И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Оқытудың мазмұны мен бағдарламасы



жүктеу 2,06 Mb.
бет37/188
Дата21.03.2023
өлшемі2,06 Mb.
#41837
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   188
Зимнаяя

Оқытудың мазмұны мен бағдарламасы

Қойылған сұрақтарға жауап көзі В.В. Давыдовтың тұжырымдаған келесі ережелері болып табылады [63, 163б.]:



  • оқу-тәрбие беру процесі ...оқу пәндері жүйесінің мазмұнын меңгеру негізінде жүзеге асырылады;

  • әрбір оқу пәні қоғамдық сананың (ғылымның, өнердің, адамгершіліктің, құқықтың) кез-келген «жоғары» формасының меңгеру өзіндік бейнеленуі болып келеді;

  • оқу пәнінің өзегі оның бағдарламасы болып табылады, яғни меңгеруге арналған білім мен біліктердің жүйелі және төменннен жоғары баяндалуы;

  • оқу пәнінің мазмұнын көрсететін бағдарлама ... оның білім берудегі әдістерін, дидактикалық құралдардың сипатын, оқу мерзімін анықтайды..., ұсынылған материалды меңгеру барысында оқушыларда қалыптасатын ойлану түрін жобалайды;

  • оқу пәндерінің мазмұнын оқу әрекетінің ерекшеліктері мен құрылымына сәйкес әзірлеу қажет [63, 163 б.].



Оқу - жалпы сипаттамасы

Биологиялық жүйенің жеке тәжірибесін жинақтау процесі мен оның нәтижесін білдіретін (Жер шары жағдайында қарапайымнан оның ең жоғары ұйымдасқан түрі адамға дейін) ең жалпы ұғым - үйрету. Мақсатты бағытталған, оған қоғамдық-тарихи тәжірибені саналы түрде беру нәтижесінде адамды үйрету және осы негізде қалыптасатын жеке тәжірибе оқу деп анықталады. Алайда, осы проблеманы зерттеушілердің көпшілігі (Й. Лингарт, И.И. Ильясов және т.б.) оқу ұғымын жеке тәжірибені тек қана адамда ғана емес, жануарларда да қалыптасуын талдау және түсіндіру үшін неғұрлым ортақ ұғым ретінде қолданады. «Оқу, организмдер әрекетінің формаларының бірі ретінде өзінің мәні бойынша біртұтас, бірақ эволюциялық тұрғыдан ол шашыранды және эволюцияның әртүрлі сатыларында сапалық ерекшеліктері бар» (Й. Лингарт) [115, 17 б.].




Қарастырылу аспектілері

Оқу аспектілері пәнаралық болып табылады; соған сәйкес ол әртүрлі позициялардан қарастырыла алынады, Й. Лингарт қарастырудың келесі тоғыз аспектілерін (позицияларын) белгілейді, бұл позициялар оларды ажыратуда біршама дау туғызушы жерлердің болғанына қарамастан келесі түрде анықталынады.


Биология тұрғысынан оқу бейінделу процесін білдіреді, онда тұқым қуалаушылық, орта, бейімделу, реттеу (тікелей, генетикалық шартталған және қоршаған ортадан «жанама») қарастырылады.
Физиология тұрғысынан оқу шартты рефлекстерді дағдыландырудың нейрогуморалдық механизмдерінің жағдайынан, жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарынан (қозу және тежелудің, болымды және теріс индукцияның, доминантаның топтауы мен иррадиациясы), мидың талдамалық-синтетикалық қызметі тұрғысынан қарастырылады.
Психология тұрғысынан оқу субъекттің белсенділігі, әрекеті, психикалық дамудың факторы ретінде қарастырылады. Оқу айқын көрінеді және адамның мінез-құлқының ары қарай жүйелі өзгеріске ұшырауына әкеледі. Бұл позицияда таңбалық-символикалық құрылым-дардың ақпараттық функцияларына, мағына құрудың, танымдық және мотивациялық құрылымдардағы өзгерістерге ерекше маңыз беріледі.
Әлеуметтану тұрғысынан оқу жеке және қоғамдық сана байланысының шарты ретінде әлеуметтендіру факторы тұрғысынан қарастырылады. Бұл позициядан оқу процесі жүзеге асырылатын білім беру жүйелерін әлеуметтік басқарудың әртүрлі формалары қарастырылады.
Аксиология, этика позициясынан оқу құндылықтық қалыптасу және өзін-өзі анықтау, қоғамдық нормаларды, ережелерді, құндылықтарды интернализациалау процесі ретінде қарастырылады.
Кибернетика позициясынан оқу тура және кері байланыстар каналдары бойынша оқыту жүйесінде басқарумен, стратегия, бағдарлама және алгоритмдерді әзірлемелеу және өзгерулерімен сипатталатын ақпараттық процесс ретінде қарастырыла алынады.
Философия позициясынан (гносеологиялық тұрғыдан) оқу танымның ерекше (спецификалық) формасы ретінде қарастырылады. Оқуда объективтік пен субъективтің, форма мен мазмұнның және т.б. арасындағы қарама-қайшылықтар пайда болып, шешіледі.
Қисынды көзқарас тұрғысынан оқу қисынды ойлауды қалыптастыру, жалпыланған алгоритмдерді әзірлеудің негізі ретінде қарастырылады. Оқу материалын қисынды ретке келтіру, процесті ұйымдастыруды оңтайландыру – оқуды қисынды тұрғыдан қарастырудың мәні.
Педагогикалық позициядан оқу келесі контексте қарастырылады, «мұнда тәрбиелеу мен оқыту қоғамдық тәжірибені неғұрлым тиімді бере алуды қамтамасыз етуге міндетті қоғамдық қажеттілік көзқарасынан қажетті, мақсатты бағытталған, жүйелер болып табылады» [115, 28 б.]. Сонымен қатар, дезадаптивті мінез-құлықты ескеру маңыздылығы мен психотерапияны пайдаланудың маңызы ескеріледі. Педагогикалық психология оқуды ең алдымен психология мен педагогика позициясынан қарастырады, алайда ол әлеуметтану-шлық, кибернетикалық, философиялық және қисындылық позицияларды да ескереді.



жүктеу 2,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   188




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау