2.2 «Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуін талдау
Алдымен бұл кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы еңбек ресурстарымен қамтамассыз етуін талдап көрейік.
«Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-ның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуін талдау
№
|
Жұмысшылар категориялары
|
Өлшем бірлігі
|
2004 жыл
|
2005
жыл
|
Өсу қарқыны,%
|
Ауытқуы, (-:+)
|
1
|
ӨӨП-дың орташа тізімдік саны
|
адам
|
477
|
521
|
109,2
|
44
|
2
|
Жұмысшылар саны
|
адам
|
323
|
369
|
114,2
|
46
|
3
|
Оның ішінде:
- негізгі
- қосымша
|
адам
|
156
167
|
178
191
|
114,1
114,3
|
22
24
|
«Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-нде барлық жұмысшылардың орта тізімдік саны 2004 жылы 477 адам жұмыс істеген, ал 2005 жылы 521 адамға тең. Ал оның ішінде жұмысшылар саны 2004 жылы 323 адам болған, 2005 жылы бұл тізім 46 адамға артық болды, яғни кәсіпорынға қосымша 46 адам жұмыс істеуге келді деген сөз. Барлық кәсіпорындарда жұмысшылар өнірістік және өндірістік емес болып бөлінеді, ал біз қосымша және негізгі деп жұмысшылар санын екіге бөлдік, сондықтан бізде 2004 жылы негізгі қызметтегі жұмысшылар саны 156, ал 2005 жылы 178 адам. Қосымша қызметте негізгі қызметке қарағанда жұмысшылар саны көп болып келеді, 2004 жылы 167 адам, ал 2005 жылы 191 адам, қосымша қызметтегі жұмысшылардың өсу қарқыны 14,3 пайызға тең.
«Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-ін өндіріс кадрлары мен қамтамасыз ету, адам
№
|
Көрсеткіштер
|
2004
жыл
|
2005
жыл
|
Ауытқуы
(-:+)
|
Өсу қарқыны,%
|
1
|
Барлық жұмысшылар саны
|
323
|
369
|
46
|
114,2
|
2
|
Оның ішінде:
- негізгі
- қосымша
|
156
167
|
178
191
|
22
24
|
114,1
114,3
|
3
|
- қызметкерлер
- жетекшілер
- мамандар
|
113
19
22
|
113
19
20
|
-
-
-2
|
100,0
100,0
90,9
|
4
|
Барлық жұмыс істейтіндер саны
|
477
|
521
|
44
|
109,2
|
Жоғарыдағы кестедегі мәліметтер бойынша барлық жұмысшылар тізіміне 46 жұмысшы қосылған, ал оның ішінде негізгі қызметке 22 адам, қосымша қызметке 24 адам келген. Осы жылдардағы негізгі қызметтегң өсу қарқыны 114,1 пайыз, ал қосымша қызметтің өсу қарқыны 114,3 пайыз.
Сонымен қатар кәсіпорындағы кадрлар құрамында да өзгеріс байқалуда, қызметкерлер мен жетекшілер арасында екі жылда өзгеріс болмаған, тек қана мамандар құрамынан екі адам жұмыстан шығып кеткендіктен 2005 жылы мамандар саны 20 адамға тең болды.
2.3 «Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жұмысшылардың еңбек ақы қорын пайдалануын талдау
«Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-ның еңбек ақы қор құрамын талдау
№
№
|
Еңбек ақы қорының бөліктері
|
2004 жыл
|
2005 жыл
|
Өсу қарқыны %
|
Ауытқуы, (-:+)
|
сумма
|
%
|
сумма
|
%
|
1
1
|
Жұмысшылардың еңбек ақы қоры
|
77620,3
|
129,9
|
104722,8
|
134,9
|
134,9
|
27102,5
|
1
2
|
Жұмыс
істейтіндердің
еңбек ақы қоры
|
139192,4
|
152,8
|
215697,1
|
154,9
|
154,9
|
76504,7
|
3
3
|
Орташа айлық жалақы:
-бір жұмысшыға
-бір қызметкерге
|
13560,5
15620,3
|
107,9
109,5
|
16750,3
17750,2
|
123,5
113,6
|
123,5
113,6
|
3189,8
2129,9
|
Жоғарыдағы кестедегі мәліметтер бойынша еңбек қор құрамын талдайтын болсақ: кәсіпорындағы жұмысшылардың орта тізімдік саны 477 адам болғандықтан, бізде 2004 жылы еңбек ақы қоры 77620,3 мың теңге болды, ал 2005 жылы жұмысшылар саны 44 адамға өскендіктен, 2005 жылғы еңбек ақы қоры 27102,5 мың теңгеге өсті.
Жалпы барлық кәсіпорында жұмыс күші өндірістегі және өндірістегі емес болып бөлінгендіктен, бұл кәсіпорында жұмыс істейтіндердің еңбек ақы қоры 2004 жылы 139192,4 мың теңге, ал 2005 жылы 215697 мың теңге құрды. Өндірістік қызметтегі бір жұмысшының орташа айлық еңбек ақысы 2004 жылы 13560,5 теңге, ал 2005 жылы 16750,3 теңге болды.
Ал өндірістегі емес жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 2004 жылы 15620,3 теңге, 2005 жылы еңбек ақы 3189,8 теңгеге өсіп 17750 теңге құрды.
Қортындылай келе, «Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-нде екі жылды салыстырғанда 2005 жылы еңбек ақы қоры 34,9 пайызға жоғарлаған және де жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 54,9 пайызға көтерілген. Осы көрсеткіштерден – ақ біз кәсіпорында соңғы жылы табыс көбейгенің көреміз, сол арқылы кәсіпорын өз жұмысшыларын жұмысқа ынталандыру үшін еңбек ақыны жоғарлатқан.
2.4 «Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-ның жұмысшыларының өндірістік деңгейін талдау
«Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-ның еңбек өндірісінің деңгейі
№
|
Көрсеткіштер
|
өлшем бірлігі
|
2004 жылы
|
2005 жылы
|
Ауытқуы
|
+;-
|
%
|
1
|
Өнімді өткізуден түскен табыс
|
мың теңге
|
24157,3
|
97437,9
|
73280,3
|
4 есе
|
2
|
Жұмысшылар
саны
|
адам
|
323
|
369
|
46
|
114,2
|
3
|
Оның ішінде:
- негізгі
- қосымша
|
адам
|
156
167
|
178
191
|
22
24
|
114,1
114,3
|
4
|
Жұмысшылардың бір жылдық
еңбек өндірісі
|
мың теңге
|
42709,2
|
63249,6
|
20540,4
|
148,0
|
5
|
Негізгі қызмет
|
мың теңге
|
21354,6
|
35764,3
|
2276,7
|
10 есе
|
6
|
Негізгі емес қызмет
|
мың теңге
|
21354,6
|
27485,3
|
6130,7
|
128,7
|
7
|
Жылдық жұмыс ұзақтығы
|
күн
|
246
|
242
|
-2,0
|
98,4
|
8
|
Бір күндік жұмыс ұзақтығы
|
сағат
|
8,0
|
8,0
|
-
|
100,0
|
Кестенің бірінші, екінші және үшінші көрсеткіштеріне жоғарыда талдау жасалынды, сондықтан біз төртінші көрсеткішті талдауға кірісейік 2004 жылдың негізгі қызметі 21354,6 мың теңгеге, ал негізгі емес қызметі 21354,6 мың теңгеге тең болғандықтан бір жылдағы, яғни 2004 жылғы жұмысшылардың бір жылдық еңбек өнімділігі 42709,2 теңгеге тең, ал 2005 жылы негізгі қызмет 2276,7 мың теңгеге, негізгі емес қызмет 6130,7 мың теңгеге өскендіктен жұмысшылардың еңбек өнімділігі 20540,4 мың теңгеге өсіп, 2005 жылы 63249,6 мың теңгені құрды.
Кәсіпорында жұмысшылар бір жылда, яғни 2004 жылы 246 күн жұмыс істеген, бірақ 2005 жылы жұмыс күні қысқартылғандықтан 242 күн жұмыс істеген. Заңға сәйкес кәсіпорынның бір жұмысшысының жұмыс уақыты 8 сағат. Және де ол екінші жылы да өзгеріске ұшырамаған.
3 НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӨНДІРІС ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
3.1 « Өнеркәсіптік құрал-жабдық орталығы » Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ақы төлеудің жаңа әдістерін қолдану жолдары
Алдағыдай көрсетілгендей зауытта қолданылатын еңбек ақы жүйесі тиімді емес, өйткені жұмыскерлер еңбек ақының мөлшері олардың жұмысының нәтижесіне байланысты емес. Еңбекті жетілдіріп ынталандырады деп тарифсіз еңбек ақы төлеу жүйесі ұсынылып отыр.
Тарифсіз еңбек ақыны төлеу жүесі бойынша жұмыскердің еңбек ақысы толықтай оның істеген жұмысының нәтижесіне байланысты болады. Бұл жүйені келесі жағдайларда қолдануға ұсыныс беріледі:
- Жұмыстың соңғы нәтижесін толық және дұрыс мөлшерлеуге мүміндік болу керек;
- Істелген жұмыстың соңғы нәтижесіне жұмыскердің мүдделіктеріне, жауапкершілігіне мүмкіншілік болу керек;
- Бір ұжымның жұмысшылары бір – бірін жақсы біліп басшыларға сенулері керек;
- Ұжым онша үлкен болмай мамандар; басшы ұйымдар, барлық жұмысшылар құрамы тұрақты болу керек;
Осы жағдайларға қарай отырып «Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-да бұл тарифсіз еңбекақы төлеу жүйесін қолдануға жақсы жағдай бар екенін көруге болады.
Ұсынылып отырған еңбек ақыны тарифсіз жүйе бойынша төлеудің келесідей жүйелері бар:
- Жұмыскердің еңбек ақысының көлемі жұмыскерлер ұжымына, олардың еңбек нәтижесіне қарап есептелген еңбек ақы қорына түгелдей байланысты
- Әр жұмыскерге тұрақты коэффицент тағайындалады. Бұл коэффицент әр жақты біліктілігін және жұмыскердің жалпы жұмыс нәтижесіне және салымын көрсетеді
- Әрбір жұмыскерге күнделікті жұмысқа қатынасу коэффиценті белгіленеді.
Жоғарыда айтылғандай әр жұмыскердің еңбекақысы (Зпi) оның түгел ұжымының тапқан еңбекақы қорындағы пайын көрсетеді келесі формула арқылы табылады:
(4)
Мұнда ФОТк - жұмыскерлер арасында бөлінетін еңбекақы қоры;
- әр жұмыскерге еңбек ақы төлеу уақытында берілген жұмысқа қатынасу коэффиценті (балл есебінде немесе басқа қабылданған шартты бірлік бойынша);
КТУi - әр жұмыскерге еңбек ақы төлеу уақытында берілген жұмысқа қатынасу коэффиценті (балл есебінде немесе басқа қабылданған шартты бірлік бойынша);
Достарыңызбен бөлісу: |