|
Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова Қ.Қ. Педагогикалық практикумТақырыбы: Үйлену тойына байланысты салт-дәстүрлердің тәрбиелік маңызы
|
бет | 47/62 | Дата | 16.05.2023 | өлшемі | 0,97 Mb. | | #42615 | түрі | Практикум |
| Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова . . Педагогикалы Тақырыбы: Үйлену тойына байланысты салт-дәстүрлердің тәрбиелік маңызы
Семинар сабағының жоспары:
(өткізу формасы-практикалық сабақ)
1. Қазақ халқының қыз ұзату тойындағы салт-дәтүрлердің тәлім-тәрбиелік мәні.
2. Қазақ халқының келін түсіру тойындағы алт-дәстүрлердің тәрбиелік маңызы
3. ТМД елдеріндегі үйлену тойы салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәні
4. Еуропа елдеріндегі үйлену тойының тәлімдік сипаты
5. Азия елдеріндегі үйлену тойындағы салт-дәстүрлердің тәрбиелік маңызы
Студенттердің өзІНДІк жұмысыНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАлар:
Өзіңіздің таңдауыңыз бойынша белгілі бір ұлттың үйлену тойының барысы мен оның тәрбиелік маңызы туралы мультмедиялық презентация дайындаңыз. Берілген мәселелер бойынша мультмедиялық презентация дайындауда тақырыптың мазмұндылығына, ашылуына мән беріңіз.
Этнопедагогика пәні бойынша өздік бақылауға арналған сұрақтар
1. Фольклор дегеніміз не?
2. Ауыз әдебиетіні жанрларының ұрпақ тәрбиесінде алатын орны қандай?
3. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып дегеніміз не?
4. Әдет, әдеп, дәстүр ұғымдарының мәнін түсіндір.
5. Салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар мен кәделер жөніндегі өз пікіріңді тұжырымдап бер.
6. Салт-дәстүрлердің халықтық тұрмыс-тіршілігіндегі жаңаруын өмірден мысал келтіре отырып сыйпатта.
7. Қазақ халқының ұлттық ойлау ерекшеліктерінің (төрт түріне ) талдау жаса.
8. Халық педагогикасы туралы ғылымдардың көзқарастарындағы айырмашылықтарды көрсет.
9. Ұлттық салт-дәстүрлер –ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы.
10. Ұлтық-салт дәстүрдің озығы мен тозығы
«ЭТНОПЕДАГОГИКА» ПӘНІ БОЙЫНША РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Ұлт мәдениетін зерттеудегі тарих, археология, этнография ғылымдарының ролі.
Ұлт мәдениетінің ауыз әдебиеті үлгілері мен мифтік, діни көзқарастардан көрініс табу.
Қазақ атауының этимологиялық мәні және ол жөніндегі әр түрлі көз қарастар.
Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрініс.
Ұттық салт-дәстүрдің озығы мен тозығы.
Ұлттық салт-дәстүрлер –ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы.
Қазақ салт-дәстүрлері, діни наным-сенімдері туралы Ш.Уалихановтың ой-пікірлері.
Ы.Алтынсаринның қазақтың салт-дәстүрлері туралы ой-пікірлері.
Абай Құнанбаев және халық педагогика.
М.Жұмабаев және халық педагогикасы.
Ж.Аймауытов және халық педагогикасы.
Б.Байтұрсынов және этнолингвистика ғылымы.
Түркі жазбасының дүниетанымдық мағынасы.
Түркі тілі және тәрбиелік қызметі.
Ұлтық ойын-сауықтың қалыптасу шарттары.
Ойын-сауық-өнердің түрі.
Ойын-сауық және ойлану қабілетінің дамуы.
Ойын-сауық денсаулық кепілдігі.
Киіз үй-қазақтың баспанасы.
Ұлттық ою-өрнек үлгілердің тәлімдік мәні.
Ұлттық тағам үлгілерінің тәлім-тәрбиелік маңызы
Ақын, сал-серілер- халықтың серкелері.
Жарақты жауды жайратқан-сөз.
«Қыз өссе-елдің көркі» (ұлттық қыз бала тәрбиесі)
Үйлену оңай, үй болу қиын (ұлттық отбасылық тәрбие негіздері).
Қазіргі заманғы қазақ елінің этномәдени көзқарастары
Жастар және жаңа заман тудырған салт-дәстүрлер.
Халықтар достығы- бейбітшіліктің кепілі.
Қазақстан Республикасын мекендеуші ұлыстардың дәстүрлері мен салттары.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|