Әлеуметтік педагог қызметінің нәтижесі
Әлеуметтік педагог жұмысын мектеп әкімшілігі төмендегі критерийлер
бойынша бағалайды:
- Әлеуметтік-педагогикалық әрекетті жоспарлау мен ұйымдастырудың жүйесі.
- Қазақстан Республикасының білім беру, тәрбиелеу, қорғаныш және қамқоршы қызметтері, бала мен ана, еңбекті қорғау аумақтарында бекітілген нормативтік-құқықтық құжаттардың реттілігі.
- Оқушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің есепке алуды ұйымдастыруы.
- Оқушылардың отбасымен, қамқоршыларымен әлеуметтік-педагогикалық қызмет жұмыстарынынң жүйесі.
- Әлеуметтік педагогтің қызметі білім мекемесі әкімшілігінің ағымдағы және қорытынды тексеру нәтижелері мен маманның өзін-өзі бақылау-зерттеулері барысында бағаланады. Оған қажетті құжаттардың болуы басты роль атқарады.
- Әлеуметтік педагогтің қызметі 5 жылда бір рет өткізілген аттестация нәтижелері ынталандырып отырады. Егер әлеуметтік педагог өз қызметінің кәсіби шеберлігі едәуір жоғарылады деп есептейтін болса кезектен тыс аттестацилық сынақтан өтуге тілек білдіруіне болады. Эксперттік тексеру нәтижесі екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады: кәсіби қызметінің қалыптасу деңгейі және нәтижелік деңгейі.
- Әлеуметтік педагогтің әлеуметтік педагогикалық қызметінің нәтижесі негізінен қажетті мамандығының және кәсіби дайындық деңгейінің жоғары болуымен анықталады. Тарификация кезінде әлеуметтік еңбек ақысының разрядын қою үшін білім дәрежесі мен еңбек өтілі ал аттестациялау тұсында кәсібі қызметінің қалыптасушылық және нәтижелік деңгейі есепке алынады.
«Бекітемін»
№ ___ орта мектеп
директоры________
Әлеуметтік педагогтің жұмыс кестесі /Үлгі ретінде/
-
Жұмыс кестесі:
|
Дүйсенбі
|
09.00 – 13.00
15.00 – 17.00
/Әдістемелік күн/
|
Сейсенбі
|
08.00 – 12.00
15.00 – 18.00
|
Сәрсенбі
|
12.00 – 15.00
17.00 – 20.00
|
Бейсенбі
|
08.00 – 12.00
15.00 – 17.00
|
Жұма
|
09.00 – 13.00
15.00 – 18.00
|
Сенбі
|
08.00 – 12.00
|
Барлығы
|
36 сағат
|
Кеңес беру:
|
Ата-аналар үшін
|
09.00 – 11.00
|
Педагогтар үшін
|
14.00 – 16.00
|
ІІ БӨЛІМ
Әлеуметтік педагогтің өз қызметін жүргізудегі басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттары
Әлеуметтік педагог үшін қоғамдық құбылыстарды зерттеу барысында мәліметтер жинау әдістері бір қатар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Сол қиындықтардың бірі - қоғамның, қоғамдық құбылыстардың үздіксіз өзгерісте болатындығынан туатын қиындықтар. Екінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса кең ауқымдылығымен, кейде тіпті бүкіл адамзатты қамтитындығымен байланысты бақылау жүргізудің қиындықтары. Үшінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса күрделілігіне байланысты, сол себепті ол құбылыстарға әсер ететін көптеген факторларды зерттеу қажет болады.
Осы тұрғыда әлеуметтік педагог социумның «әлеуметтік диагнозын» қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, қызығушылығын зерттей отырып, ресми емес ұйымдардың балалар мен жасөспірімдерге тигізетін оңды және теріс ықпалдарын анықтай отырып, ол психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік-этикалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектесе отырып, қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола тұрып, тәрбиеленушінің қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани-адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал ететін мынадай заңдарды басшылыққа алады:
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы;
БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция»;
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
ҚР «Білім беру туралы заңы»;
ҚР «Неке және отбасы туралы заңы»;
«ҚР баланың құқықтары туралы заңы»;
«Патронаттық тәрбие туралы ереже»;
«Қорғаншылық және қамқоршылық туралы ереже»;
ҚР Еңбек кодексі;
ҚР Қылмыстық кодексі;
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» ҚР Заңы.
БҰҰ халықаралық балалардың құқықтары туралы конвенция 1989 жылы 20 қарашада қабылданды.
Заң ІІІ бөлімнен, 54 баптан тұрады.
Кіріспеде БҰҰ-ның негізгі принциптері және адам құқығына байланысты кейбір фактілер мен декларациялардың негізгі қағидалары атап өтіледі. Онда балалар өздерінің табиғи нәзіктігіне байланысты ерекше қамқорлық пен қорғауды қажет ететіндігі, әсіресе басты қамқорлық пен жауапкершілік отбасы иелеріне жүктелетіндігі расталады. Сондай-ақ, онда баланы туылғанға дейін және туылғаннан кейін құқықтық және басқалай қорғау қажеттігі, оның туған халқының мәдени құндылықтарын құрметтеу маңыздылығы және бала құқығын қорғау жолында халықаралық ынтымақтастықтың ролі мақұлданады.
Мектептегі әлеуметтік педагогтар осы конвенцияның негізгі баптарына сүйене отырып, өз қызметтерін атқарады. Мысалы, білуге тиісті 2-бап – Дискриминацияны, яғни зорлық-зомбылықты болдырмау; 3-бап – Баланың құқығын анағұрлым толық қамтамасыз ету; 9-бап – Ата-анадан ажырау; 12-бап – Баланың көзқарасы; 13-бап – Пікір айту еркіндігі; 14-бап - Ой, ар-намыс және дін бостандығы; 16-бап – Жеке өмір сүру құқығын сақтау; 19-бап – Асыра пайданушылық пен жаны ашымаушылықтын сақтау, 20 бап – Отбасынан айырылған баланы қорғау; 21-бап – Асырап алу; 22-бап – Босқын балалар; 23- бап – Мүгедек балалар; 25-бап – Қамқорлыққа алу жағдайындағы тұрақты тексеру; 26-бап - Әлеуметтік қамтамасыз ету; 27-бап - Өмір деңгейі; 28-бап – Білім алу; 31-бап – Демалыс, бос уақыт және мәдени өмір; 37-бап – Азаптау және бас бостандығынан айыру; 40-бап – Кәмелетке толмаған заңбұзушылықтарға қатысты сот үкімін қолдау.
ҚР Баланың құқықтары туралы Заңы
2002 жылдың 8 тамызында қабылданған, заң 10 тарау, 53 баптан тұрады.
Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту, әлемдік өркениеттің жалпы адамзаттық тән құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру принциптерінің басымдылығына сүйеніп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындатын қатынастарды реттейді.
Осы Заң аясында мектепте әлеуметтік педагогтар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, патронаттық тәрбиедегі балаларды және мүгедек балалардың құқықтарын қорғаушы болып табылады.Заңда көрсетілген негізгі талаптар мен құқықтар, міндеттер бойынша өз жұмысын басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.
Әлеуметтік педагогтар білуі тиіс: 1-бап - Осы Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар; 4-бап – Балалардың тең құқықтылығы; 8-бап – Баланың денсаулық сақтауға құқығы; 10-бап – Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы; 12-бап – Баланың қажетті тұрмыс деңгейіне құқығы; 13-бап – Баланың мүліктік құқықтары; 14-бап - Баланың тұрғын үйге құқығы; 15-бап – Баланың білім алуға құығы; 17-бап – Баланың мемлекеттік көмекке құқығы; 19-бап – Баланың демалуға және бос уақытын пйдалануға құқығы;
4-тарау. Бала және отбасы: 22-бап – Баланың отбасындағы құқықтары; 24-бап – ата анасының баланы тәрбиелеу, күтіп-бағу және асырау жөніндегі міндеті, 25-бап – Баланың ата-анасымен бірге тұруға құқығы.
5-тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары: 27-бап – Қорғаншылық, қамқоршылық және патронат; 28-бап – Бала асырап алу; 29-бап – Баланы тәрбиелейтін, емдейтін және сол сияқты өзге де мекемелерде күтіп-бағу мен тәрбиелеу; 30-бап – Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын ұйымдар.
6-тарау. Мүгедек баланың құқықтары: 31-бап - Мүгедек баланың толымды өмірге құқықтары, 32-бап – Мүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер; 33-бап – Мүгедек балаларға мемлекеттік көмек. 8-тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау.
ҚР Заңы «Неке және отбасы туралы» 2006ж. 7-бөлімнен, 29-тараудан, 213 баптан тұрады.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ, оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді, отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс: 3-бөлiм. Отбасы. 9-тарау. Баланың құқықтары
52-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы
53-бап. Баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығы
54-бап. Баланың өз пiкiрiн бiлдiру құқығы
55-бап. Баланың ат алуға, әкесiнiң атын және тегiн алуға құқығы
56-бап. Баланың аты мен тегiн өзгерту
58-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
59-бап. Баланың қорғалу құқығы
10-тарау. Ата-аналардың құқықтары мен мiндеттерi
11-тарау. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу
67-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру
68-бап. Ата-ана құқығынан айыру тәртiбi
69-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары
70-бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру
71-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу
74-бап. Баланың өмiрiне немесе оның денсаулығына тiкелей қатер төнген жағдайда баланы айырып алу
4-бөлiм. Қорғаншылық және қамқоршылық
13-тарау. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және орналастыру
100-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау
101-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу
102-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру
14-тарау. Қорғаншылықты және қамқоршылықты белгiлеу тәртiбi
103-бап. Қорғаншылық және қамқоршылық белгiленетiн адамдар
104-бап. Қорғаншылық
105-бап. Қамқоршылық
106-бап. Қорғаншы және қамқоршы органдар
107-бап. Қорғаншылықты және қамқоршылықты белгiлеу
108-бап. Қорғаншылар мен қамқоршылар
16-тарау. Патронат
119-бап. Патронат
1. Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның iшiнде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрiздi басқа да мекемелердегi кәмелетке толмаған балаларға белгiленедi.
2. Баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрушi адам (патронат тәрбиешi) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негiзi болып табылады.
3. Патронат туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Бала асырап алу
Баланың алудағы уақыттағы тәрбиесін анықтау формасы бала асырап алу болып табылады. Неке және отбасы заңы бойынша баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның, тұлғаның) арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді.
Балаларды асырап алу туралы істерді сот қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуымен қарайды.
Сот бала асырап алу ісін жүргізу барысында міндетті түрде қорғаншы және қамқоршы органдарынан баланың тұрғылықты жерінен:
бала асырап алушының өмір жағдайының тексерілгендігін куәландыратын акт;
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі мен акттың көшірмесі;
бала асырап алушының ҚР-сы денсаулық сақтау министрлігінің арнайы құрылған комиссиясының медициналық, эксперттік денсаулығы мен ақыл-ойының дұрыстығы жөніндегі медициналық қорытынды;
баланың асырап алуға келісімі, егер ол бала 10 жасқа толған болған жағдайда;
ата-анасының баланың асырап алуға рұқсаты, егер ол заң бойынша талап етілсе.
Орталықтандырылған балалар тіркеуін, яғни ата-аналарының асырауынсыз қалған балалардың тізімін (аймақтық, аудандық, облыстық) қорғаншы және қамқоршы органдарымен бірлесіп ҚР атқарушы және Білім Министрлігінің бірлесуімен жасалынады.
Қорғаншы және қамқоршы органдар баланың тұрғылықты жерінен тіркеу анықтамасын, керекті қолданылатын құжаттарды баланы келесі отбасыға тәрбиелеуге беру үшін дайындау шарт.
Сот баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің көшірмесін шешім шығарған орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органдарға жіберуге міндетті.
Бала асырап алу азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркеуі үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.
Іс-құжаттарды тіркеумен аударуда әлеуметтік педагогтар араласады, себебі тек әлеуметтік педагог қана ереже бойынша бала мен тек сол ғана байланыс жасайды. Егер бала бір айдың көлемінде тапсырылған отбасыға берілмесе, онда қорғаншы мен қамқоршы органдар барлық құжаттарды қайта тіркеуге өткізеді.
Ата-ана құқықтарына айыру және оларды шектеу
Ата-ана құқықтарына айыру және оларды шектеу жағдайында әлеуметтік педагог көптеген мәліметтерді жинақтап, ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеуге міндетті түрде қатысады.
ҚР Неке және отбасы туралы заңының 11 тарауының 67 бабына сәйкес.
Ата-ана құқықтарына айыру.
Егер ата-аналар (олардың біреуі):
ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса;
өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерінсіз бас тартса;
өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;
заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және ауыткұмарлықпен ауырады деп танылатын болса олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
Өз балаларының не жұбайының өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
Ата-ана құқықтарына айыру бұл –
ата-анасының (біреуінің) тәртібін оң жаққа өзгерту мүмкін болмаған жағдайда;
тек сот арқылы;
ата-ананың кесірінен (екеуі де) болуы мүмкін.
Отбасыдағы жағдайға байланысты ата-ана құқықтарынан айыру ата-аналарға келесідей мүмкіндіктер туғызады: әлеуметтік патронат, әңгімелесу қорғаншы және қамқоршы органдардың ескертуі, ішкі істер органдары.
Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің (олардың орнындағы адамдардың), кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктеген органдардың немесе ұйымдардың (қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің және басқаларының) арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.
Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.
Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде одан асырауға қаражат алу, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқықтарынан айырылуға әкеп соғады.
Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайды, ол баланы асырап алу арқылы тоқтатылады.
Бала мен ата-ана құқықтарына айырылған ата-ананың одан әрі бірге тұруы туралы мәселе сот тәртібімен шешіледі.
Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған бала ата-анасымен және басқа да туыстарымен туыстық фактісіне, оның ішінде тұра алу құқығына негізделген тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын, сондай-ақ мүліктік құқықтарын сақтап қалады.
Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе ата-анасының екеуі де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына беріледі.
Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың (олардың біреуі) өтініш бойынша қорғаншы және қамқоршы орган, егер бұл балаға зиянды ықпал етпесе, баламен жолығуға рұқсат ете алады.
Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда баланы асырап алуға ата-ананы (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешім шығарған күннен бастап кемінде алты ай өткенде жол беріледі.
Егер ата-аналар (олардың біреуі), мінез-құлқын, тұрмыс-салтын және баланы тәрбиелеуге көзқарасын өзгертсе, олардың ата-ана құқықтары қалпына келтірілуі мүмкін. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы істер қорғаншы және қамқоршы органдардың, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады.
Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың мүдделеріне қайшы келсе, сот баланың пікірін ескере отырып, ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы ата-ананың (олардың біреунің) талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы. Он жасқа толған бала жөніндегі ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың келісімімен ғана жасалуы мүмкін. Егер бала асырап алынған болса және баланы асырап алудың күші жойылмаса, ата-ана құқықтарын қалпына келтіруге жол берілмейді.
Неке және отбасы туралы заңның 71 бабына сәйкес сот баланың мүддесін ескере отырып, баланы ата-анадан (олардың біреуінен) оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешім шығара алады.
Егер баланың ата-аналармен (олардың біреуімен) қалуы:
ата-аналарға (олардың біреуіне) байланысты емес мән-жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән-жайлардың және себеп-салдары) бойынша бала үшін қауіпті болса;
олардың мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса, алайда ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықтамаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі. Егер ата-аналар (олардың біреуі) өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншы және қамқоршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарын айыру туралы талап қоюға міндетті. Баланың мүдделеріне сәйкес қорғаншы және қамқоршы орган осы мерзім аяқталғанға дейін ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға құқылы.
Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын туысқандары, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау міндеті заңмен жүктелген органдар мен мекемелер (мектепке дейінгі мекемелер) жалпы білім беретін және басқа да мекемелер, сондай-ақ прокурор қоя алады.
Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.
Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер қаралған кезде сот ата-аналардан (олардың біреуінен) балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешуге құқылы.
ҚР Неке және отбасы туралы Заңының 72 бабында: Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары қаралған.
Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналар баланы жеке өзі тәрбиелеу құқығынан айырылады. Ата-ана құқықтарынан шектеу ата-аналарды баланы асырау жөніндегі міндеттерден босатпайды.
Өзіне қатысты ата-аналарының (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары шектелген бала тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үйдің пайдалану құқығын сақтап қалады, сондай-ақ ата-аналары және басқа да туысқандарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқығын, соның ішінде мұра алу құқығын сақтап қалады.
Ата-анасының екеуінің де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына беріледі. Ата-ана құқықтарын сот шектеген жағдайда ата-аналарға, егер олар балаға зиянды әсерін тигізбесе, баламен қатысуға рұқсат етілуі мүмкін. Ата-аналардың баламен қатысуына қатысуына қорғаншы немесе қамқоршы органның не қорғаншысының (қамқоршысының), баланың патронат тәрбиелеушілерінің немесе бала тұратын мекеме әкімшілігінің келісімімен жол беріледі.
Әлеуметтік педагог ескеру керек:
Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланы ата-аналардан (олардың біреуінен) немесе оны қамқорлыққа алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға құқылы.
Баланы дереу айырып алуды республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның тиісті актісі негізінде қорғаншы және қамқоршы орган жүргізеді.
Баланы айырып алу кезінде қорғаншы және қамқоршы орган прокурорға дереу хабарлауға, баланы уақытына орналастыруды қамтамасыз етуге және баланы айырып алу туралы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның актісі шыққаннан кейін жеті күн ішінде сотқа ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе олардың ата-ана құқықтарын шектеу туралы талап қоюға міндетті.
Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңы
2007 жылғы шілденің 27-сі, №319 ІІІ ҚРЗ
Баланың білім алуға құқығы «Қазақстан Республикасының Білім алу туралы» Заңында және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарында қарастырылған.
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және ҚР азаматтарының, сондай-ақ ҚР тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілгі. 11. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алушы және (немесе) тәрбиеленуші жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мынадай міндеттерді шешуге:
- әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге (интеграцияға);
- педагог қызметкерлердің мәртебесін көтеруге;
- сапалы білім берудің қол жетімділік кепілдігін көтеруге;
- басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |