да, ол төл сөз болудан қалады. Сондықтан төл сөздің автор сөзімен байланысы оның (төл сөздің) бастапқы құрылысына ешқандай өзгеріс енгізбей, өз дербестігін то-лық сақтау жағдайында жүзеге асырылады. Төл сөз бен автор сөзі арасындағы мұндай байланысты қамтамасыз ететін байлауыш дә-некер -д е көмекші етістігі.

Төл сөздің бастапқы дербестігің толық сақтай отырып, оны автор сөзімен байланыстыру функциясын д е етістігінен басқа ешбір сөз, ешбір грамматикалық форма атқара алмайды. Д е етістігінің төл сөздің төл сөз екенін танытудағы қасиеті де оның осы функция-сында.

Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру функциясында қолданыл-ғанда д е етістігі д е д і, д е г е н, д е р, д е й т і н, д е й д і, д е п т і д е п, д е с е (де) және есімшенің әр алуан септік жалғаулы түрлерін-де айтылады. Мысалы:

Тым бері бұрыла бермеңіз, күнбатысқа таман жүрейік,д е д і жолдасым.

Жамандатқыр, мынау бір ит екен! Тіпті жүрмейді, деп қамшымен салып-салып жіберді. Әжем мені оятып:

Жаппас келіп қонып жатыр. Базарбаймен көрісіп, қарағымды сүйіп келдім,д е й д і. Келе жатқандар:

Анау кім?десті. Әбдірахман:

Шұғаны алмай тынбаймын!д е у м е н болды (Майлин).

Әруағың да өзі, жастарының жендеті де өзі болғаны ма? д е г е н д е, Абай оған сәл сүйсіне қарады.

Ендеше, Еңлік, Кебек құраны мынау болсын,д е й салып, тамағын кенеп алып, шырқап тұрып әсем, қоңыр дауысымен ән бастады. Абай:

Мынау елдің, қажырлы елдің, дәл бұл ісін аяқсыз тастап болмайды,д е г е н.

Қазірден бастап аттаныңдар!д е г е н д і айтты да, өзі де орнынан тұра бастады (Әуезов).

Төл сөз бен автор сөзін бір-бірімен байланыстырушы д е етістігінің жоғарыда көрсетілгендей формалық құбылыстарда келуі оның өзінен кейін тағы қандай сөздердің айтылуына және сонымен синтаксистік қатынасқа келу қажетіне байланысты болады.

Автор сөзі орналасуы жағынан да түрлі-түрлі болады: төл сөзден бұрын келуі де, төл сөзден кейін келуі де, төл сөздің екі жағында бірдей келуі де, төл сөздің ішінде келуі де мүмкін. Соған қарай оның синтаксистік құрылысы да әр түрлі болады.

227
Автор сөзінің төл сөздің алдында ғана келуі оның басқа орында қолданылатын түрлеріне қарағанда сирегірек қолданылады. Автор сөзінің бұл түрі формалық жағынан тиянақты болып келеді де, төл сөзбен онша тығыз байланыста айтылмайды, одан кейін төл сөздің келтірілетіндігі оның тек мағынасынан ғана байқалып тұрады, мы-еалы: Әбіш аз ойланып отырып, ендігі сөзін бастады:

Қадірлі Мағыш, мен осы келгенде, ең алдымен, сізден кешірім өтінгелі келдім. Әбіш сөйлеп отыр: Мен сізді байлаусыз, жау- апсыз ұзақ күттіргеніме кешірім сұраймын.

Төл сөзден бұрын келетін автор сөзі кейде өзінен кейін төл сөздің келетінін білдіре, соған нұсқап айтылады. Мұндай жағдайда автор сөзі ішінде мынау, б ы л а й, мынаны дегендер тәріздес сілтеу мәнді сөздер де болады, мысалы: Сөзінің қорытындысында ол былай деді:

Әлде мені сабаща жаңа түскен бала деймісің. Сендер білгенді мен баяғыда білгенмін. Сендер көргенді баяғыда көргенмін... Оның айтқаны мынау:

Мен үшін қам жемеңдер. Не істеуді өзім де білемін... (Мұс-тафин).

Автор сөзі төл сөзден кейін келеді. Мұндай жағдайда төл сөз бен автор сөзі арасында әрдайым де етістігі келеді және ол, жоғарыда айтылғандай, әр алуан тұлғалық құбылыстарда тұрады. Егер автор сөзі төл сөздің иесін атаумен ғана тынатын болса д е етістігі тиянақ-ты формада (көбінесе, жіктік жалғаулы түрде) айтылады, мыс.:

Сабырды саботажға, насихатты бос былшылға айналдырмау керек,д е д і Аман (Мұстафин).

Осының жылқысы мыңға жетеді. Сиқын қарашы,д е й д і Тоқабай. «Көпті жамандаған көмусіз қалады»,дейді халық мақалы (Мұстафин).

Автор сөзінің мұндай құрамды түрінде д е етістігінің дәнекерлік қызметінен гөрі сөйлемге тиянақтылық мән беру, оны аяқтап тұру қызметі басым болады. Ол (д е етістігі) төл сөзді өз құрамына алады да, сонымен бірігіп барып, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқа-рады.

Төл сөзден кейін келген автор сөзі кейде өз алдына жеке бір, не-месе бірнеше жай сөйлемдерден құралған күрделі болып та келеді. Мұндай жағдайда д е етістігі есімше, көсемше я д е шылаулы фор-мада айтылып, төл сөзді автор сөзімен байланыстыру қызметін атқа-рады, мысалы:

Баласы әке болғанда да, әкесіне бала ғой,д е п, Аман көзіне жас алды.

Дұрыс-ақ, бір Малқар құласа, он Шөгел аяғын байқап басады,д е д і де, Алексей орнынан тұрды.

Рақмет, осы атағаныңыз да жетеді! д е п Аман Қалабайдың қолын ұстады.

Мынау не жұмбақ, жаным-ау!? Не үшін берді?д е п, Аман ойланып келе жатқанда, Таймас оның қолынан орамалды алды да, жымың-жымың етіп қалтасына салды (Мұстафин).

Автор сөзінің төл сөзден кейін келуі көркем шығармаларда бо-латын диалогты сөйлемдерде өте жиі қолданылады да, цитат түрінде келетің төл сөздерде өте сирек болады. Ол — төл сөздің бұл екі түрінің өзіндік ерекшелігіне байланысты.

Автор сөзінің қазақ тілі синтаксисінде көп қолданылатын және ертеден бері қарай келе жатқан көне түрі — төл сөздің екі жағында келетін түрі. Автор сөзінің бұл түрінің атқаратын қызметінде немесе мағынасында алдыңғы екі түрінен (төл сөздің алдында және төл сөз-

228
дің соңында келетін түрлерінен) ерекше өзгешелік жоқ. Бұл негі-зінде алдыңғы екі түрдің бір жерге топталуы дуеге болады. Мысалы: Аман құрама ауылдан көз алмай келе жатып: Жақаңның қолына болыстық тимей жүр екен ғой, деді Мақаш Аманга қарап: Бәлем, өзіңнен зорға кездессең, жым боларсың,деп қояды.

Қазақ халқының ұлы ағартушысы, тұңғыш педагогі Ыбырай Ал-тынсарин: «Қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды. Оның ой пікірі еркін. Оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр»,деп жазған болатын (Алтынсарин).

Тіліміздің қазіргі синтаксистік құрылысында автор сөзінің бұл түрінде төл сөзден бұрын келген бөлшегі аяқталмаған, тиянақсыз түрде айтылады да, төл сөзден кейін келген бөлшегі тиянақты түрде айтылады. Ал, ертеректегі әдебиеттерде бұлардың құрылысы біраз өзгешерек болып келеді. Мысалы: Сонда Төлеген айтты: «Қанша күнде барамын?»деп. Сонда Төлеген үш рет дауыстап шақырды: «Бұл үйде кім бар? Сен еркекпісің, ұрғашымысың?! Тірі адам бар-мысың?»деп («Қыз Жібек»).



Бұрынғы қазақтың жайын жақсы білетін адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады»,д е п (Құнанбаев).

Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып ақыл айтты:

Балам, дүниедегі жаратылған жанды-жансыздардың ешқай-сысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,д е п. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киім жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:

Әже, осы қиқымның еш нәрсеге керегі бола қалмас,д е п (Алтынсарин).

Бұл келтірген мысалдардың барлығында да, төл сөздің алдында келген автор сөздері етістіктің тиянақты түрлеріне (жіктік жалғау-лы) аяқталғанда, төл сөзден кейін д е п етістігі келіп отырған. Автор сөзінің мұндай құрылыстағы түрі ауыз әдебиетіне жататын шығар-маларда, сол сияқты, Ыбырай, Абайлардың қара сөзбен жазылған еңбектерінде, жалпы көнерек жазу нұсқаларында көп кездеседі. Ал әдеби тіліміздің қазірсі синтаксисінде де етістігінің, жоғарыдағыдай көсемше (деп) формалы түріне аяқталатын төл сөзді сөйлемдер болмайды. Егер төл сөзден кейін келген д е етістігі көсемше форма-да айтылатын болса, одан кейін не басқа бір тиянақты сөз келеді, немесе тұтас сөйлем айтылады.

Автор сөзінің төл сөздің ішінде келетіні де болады. Төл сөз бен автор сөзінің мұндай қатынасы әдеби тілімізде кейінгі дәуірлерде к;алыптасты. Оның қалыптасуына орыс тілінен жасалған аударма-лардың ерекше әсері болды. Төл сөз бен автор сөзінің бұл құрылыс-тағы түрі қазірдің өзінде де онша етек алып кете қоймағанымен, төл сөздің диалог түрінде болсын, цитат түрінде болсын сирегірек болса да кездесіп қалып отырады.

Автор сөзінің төл сөздің ішінде келетін түрі төл сөздің бір сөй-лемінің ішінде келуі де, екі сөйлемінің арасында келуі де мүмкін. Мысалы:

Үйренбеген кісіге солай да,д е д і қазақ әйелге қарап жымиып қойып,Тұрғын елдің адамына мұндай ыстық түк те емес. Олар жүмыстарын істеп жүре береді.

Рас,деді Байжан.Күріш расында да суда өседі. Екі айдан артық суда тұрады ол.

229
Жиырма сантиметрден кем болмауға тиісті,д е д і Бай~ жан қазаққа қ а р а п қ о й ы п.

Солай болар, ағай? «Поэзия,д е й д і В. Г. Белинский,. искусствоның жоғарғы тегі».



жүктеу 10,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау