§ 97. Т ем пература
Температура ұғымыныц
анықтамасына төмендегідей
пікірлер арқылы келуге болады. Егер бір-біріне жанас-
қан бірнеше дене жылулық тепе-тең күйде тұрған болса,
яғни жылу беру арқылы энергиямен алмаспаса, онда
мұндай денелердің температурасы бірдей болады деп
есептейміз. Денелер арасындағы жылу контактісін ор-
натқан кезде, олардың
біреуі жылу берілу арқылы,
екінійісіне энергиясын берсе, онда бірінші дененің
температурасы екіншісінен жоғары болып есептеледі.
Денелердің көлемі, электр кедергісі және т. с. с. бірқа-
тар қасиеттері температураға тәуелді болады. Осы қа-
сиеттердің кез келгенін температураның сандық анықта-
масын жасауға пайдалануға болады.
Температураны өлшеуге арналған денені (термометр-
лік денені) ери бастаған мұзбен
жылулық тепе-теңдікке
келтіріп, осы жағдайдағы оның температурасын 0°
деп алайық та, дененің температурасын өлшеу үшін
пайдаланғымыз келіп отырған дене қасиетін (темпера-
туралық белгісін) санмен сипаттайық. Дененің осындай
белгісі ретінде оньщ көлемі таңдап алынсын дейік. Онын
0°-тағы мәні
Vo
болсын. Бұдан кейін осы денені атмосфе-
ралық қысымда қайнап жатқаң сумен жылулық тепе-
теңдікке келтіріп, оның осы күйдегі
температурасын
100°-қа теңестіріп, осыған сәйкес оның Уюо көлемін
анықтайық. Біздің таңдап алған температуралық белгі-
міз (қарастырылып отырған мысалда — көлем) темпе-
ратурамен сызықты түрде өзгереді де термометриялық
дененін,
көлемі
V
болатын осы күйдің температурасын
/ « =
.100°
(97.1)
V
х КХ) — V 0
деп жазуымызға болады.
Осылайша анықталған
тсмпературалық Цельсий
шкаласы деп аталатыны белгілі. (97.1)-ге үқсас қатыс-
ты, температураны өлшеуге көлем емес,
қандай да бір
басқа температуралық белгі алынатын жағдай үшін жа-
зуға болады.
Термометрді осы айтылған тәсілмен градуирлеп, оны
температураны өлшеугс пайдалануга болады, ол үшін
термометрді температурасын өлшегіміз келіп отырған
314
денсмсн жылулық тепе-теңдікке келтіріп, көлемнің өзге-
рісіне ессптеу жүргіземіз.
Табиғаты түрліше гермометриялық денелерді (мәсе-
лен, сынап пен спирт) немесе әр түрлі темгіературалық
белгілерді (мәселен, көлем мен элсктр кедергісі)
пайда-
ланатын термометрлерді салыстырган кездс, осы термо-
мстрлердің көрсетулері, 0° жоне 100° болғанда градуир-
легсндіктен, осы темпсратураларда бірдей болып, ал
баска тсмпсратуралардағы
көрсетулері бірдсй болмай-
тындығы байқалды. Осыдан, температура шкаласын бір
мәнді анықтау үшін, градуирлеу тәсілімен катар, термо-
метриялық дене мен температуралық белгіні де тац-
дап алу жайында келісіп алу кажет. Келесі параг-
рафта|температураның
эмпириялық шкаласы деп ата-
латын шкаланы тағайындаған кезде осы айтылгандарды
калай таңдау керек екендігі жайлы сөз боЛады. Термо-
дпнамиканың екінші бастамасының негізінде термомет-
риялық дененің қасиетіне тәуелсіз болатын температура-
лык шкаланы тағайындауға болатындығы жайлы алда
сөз болатындығын айта кетёйік (130-параграфты
қара-
ңыз). Бүл шкала т е м п е р а т у р а н ы ц а б с о л ю т
ш к а л а с ы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: