ТАҚЫРЫП. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ, ТӘРБИЕСІ.
Мақсаты – тұлға ұғымының мәні мен оның даму жағдайларымен таныстыру
Тұлға туралы ұғым, «индивид», «тұлға», «даралық». «Тұлғаны дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру» ұғымдарна сипаттама. Дамыту – адам ағзасындағы сапалық және сандық өлшем көрсеткіштерінің өзгеру процесі. Қалыптастыру – әр түрлі факторлардың әсерінен индивидтің тұлға болып қалыптасу процесі. Тұлғаның дамуы туралы тұжырымдамалар. Тұлға дамуна әсер ететін факторлар. Тұлға дамуында іс-әрекет пен қарым-қатынастың алатын орны. Тұлға дамуцның қозғаушы күштері.
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Өту формасы - семинар
«Адам», «индивид», «даралық», «субьект», «жеке тұлға» туралы түсінік ұғымдарының мәні. Адам дауының жас кезеңдері, оған сипаттама
Жеке тұлға қалыптастыру, дамыту, жетілдіру
Жеке тұлғаның дамуындағы биологиялық - әлеуметтік факторлар
Жеке тұлғаның дамуын-дағы іс- әрекет пен қарым- қатынастың ролі.
Мен тұжырымдамасы және оның жеке тұлғаны дамытудағы ролі.
Семинар сабағына әдістемелік нұсқау:
Индивид, тұлға, даралық түсініктеріне анықтама беру кезінде педагогикалық әдебиеттер мен сөздіктермен қатар, психология мен философия бойынша түсіндірме сөздіктерді қолдану қажет. Аталған түсініктердің мәнін психология, педагогика және философия тұрғыларынан жан-жақты қарастыру қажет. Педагогикалық сөздік жасау үшін арнайы дәптер бастап, оған термин атауы және оның түсініктемесі болу керек.
Студенттердің өзІНДІк жұмысыНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМалар:
Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру және индивид, тұлға, даралық, тәрбие, дамыту, қалыптастыру түсініктері бойынша сөздік жасау
Мақсаты - берілген түсініктер бойынша білімдерін бекіту.
Мазмұны – берілген түсініктер бойынша сөздікпен жұмыс.
Педагогика, психология мен философия бойынша әдебиеттерде «индивид» және «тұлға» ұғымдарына берілген түсініктерге салыстырмалы талдау жасаңыз.
Индивид пен тұлға түсініктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.
Тұлғаның қалыптасуы дегеніміз не?
Тұлғаның дамуы дегеніміз не?
Тұлға дамуы туралы теорияларды атаңыз. Олардың көзқарастарының мәні неде?
Тұлға дамуының негізгі факторларын атаңыз.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау:
Индивид, тұлға, даралық түсініктеріне анықтама беру кезінде педагогикалық әдебиеттер мен сөздіктермен қатар, психология мен философия бойынша түсіндірме сөздіктерді қолдану қажет. Аталған түсініктердің мәнін психология, педагогика және философия тұрғыларынан жан-жақты қарастыру қажет. Педагогикалық сөздік жасау үшін арнайы дәптер бастап, оған термин атауы және оның түсініктемесі болу керек.
Әдебиет: 1-4, 6-10
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
Достарыңызбен бөлісу: |