Көптеген балалар тек оқумен және демалумен айналысып қана қоймайды, сонымен қатар ересектердің еңбегіне қатысып, үй шаруашылығына көмектеседі. Өзінен кіші інілері мен қарындас-сіңлілеріне күтім жасайды, ата-аналары мен әпкелеріне, ағаларына қолғабыс етеді. Жазда бау-бақшада және егістікте жұмыс істейді. Бұл, әрине, дұрыс әрі жақсы, өйткені ересектер балалардың бақытты өмір сүрулері үшін, еңбек етеді, ол үшін балалардың да көмектесуі абзал іс болып саналады.
Жалпы жас кезінде қалыптасқан еңбек дағдылары, адамның бүкіл өмірінде ерекше маңызды.
Қоғамның ең басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу қоғамның өмір салтының алғы шарты болып табылады.
Өкінішке орай, өмірде балаларды оқу мен демалу мүмкіндіктерінен айырып, күштеп еңбек етуге талап ететін ересектер де кездеседі. Бала құқығы туралы конвенсияның 23- бабында:
“әр адамның еңбек ету, жұмыс еркін таңдау, әділ еңбек жағдайы және жұмыссыздықтан қорғалу құқығы бар”, - деп жазылған.
Конвенсия шартқа қол қойған мемлекеттерді балаларды оқу мен дамуына зиян келтіретін еріксіз еңбек етуден қорғауды міндеттейді. Біздің елімізде 14 жасқа толған оқушылардың өндірісте 4 сағат көлемінде, тек оқудан бос уақытында еңбек етуіне рұқсат етілген. Бұл үшін бала ата-анасының келісімі мен дәрігерлердің рұқсатын алуы қажет.
Балаларды олардың өмірі мен денсаулығына қауіпті еңбек түрлеріне пайдалануға, араластыруға қазақстан республикасының конституциясында тыйым салынған. Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайндау – бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындауға үйрету. Бұл өте күрделі процесс, мұнда оқушылардың әдеті, сезімі қалыптасады. Мысалы, балалар адамдардың табысты еңбегінде масаттанады немесе адал еңбеккерлердің есебінен келген адамдарды жаны сүймейді, жек көреді, керек десе олармен күресуге де даяр тұрады. Бұл процесс екі фактордың ықпалымен жүзеге асырылады: обьективтік фактор қоғамның материалдық-техникалық базасын және жаңа қоғамдық қатынастарын жасау. Осының негізінде әдет, моральдық нормаларын бекітеді. Субьективтік фактор адамның еңбектің мазмұнына терең түсінуі және ішкі сезімнің өмірімен өзінің борышын орындауы.
Қорыта келгенде, баланың жеке басы мен азаматтығын қалыптастыруда еңбектің ролі өте күшті әрі маңызды. Еңбек арқылы жасөспірімдерде жақсы қасиеттер қалыптасады, елін, жерін ойлайтын және сол елдің өркендеуі үшін аянбай еңбек ететін нағыз азаматтар мен азаматшалар қалыптасады. Әрине, бұның бәрі мектептен бастау алады. Ендеше егеменді еліміздің қарыштап дамуы еңбекқор, білімді келеше ұрпақтың және жастардың қолында.
ҚОРЫТЫНДЫ
Еңбек – адам дамуының негізі. Еңбек ету процесінде бастауыш класс оқушыларында пайда болатын қарым-қатынастар баланың болашақ әлеуметтік мәнін анықтайды, оның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуының ең маңызды да шешуші шарты болып табылады.
Баланың әлеуметтік тұлға ретінде, еңбек етудің және осыдан туынды әлеуметтік қатынастардың субьектісі ретінде қалыптасуы, бүкіл адамзат тарихының заңды қорытындысы. Қоғамға пайдалы еңбек ету процесінде адамның барлық қабілеттері қалыптасады, ал еңбектің қарапайым түрлерінен күрделі түрлеріне көшу жолында баланың қабілеттері дамып, жетіле түседі. Сондықтан да бастауыш мектептегі еңбек сабағын дұрыс ұйымдастыру әдістемесін мұғалімдердің тыңғылықты меңгеруі ол атқарар педагогикалық процестің негізгі көзі екендігіне дау жоқ.
Кіші мектеп жасындағы оқушылар еңбек сабағынан алған мәліметтері негізінде табиғаттағы заттарды өзгерте бастайды, түсінеді, олардың ерекшеліктерін тереңірек ажырата бастайды, табиғат заңдарын онан әрі түсіне беретін болады, осы заңдылықтарды өзінің материалдық тұрмысын жақсартуға пайдаланады.
Сөйтіп, баланың бастауыш мектепке бару кезеңінен –ақ баламен табиғаттың арасындағы тұрақты процесс – еңбек, табиғатқа шынайы қарым-қатынас, міне бұл факторлар жастардың нақты проблемасын құрайды. «Адам өмір сүруінің қажетті шарты – нақты болмыс адамның дамуының да шешуші шарты болып табылатыны сияқты, бұл мұғалімдер үшін қатаң қағида болуы қажет демекпіз.»
Еңбек сабағындағы ұғымдарды оқушылардың меңгеруі, олардың сол заңдарды орынды да тиімді қолданып, жаңа еңбек құралдарын жасай алатын болады, сол еңбек құралдарына деген ұқыптылық, күтіп ұстау, орынды пайдалану сияқты қасиеттері қалыптасады. Олардың бұл қасиеті оқушылардағы дүние таяудағы тәжірибелері мен білімдері молайта тсүеді, ақырында толыққан бұл білім мен тәжірибе бұрынғыдан да күрделі құралдар жасап шығаруға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, нәтижелі ұйымдастырылған еңбек пәнінің арқасында өндіріс құралдарының жетілуі мен оқушының ой-өрісінің жетілуі арасында диалектикалық қарым қатынастар мәңгі болып тұратын болады демекпіз. өндіріс адамзат қоғамының бүкіл өмір сүру кезеңінде дами береді, ал адамның жетілуін мұғалімдер ешқандай мерзіммен шектеуге болмайтынын үнемі есте ұстаулары керек.
Қорыта келгенде, мына жайды болашақ мұғалімдер мен педагогикалық мамандық иелері ескерулері қажет демекпіз:
1. Материалдық өндіріс қоғам өмірінің бірден-бір негізі бола тұра, адамдардың өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді жасап шығарып, нақты тұрмыстың барлық салаларының ірге тасын қалайтындығы туралы дұрыс ой-пікір.
2. Өндіріс дамуының барысында оның техникалық құрал-саймандары үнемі өзгеріп, күрделене береді, сондай-ақ адамдардың ой-еңбегі жаңа қасиеттерге ие болады да, олар табиғаттың заңдарын игереді, оларды өз қажеттіліктерін өтеу үшін тиімдірек пайдаланады. Бұл адамдардың дүниетану қабілеттерін арттыра түседі, оның ой-өрісін кеңейтеді. Сонымен бірге өндіріс – адамдардың ғылыми жағынан жетлуінің негізі екендігін қоғам өмірі көрсетіп отыр.
Материалдық өндірісте адамдар бірімен –бірі өндірістік қарым - қатынаста болады, бұл қатынастардың барысында олардың саналылығы, моральдық қасиеттері қалыптаса береді.
3. Табиғаттағы заттарды өзгерту, өңдеу барысында адамдардың эстетикалық сезімдері пайда болады, жоғары сезімге айналады. Сөйтіп өндіріс сферасында, еңбек процесінде адамның барлық қабілеттері жетіледі, болашақтың ең жақсы игіліктері оған қызмет ететіндей болады. Сондықтан да еңбек сабағы оқушылардың мектеп өміріндегі ең бір есте қалар күрделі педагогикалық процесс, олай болса, еңбек пәнінің мұғалімі кіші жастағы оқушылардың еңбек процесін меңгерулеріне көмектесуі үшін оларды сабақ үстінде зерттеудің қарапайым әдістерін білу, мұғалімдер мен мектептің ата-аналармен, базалық кәсіпорынмен бірлесіп жүргізетін оқушылардың кәсіптік ой ниетін қалыптастыру жөніндегі жұмысына белсене қатысуы, жан-жақты жетілген адам қалыптастыруда жақсы нәтижелерге жетуі үшін еңбек тәрбиесіндегі комплекстік көзқарасты меңгеру, еңбекке баулудың осы күнгі диалектикасын, әдістемесін, проблемалық жағдайларын туғыза біледі, кіші мектеп жасындағы оқушылардың ізденіс қызметін ұйымдастыра білуді меңгеруді талап етеді. Еңбекке тәрбиелеу және оған баулу ісіне мұндай көзқарас оқушылардың еңбекке деген ойлануын дамытуда тиімді нәтижелерге жету үшін маңызды шарт болып табылады деп тұжырымдаймыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ақназаров С. Оқушыларды еңбекке баулу, - Алматы, 1976, 40 бет
Андреев Ю.И. Вечер посвящен професии. – Воспитание школьников, 1977. – ном.2
Әбдрахманова А. Еңбекпен шынығуда. – Қазақстан мектебі, 1987, - - ном. 7
Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негізі, - Бастауыш мектеп, 1993, ном 11, 12, - 4 бет
Әбиев Ж, Нұрланова Г. Әбу Насыр Әль-Фарабидің тәрбие және еңбек тәрбиесі теорияларын жасауы . – «Ұлағат», 1997 ном 1 81 бет
Белый Н.С. Подготовка учащихся к трудовой деятельности. – Физика в школе, 1978, ном 4
Голубева Г.С. Трудовое воспитание на уроках истории в ІV классе Преподавание истории в школе, 1978, ном 5.
Госсу Е.П. Профессиональная ориентация учащихся младших классов, Кишинев, 1977
Сатқанов О. Төртжылдық бастауыш мектептің 4 сыныбына арналған . – Бастауыш мектеп, 1990 ном 1 – 22 бет
Сатқанов О. Төртжылдық бастауыш мектептің 4 сыныбына арналған . – Бастауыш мектеп, 1989, ном 12, 32 бет
Сатқанов О. Төртжылдық кластың сабақ тақырыптары .- Бастауыш мектеп, 1991, ном 8, - 36 бет
Сатқанов О. Төртжылдық мектептің бастауыш 4 сыныбына арналған . – Бастауыш мектеп, 1989 ном.11, 30 бет
Сатқанов О. Еңбекке баулу әдістемесі. – Алматы, 1994 ж
Сатқанов О. Төртжылдық бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің жобасы, - Бастауыш мектеп, 1989, - ном.3, 34 бет
Жолбасбекова С. Еңбекке баулу әдістемесі, Шымкент – 1995 ж.
Қонарбаев Ұ. Еңбекке бейімделуде . – Бастауыш мектеп, 1987 – том, 2 , 36 бет
Қалиев С, Жарықбаев Қ. Қазақ тәлім - тәрбиесі, - Алматы , 1996 ж
Құралов А. Еңбек сабағында халықтық құралдарды пайдалану.- Қазақстан мектебі, 1997, ном 4, 56-59 бет ном 5. 48-52 бет. ном 6 49 бет, ном 9, 53 беттер
Құлманова С. Ы. Алтынсарин шығармаларындағы еңбек тәрбиесі, Қазақстан мұғалімі, 1994, 21 қаңтар
Қалназаров Б. Еңбекке баулу бағдарламалары, - Алматы , 1993
Сахиев Ж, Оқу мен еңбек егіз, Бастауыш мектеп, 1983, ном 9.
Тұңғышбаев Қ. Еңбек тәрбиесін еске алсақ, - Бастауыш мектеп, 1987, ном 2, 7-8 бет
Тынымбаева, Еңбекке даярлау – негізгі мақсат. – Бастауыш мектеп, 1983, ном 9, 47-48 бет
Түрікпенұлы Ж., Панаева М. Еңбекке тәрбиелеу ең маңызды іс, Бастауыш мектеп , 1993, ном6, 10-15 бет
Нұрсейтова С. Еңбекке баулу пәнінің жаңа мазмұндық, әдістемелік ерекшеліктері. Бастауыш мектеп, 1996, ном 7,8 8-9 бет
Райымжанов Ұ, Еңбекке үйрету, - Бастауыш мектеп, 1983 – ном 9, 43-47 бет
Петровский А.В. Жас ерекшелігі және педагогикалық психология, Москва, 1986 ном.. – 17 бет
Чернышенко И.Д. Система общественно полезного труда учащихся начального класса, Минск 1974
Иовайма Л, Педагогика профессональной ориентации, - Каунас, 1978
Төртжылдық бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің бағдарламасы, - Бастауыш мектеп, 1989 ном 6, 34 бет
Төртжылдық бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің бағдарламасы, Бастауыш мектеп, 1989 ном 7, 28 бет
Төртжылдық бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің бағдарламасы, Бастауыш мектеп, 1989 ном 5, 28 бет
Төртжылдық бастауыш мектептің еңбекке баулу пәнінің бағдарламасы, Алматы, - 1997 жыл
Қазақстан сәндік қолданбалы өнеріне бейімдейтін еңбекке үйрету бағдарламасының жобасы, - Бастауыш мектеп, 1991, ном 12, 10 бет
Дүйсенбаев К.А. Пути решения проблемы подготовки учителя труда для малокомлектной школы., Шымкент, 1996, стр.33.
Достарыңызбен бөлісу: |