Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова Қ.Қ. Педагогикалық практикум


ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



жүктеу 0,97 Mb.
бет49/62
Дата16.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#42615
түріПрактикум
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62
Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова . . Педагогикалы

ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Қалиев С. Этнопедагогика - Астана : Фолиант, 2010. - 400 бет

  2. Мұқанова Б.Ж. Этнопедагогика. - Астана : Фолиант, 2008. - 440 бет.

  3. Игибаева А.К., Кусаинова А.Ж. Қазақ этнопедагогикасы - Өскемен :С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2009. - 114 бет.

  4. Волков Г.Н. Этнопедагогика - М. : Академия, 1999. - 168 с.

  5. Әбілова З. Этнопедагогика. - Алматы : Қаз. МӘТУ, 1997. - 232 бет.

  6. Кукушкин В. С. Этнопедагогика и этнопсихология. - Ростов н/Д. : Феникс, 2000. - 448 с.

  7. Магауова А. С. Этнопедагогика в системе профессиональной подготовки учителя. - Семипалатинск : Изд-во СГУ им.Шакарима, 2002. - 77 с

  8. Кукушкин В. С. Этнопедагогика : учеб. пособие Воронеж : НПО "МОДЭК", 2002. - 304 с.

  9. Жарықбаев Қ., Қалиев С.Қазақтың халық педагогикасының тарихынан.-Алматы; Кітәп,1992

  10. Табылдиев А.Халық тағылымы.-Алматы,1992

  11. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.-Алматы,1997



әдістемелік нұсқаулар



  1. Бұқаралық ауызша сөйлеуге дайындалу



Бұқаралық сөйлеу өнері
Презентацияны нәтижелі, табысты ұйымдастыру үшін, менеджер бұқаралық сөйлеудің өнерін меңгеру керек. Американ миллионерлерінің біреуі былай деп айтқан еді: «Бұқаралық сөйлеу өнерін меңгеру, ол жартылай құрылған мансап». Презентацияда сияқты, бұқаралық сөйлеуде де дайындық өте маңызды.
Бұқаралық сөйлеуге дайындық сегіз сатыдан тұрады:

  1. Сөз сөйлеуге келісім беру. Аудиторияға айтатын маңызды ақпараттың бар екендігіне толық сенімділік пайда болмай, бұқаралық сөз сөйлеуге келісіміңізді бермеңіз.

  2. Ақпарат жинау. Сөйлеу тақырыбы бойынша «Ми шабуылы» (мозговой штурм) әдісі негізінде; әдебиеттерді оқу, әріптестермен және достармен әңгімелесу негізінде фактілер мен дәйектерді жинақтап алыңыз.

  3. Не туралы сөйлейтініңді анықтап алу. Өз мақсатыңызды айқындаудан бастаңыз. Оның мәні неде – бірдеңені сендіру, хабарландыру немесе қызықтыру? Содан кейін өзіңіздің басты идеяңызды белгілеңіз. Басшылыққа «үштің ережесін» алыңыз. Көп адамдар, бір тыңдағанда үш идеядан артық қабылдай алмайды. Сондықтан өз презентацияңызды негізгі үш идеяны жеткізе алатындай, қарапайым етіп дайындаңыз. Ол үшін өзіңіздің негізгі идеяларыңызды дәлелдейтін фактілер мен дәйектерді іріктеп алыңыз. Тым көп сөйлеуден аулақ болыңыз.

  4. Өз сөзіңіздің құрылымын жасаңыз. Жақсы құрылым өмірлік маңызды. Ол ойлардың бір-бірімен өзара байланыстылығын қамтамасыз етіп, олардың мәнді де түсінікті болуына жағдай жасайды.

Өз сөзіңізді құрылымдандырудың классикалық әдісі – «оларға не айтқалы тұрғаныңызды айтыңыз – соны айтыңыз – не туралы айтқаныңызды айтыңыз». Бұл тағы да назарды аударту үшін қолданылатын «үштің ережесі». Мүмкін, сіздің аудиторияңыз айтылғаннан тек үштен бір бөлігін ғана түсінетін шығар. Егер сіз оны үш рет, үш түрлі амал-тәсілмен айтсаңыз, олар бір рет болсын сізді естиді.
Қарапайым сөзбен айтқанда, сөзіңіздің құрылымы кіріспе сөзден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұру қажет.
Ең бірінші, сөзіңіздің негізгі бөлімін құрастырыңыз және:

    • Негізгі идеяларыңызды жеке карточкаларға жазып қойыңыз.

    • Сіз тоқталатын негізгі идеялар мен ұсыныстарыңыздың тізімін жасаңыз.

    • Ұсыныстарыңызды фактілермен, дәйектермен, мысалдармен толықтырыңыз.

    • Карточкаларды белгілі бір ретпен орналастырыңыз – бұл сізге идеяларды логикалық байланыста ұсынуға мүмкіндік береді.

    • Содан кейін өз сөзіңіздің басына қайта оралыңыз. Сіздің мақсатыңыз – назарды аудару, қызығушылық тудыру және сенімді ұялату. Өз аудиторияңызға айтылатын сөзіңіздің қысқаша жоспарын беріңіз. Өз презентацияңыздың мақсатын ерекше атап өтіңіз – адамдар презентациядан нені алып шығатынын көрсетіңіз.

Ең соңында, сөзіңізді немен аяқтайтыңызды анықтап алыңыз. Ең алғашқы және ең соңғы алатын әсер өте маңызды екенін естен шығармаңыз. Сөзіңізді жоғары нотада аяқтаңыз.
Сөзіңіздің ұзақтылығын және басымды жерлерін мұқият анықтап алыңыз. Еш уақытта 40 минуттан артық сөйлемеңіз. Ең тиімді уақыт 20-30 мин. 40 минуттан артық аудиторияны ұстай алатын ораторлар өте сирек кездеседі. Аудитория, көп жағдайда сөйлеудің басын өте жақсы тыңдайды (егер сіз басынан жақсы қызықтыра алсаңыз), бірақ қызығушылық, уақыт өте келе әлсірей бастайды, тек сіздің аяқтап бара жатқаныңызды сезгенде ғана, олар қайта құлақ сала тыңдай бастайды. Осыдан сіздің қорытынды сөзіңіздің маңыздылығы шығады.
Сөйлеу барысында аудиторияның назарын ұстап тұру үшін, айтылып кеткен негізгі идеяларды атап өтетін аралық резюме жасап отырыңыз.
Идеяларыңыз өзара байланысқан логикалық тұрғыда айтылу керек. Сонда ғана сіз жақсы нәтижеге келесіз. Сондықтан аралық резюмелерді, әр түрлі тарауларды байланыстыратын сөздерді алдын-ала дайындап алыңыз.

  1. Өз жазбаларыңызды дайындап алыңыз. Жазбалардың тиімді тәсілі – жеке карточкаларға жазып қою. Әрбір карточкада бір тарау ғана енгізіліп оның аталуы міндетті түрде жазылуы тиіс. Тым көп жазудан аулақ болыңыз – артық сөздер сізді негізгі идеядан алшақтатады. Тіпті өзіңіздің кіріспе және қорытынды сөздеріңізді де жеке карточкаларға жазып алу артық болмайды, бұл өте тиімді тәсіл.


жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау