|
Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова Қ.Қ. Педагогикалық практикумТақырыбы: педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы маңызы
|
бет | 4/62 | Дата | 16.05.2023 | өлшемі | 0,97 Mb. | | #42615 | түрі | Практикум |
| Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова . . Педагогикалы Тақырыбы: педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы маңызы
мақсаты: педагогикалық мамандықтың мәні, оның негізгі міндеттерімен таныстыру.
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы. Педагогикалық мамандықтың пайда болуына әсер еткен факторлар. Ежелгі дәуірдегі алғашқы мұғалімдер. Ежелгі грек, рим, үнді, египет, қытай мектептері. Орта ғаырлардағы мұғалім мамандығының ерекшелігі. Алғашқы жоғары оқу орындары. Жаңа дәуірдегі педагогикалық мамандық. Ағайындық мектептер. Педагогика ғылымының қалыптасуы. Қазіргі заманғы педагогикалық мамандық.
Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері. Педагогикалық мамандықтың бейімдеушілік сипаты. Педагогикалық іс-әрекеттің ұжымдық сипаты. Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты.
Педагогикалық мамандықтың даму перспективалары. Педагогикалық мамандыққа қойылатын талаптар. Ауыл мұғалімінің еңбегі мен іс әрекет жағдайының ерекшелігі. Мұғалімнің құқықтары мен міндеттері.
Семинар сабағының жоспары (өту формасы –презентацияларды қорғау)
1. Педагогикалық мамандықтың даму тарихы
а) ежелгі дәуірде мұғалім мамандығы мен мектеп ісінің дамуы
б) орта ғасырлардағы мұғалім мамандығының дамуы
в) жаңа дәуір мен қазіргі замандағы мұғалім мамандығының дамуы
2. Мұғалімге қойылатын талаптар
3. Білім беру туралы құжаттар негізінде анықталған мұғалімнің құқықтары мен міндеттері
4. Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері
Студенттің өзіндік жұмысына (СӨЖ) арналған тапсырмалары
Мақсаты: мұғалім мамандығының мәнін анықтау.
Мазмұны: қазіргі заманғы мұғалім бейнесін дайындау.
1. Педагогикалық мамандықтың пайда болуына қандай факторлар әсер етті?
2. Мұғалім және педагогикалық мамандық туралы ақын-жазушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлерінің пікірлері мен қанатты сөздерін теріп жазып, оны түсіндіріңіз
3. Әр дәуірдің атақты ұстаздарын атап, олардың адамзат алдындағы маңызын сипатта
Педагогтардың аты-жөні, өмір сүрген жылдары
|
Еңбектерінің аты
|
Маңызы
|
|
|
|
4. Адамзат дамуының әр кезеңіндегі мұғалім мамандығының даму ерекшеліктерін атаңыз
5. «ХХІ ғасырдағы педагогикалық мамандық» немесе «Жаңа формация мұғалімі» атты тақырыпқа эссе жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|