І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік


-тарау. ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ



жүктеу 3,39 Mb.
бет4/16
Дата05.01.2018
өлшемі3,39 Mb.
#6990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

7-тарау. ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ

  • 50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі

  • 51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

  • 52-бап. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі

  • 53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер.

Қазақстан Республикасының Конституциясы
(30 тамыз 1995 жылы республикалық референдумда қабылданды)


(1998 ж. 7 қазанда енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасының Конституциясы 9бөлімнен, 98 баптан тұрады.

Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.

1-бап 1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. ҚР Конституциялық Кеңесінің 21.12.01 ж. N 18/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз

2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.



10-бап1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.

2. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.

3. Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.

11-бап1. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.

2. Республика өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi.



12-бап1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi.

2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

3. Республиканың азаматы өзiнiң азаматтығына орай құқықтарға ие болып, мiндеттер атқарады.

4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады.

5. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмеуге тиiс.

13-бап1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

ҚР Конституциялық Кеңесінің 22.03.99 ж. N 7/2; 15.02.02 N 1 қаулыларымен берілген түсініктемелерді қараңыз



15-бап1. Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар.

2. Ешкiмнiң өз бетiнше адам өмiрiн қиюға хақысы жоқ. Өлiм жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшiн ең ауыр жаза ретiнде заңмен белгiленедi, ондай жазаға кесiлген адамның кешiрiм жасау туралы өтiнiш ету хақы бар.


17-бап1. Адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды.

2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды.



24-бап1. Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi.

2. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.

3. Ереуiл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгiленген тәсiлдердi қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.

4. Әркiмнiң тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi.

ҚР Конституциялық Кеңесінің 10.03.99 ж. N 2/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз

27-бап1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi.

3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.

28-бап1. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төменгi жалақы мен зейнетақының мөлшерiнде әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк берiледi.

2. Ерiктi әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленiп отырады.

ҚР Конституциялық Кеңесінің 12.03.99 ж. N 3/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi N 591 Заңы
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 18, 105-құжат
Осы Заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды. Бұл заң 25 баптан тұрады.

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы

Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi N 581 Заңы

"Егемен Қазақстан" 2004 жылғы 14 шiлде N 176. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 16, 95-құжат

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру мен iске асырудың құқықтық негiздерiн анықтайды.

Әлеуметтік педагогтың өзге білім субъектілерімен және әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық қатынасын ұйымдастыру
Әлеуметтік педагогтың өзге білім субъектілерімен және әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық қатынасын ұйымдастыруда мемлекеттің балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың мақсаттары жүзеге асырылуы тиіс:

      1. Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатының мақсаттары:


      1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушiлiкке жол бермеу;

      2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң негiзгi кепiлдiктерiн нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру; 

      3) бала құқықтары кепiлдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру; 
      4) балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкiндiктерiн ашуға жәрдемдесу; 

      5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөнiндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады. 


      2. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк органдар қызметiнiң басым саласы болып табылады және: 

  1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге; 

      2) балаларға толымды тәрбие берудi, олардың құқықтарын қорғауды оларды қоғамда толымды өмiр сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттiк қолдауға; 
      3) аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеуге және сақтауға; 

      4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны, оған зиян келтiргенi үшiн лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына;

      5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттiк қолдауға негiзделген. 

Әлеуметтік педагог аталмыш мақсаттарды жүзеге асыруда төмендегі құзыретті органдармен әлеуметтік серіктестік байланыстарын жүзеге асырады.



1. Сынып жетекшілері және пән мұғалімдерімен өзара тығыз байланыс.

2. Директордың тәрбие ісі және құқықтық ісі жөніндегі орынбасарларымен тығыз байланыс.

3. ИДН қызметкерлерімен байланыс.

4. Қорғаншы және қамқорлық органдарымен байланысы:

Қорғаншы және қамқоршы органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды, осындай балалардың есебiн алуды жүргiзедi және ата-анасының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негiзге ала отырып, балаларды орналастырудың нысандарын таңдайды, сондай-ақ оларды асырау тәрбиелеу және бiлiм беру жағдайларына одан әрi бақылау жасауды жүзеге асырады. 

      Қорғаншы және қамқоршы органдардан басқа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру жөнiндегi заңды және жеке тұлғалардың қызметiне жол берiлмейдi.

«Неке және отбасы» Заңының 100-бабының 1-тармағында аталған балалар туралы мәлiметтер бар мекемелердiң (мектепке дейiнгi ұйымдар, орта бiлiм беретiн ұйымдар, емдеу және басқа да мекемелердiң) лауазымды адамдары және өзге де азаматтар олар туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған жерiн хабарлауға мiндеттi.  Қорғаншы және қамқоршы орган осындай мәлiметтер алған күннен бастап үш күн iшiнде баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жүргiзуге және ата-аналарының немесе оның туыстарының қамқорлығы жоқ екендiгi фактiсi анықталған кезде баланы орналастыру туралы мәселе шешiлгенге дейiн оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.  Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу және басқа да мекемелердiң басшылары, баланы отбасы тәрбиесiне беру мүмкiн екендiгi белгiлi болған күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде бұл туралы осы мекеменiң тұрған жерi бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға мiндеттi. 

      Қорғаншы және қамқоршы орган осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған мәлiметтер түскен күннен бастап бiр ай iшiнде баланы орналастыруды қамтамасыз етедi (осы Заңның 102-бабы) және баланы отбасына тәрбиелеуге беру мүмкiндiгi болмаған кезде орталықтандырылған есепке алу үшiн және кейiннен баланы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының отбасына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем көрсету үшiн осындай бала туралы мәлiметтi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бiлiм беру басқармасының органына жiбередi. 


ІІІ БӨЛІМ

Әлеуметтік педагогтің өз жұмысын ұйымдастырудағы іс-қағаздары

Әлеуметтік педагог – жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік мектептерде, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда, үйлестіру мектептерінде қызмет көрсетеді. Өз жұмысын ұйымдастыруда әлеуметтік педагог ұжымда позитивті микроклиматтың қалыптасуына, тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіруге басымдық бере отырып, әр респонденттің қабілеттілігін жүзеге асыруына, тұлғалық қызығушылығын қорғауына, бос уақытын ұйымдастыруына, әлеуметтік пайдалы әрекетке жұмылуына ықпал етеді, оқушылар мен мұғалімдердің арнайы мәселелерін зерттейді, оларды шешу шараларын қарастырады. Әлеуметтік педагог оқушылардың отбасымен үздіксіз байланыста болады. Ол балаларды ата-аналардың қатігездігінен, менмендігінен, баланы басынуы сияқты проблемаларға ерекше назар аударады, балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді;

Әлеуметтік көмекке зәру отбасыларына материалдық көмек көрсету (отбасы типтеріне орай қаражаттық, патронат, әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктер, тұрмыстық көмек көрсетулер), әлеуметтік қамқорлықты ұйымдастыру (адамдармен жұмыс жасау, қызметкерлерді таңдау, озық тәжірибелерді анықтау мен тарату), адамдарға әсер ету арқылы іс-құжаттар номенклатурасын түзеді.


Әлеуметтік педагогтің іс-құжаттар номенклатурасы

  1. Әлеуметтік педагогтің іс-қағаздары және нормативтік құқықтық актілер.

  2. Әлеуметтік педагогтің жеке қолдану папкасы (лауазымдық міндеттері).

  3. Әлеуметтік педагогтің жылдық жоспары, жылдық есебі және әлеуметтік зерттеу жұмыстары.

  4. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды есепке алу журналы.

  5. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың картотекасы.

  6. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың жеке іс-қағаздары

  7. Сыныптың әлеуметтік паспорты (куәлігі)

  8. Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар тізімі (жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балалары, мүгедек балалар және оралман оқушылар тізімі)

  9. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету.

  10. Қиын балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар.

  11. Оқушылардың жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастыру.

  12. Әлеуметтік зерттеу жұмыстары (сауалнамалар, тест , семинар-тренингтар тағы басқа)


Әлеуметтік педагогтің жеке қолдану папкасы (лауазымдық міндеттер)

Әлеуметтік педагогтің жеке қолдану папкасында мынадай құжаттар болуы тиіс:



  • Лауазымдық міндеттері (анкета, ереже, бұйрық, форма-2);

  • Мектептің жарғысы; лицензиясы;

  • Мектептің жылдық жоспары, педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес жоспары, тәрбие жұмысының жоспары;

  • Мектептің даму бағдарламасы;

  • Әлеуметтік педагогтің байланыс жасайтын мекемелері, мектеп әкімшілігі, мұғалімдері туралы мәлімет (мекен-жайы, сымтетігі).


Әлеуметтік педагогтің жылдық жоспары, жылдық есебі

  • оқу жылына құрылған жылдық, айлық және апталық жоспар;

  • жартыжылдық және жылдық есеп (атқарылған жұмыс туралы мәлімет).



Әлеуметтік педагогтің жылдық жұмыс жоспары

Әлеуметтік педагогтің жұмысының мақсаты: мектеп оқушыларымен, ата-аналармен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын, көпбалалы отбасы балаларын, жартылай жетім және оралман оқушылармен әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар тәртібінде ауытқушылығы бар және қиын, құқықбұзуға бейім балалармен әлеуметтік-психологиялық және құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Әлеуметтік педагог жылдық жұмыс жасай отырып, медбикемен, сынып жетекшілермен, педагог-психологпен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасармен, КТБІЖ қызметкерлерімен, «Қамқоршылық» кеңесінің жұмысымен жылдық жоспар жасайды.






Атқарылатын іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1.

- Әлеуметтік педагогтің жылдық жоспарын құру;

- «Қамқоршылық» кеңесінің құрамын, жоспарын бекіту.




Тамыз

Әлеуметтік педагог




Сынып жетекшілермен жұмыс

2.

- Мектепке келген оқушыларға әлеуметтік диагностика жасау;

- Сынып жетекшілерден оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу жөнінде мәліметтер жинау;

- Әлеуметтік қамқорлықтағы оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету;

- Мектеп асханасынан арендатор есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушыларды анықтау;

- Мектеп оқушыларының әлеуметтік картасын және картотекасын жасау:



  • Тұл жетім, жартылай жетім балалар тізімі;

  • Көп балалы отбасы балалар тізімі;

  • Оралман оқушылардың тізімі;

  • Үйде оқытылатын оқушылар тізімі;

  • Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының тізімі;

  • Тәртібінде ауытқуы бар оқушылар тізімі.

  • ҚББ сарапшыларға осы мағлұматтарды тапсыру.




Қыркүйек

1 апта
2 апта


3 апта

4 апта

4 апта



Әлеуметтік педагог,

сынып жетекшілер


Кітапхана қызметкерлері

Асхана қызметкерлері

Әлеуметтік педагог


3.


- Оқушыларға жүргізілген диагностикалық жұмыстың нәтижелерін сынып жетекшілермен таныстыру;

- Мектеп әкімшілігімен және сынып жетекшілермен бірлесе ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы мен БҰҰ «Баланың құқықтары туралы» халықаралық конвенцияны талқылау;

- Әр сыныпқа әлеуметтік диагностикалық куәлік (паспорт) жасау;

- Балаларды қорғау бұрышын ұйымдастыру





Қазан

1 апта
2 апта

3 апта
4 апта

Әлеуметтік педагог


Сынып жетекшілер

Тәлімгерлер



Оқушылармен жұмыс

4.

- Мектеп оқушыларының қоршаған ортасының дамуына бақылау мониторингін жасау;

- Оқушылардың әлеуметтік ортасын (отбасы, әлеуметтік ортасы және қызығушылығы) диагностикалау және отбасын анықтау мақсатында анкеталар жүргізу (8-11 сыныптар арасында).



Қараша

1 апта
2 апта



Әлеуметтік педагог






Отбасымен жұмыс










- Әлеуметтік қамқорлықтағы балалардың тұрғын-жайын зерттеу актілерін жүргізу;

- Оқушылардың отбасылық жағдайын талдау және мониторингін құру;

- Ата-аналар жиналыстарына қатысу;

- Сынып жетекшілерінің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен байланысын қадағалау.




3 апта
4 апта
Тоқсан сайын
Үнемі

Әлеуметтік педагог

Сынып жетекшілер


5.


- СПИД күніне байланысты іс-шаралар ұйымдастыру;

- Әлеуметтік педагог, пән мұғалімдері, психологтар, сынып жетекшілермен және әкімшілікпен кеңесе отырып бірқатар іс-шаралар өткізу;

- Отбасы жағдайы төмен оқушыларға материалдық қолдау көрсету (транспортта тегін жолақымен қамтамасыз ету);

- Жаңа жылдық шыршаға әлеуметтік қамқорлықтағы оқушыларды сыйлықпен қамтамасыз ету.



Желтоқсан

1 апта
2 апта


3 апта


4 апта

Әлеуметтік педагог

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары




Әлеуметтік педагог пен психологтың бірлескен

жұмысы

6.

- Әлеуметтік педагог пен психологтің отбасына және сынып жетекшілеріне кеңестер беру;

- Оқушылармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жүргізу және кеңестер беру;

- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, отбасында қиын жағдай орнаған оқушылардың ата-аналарына, оқушыға және қиын және құқықбұзуға бейім оқушылармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жүргізу;

- Үйде оқытылатын оқушылардың ата-аналарымен кездесу және әлеуметтік педагогикалық жұмыстар атқару;

- «Мен және жанұям» тақырыбында 7 сыныптарға семинар сабақ өткізу.

- «Мектеп-отбасы-бала» мониторингін құру

- Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен әлеуметтік педагогикалық және психологиялық жұмыстар жүргізу


Қаңтар

Үнемі
Тоқсанына 1 рет


Үнемі

2 апта
3 апта


4 апта
Үнемі

Әлеуметтік педагог

Сынып жетекшілер

Психологтар



Қиын және құқықбұзуға бейім оқушылармен жұмыс




- Мектепішілік есепте тұратын қиын және құқықбұзуға бейім оқушылардың тізімін анықтау және әлеуметтік жұмыстармен тұрғын жай актін жүргізу;

- Қолайсыз отбасыларды анықтау және рейд жүргізу;

- Білім беру мекемелері мен КТЖБИ қызметкерлерімен оқушылар арасындағы құқықбұзушылықта алын алу масқатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру;


Ақпан Үнемі

1 апта


2 апта






Оқушылардың дамуына әлеуметтік педагогикалық

жұмыс




- 10-11 сынып оқушылар арасында өзін-өзі тануды және қадағалауды дұрыс қалыптастыруға әлеуметтік педагогикалық дәрістік сабақтар өткізу;

- 9 сыныптар арасында кәсіптік мамандық таңдауына әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу;



3 апта

4 апта




7.

- Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау мақсатында кездесулер ұйымдастыру;

- 7-8 сыныптар арасында әлеуметтік диагностикалық жұмыстар жүргізу және анализ жасау;

- Оқушылардың әлеуметтік картасын толтыру үшін сынып жетекшілерінің материал жинауына көмек көрсету.


Наурыз

1 апта
2-3 апта

4 апта

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары

Әлеуметтік педагог

8.

- Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға «Қамқорлық» акциясын ұйымдастыру;

- 5-6 сынып оқушыларының әлеуметтік қызығушылығын анықтауға әлеуметтік диагностика жұмыстарын жүргізу;

- 11 сынып оқушыларымен ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын және әлеуметтік бейімделу диагностикасын жасау;


Сәуір

1 апта
2 апта


3 апта

Әлеуметтік педагог

Сн. Жет.

Тәрбие ісі жөніндегі орын.



Әдістемелік ұйымдастыру жұмыстары




- Әдістемелік оқу құралдарын жинақтау (ата-аналарға, сынып жетекшілерге және оқушыларға арналған жадынама);

- Мектепішілік педагогикалық кеңестерге қатысу;

- Қалалық, облыстық семинарларға қатысу;

- Білім көтеретін курстарына бару;



4 апта
Жыл бойы

Жыл бойы


Әлеуметтік педагог

9.


- 9-11 сынып оқушыларымен жеке кәсіби бағыттау жұмысын жүргізу;

- Сынып жетекшілеріне педагогикалық көрсеткіштердің қорытындысындағы кемшіліктерді түзетуге ұсыныстар жасап кеңес беру;

- Келесі оқу жылында кемшіліктер жібермеу үшін мектептің өткен оқу жылындағы қызмет жұмыстарын талдау;

- Жаңа оқу жылының ата-аналары жиналысында тақырыптар құру;

- Жазғы демалыс лагерлерін ұйымдастыру және ата-аналармен кездесу;

- Әлеуметтік педагог қызметінің жылдық жұмыс нәтижесінің қорытынды есебін жасау.


Мамыр

1 апта
Үнемі

2 апта
3 апта
4 апта

Әлеуметтік педагог



жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау