И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



жүктеу 2,06 Mb.
бет147/188
Дата21.03.2023
өлшемі2,06 Mb.
#41837
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   188
Зимнаяя

Оқу еңбектестігінің амалдары

Оқудағы еңбектестік түрлі тәсілдердің, амалдардың көмегімен ұйымдастырылады, олар шәкірттердің іс-әрекетін белгілі ережелерге бағындырады. Оқу міндетін орындаудағы оқудағы еңбектестіктің неғұрлым кең таралған тәсілі дискуссия, талқылау, проблемалық сұрақ болып табылады. Сонымен қатар, амалдардың еңбектестік формасынан, яғни оның қорытынды және ағымдағы түрлерінен де тәуелділігі белгіленген. Бірлескен жұмысқа арналған тапсырманы қорытынды орындауда ол міндетті орындау даралық болуы мүмкін, ал оны бақылау мен бағалау – қорытынды нәтижені талқылау процесінде бірлесіп жүргізілуі мүмкін. Ағымдағы еңбектестікте тапсырманы орындау барлық кезеңдерде барлық қатысушылармен бірлесіп орындалады.


Бірлескен іс-әрекетте тапсырманы орындау проблемасының теоретикалық талдауы кез-келген міндет еңбектестікке сәйкес еместігін көрсетті: белсенді диалог және біріккен шешім логикалық пайымдауды, өзара талдауды және әртүрлі көзқарастарды өзара бағалауды талап еткенде пайда болады. Оқудағы еңбектестікке сәйкес міндет оны шешудің мазмұны мен тәсіліне аз дегенде бір көзқарастың болуын ұйғарады. Еңбектестікке неғұрлым проблемалық оқу міндеттері сәйкес. Мұндай міндеттер танымдық процестердің басымдылығының өлшемдері бойынша оларды орындау барысында ойлау-мнемикалық болып табылады. Олар теоретикалық білімдерді белгілі бір деңгейде меңгеру және оларды нақты жағдайларда қолдану ептіліктерін талап етеді.
Оқудағы еңбектестік жағдайында міндетті бірлесе орындау қатысушылардың пәндік-танымдық, пәндік-коммуникативтік және пәндік-рефлексивтік тұрғыдағы шағын міндеттерді талқылауын ұйғарады (Е.Н. Емельянов, Е.Д. Маргулис). Біріншілері тікелей топқа ұсынылған тапсырманы шешуді іздеумен байланысты, екіншілері – қарым-қатынас пен біріккен іс-әрекетті ұйымдастырумен, үшіншілері – біріккен іс-әрекетке қатысушылардың әрқайсысының санасында олардың серіктестерінің міндеттер пәні мен шарттарын қалай түсінетіні жайлы сәйкес түсініктердің қалыптасуымен байланысты. Міндеттерді орындау, үш сатылы кезеңдерден өтеді: шарттармен танысу, шешу және бақылау. Оқудағы еңбектестік жағдайында міндетті бірігіп орындау барысында барлық кезеңдерге жеке тұрғыдан шешумен салыстырғанда белгілі бір ерекшелік тән, алайда жеке пікірлерді дер кезінде, тиімді бақылау да ерекше маңыздылыққа ие болады. Оның тиімділігінің төменділігі немесе мүлдем болмауы топ жұмысын өнімсіз немесе тіпті пайдасыз етуі мүмкін (Е.Д. Маргулис).
Оқудағы еңбектестіктің тиімділігі үшін оның ұйымдастырылу сипаты, соның ішінде қатысушылар іс-әрекетінің сыртқы белгілі бір ережелерге бағынуы үлкен мағынаға ие (біріккен жұмыс тәсілдерінің рөлдерін немесе тапсырмаларын тарату арқылы). Бұл жерде триададағы талқылау барысын реттеуге тиісті жетекшіні тағайындау оқудағы әріптестікке қатысушылардың бірлескен жұмысының өздігінен ұйымдасуының факторы болуы мүмкін (В. Янтос). Еңбектестік тәсілдері жайлы айта отырып, еңбектестік формасының өзі ғана емес, сондай-ақ, Т.К. Цветкованың зерттеулері көрсеткендей, міндетті бірлесе орындауды ұйымдастыру тәсілі де елеулі мәнге ие екенін атап өту қажет. Студенттер триадасының вербалды тапсырмаларды орындауын талдау материалының негізінде, вербалды тапсырманы бірлесе орындаудың алдын ала өңделген бағдарламасы еңбектестікті ұйымдастыру тәсілі ретінде бірлескен жұмыс өнімділігін арттыратыны көрсетілген. Бұл жерде бағдарлама пәндік өзгеріс тәсілдерін де ұсынады (Т.К. Цветкова).
Оқушылардың оқудағы топішілік өзара әрекеттесулерінің зерттеуі бойынша жүрзізілген теоретикалық-эксперименталдық жұмыстардың нәтижелері бірлескен, ұжымдық субьект болып табылатын мұғалім мен оқу тобының оқудағы еңбектестігін жүзеге асыру мүмкіндігі жайлы сұрақты туындатты. Осы сұрақтың шешімі В.П. Панюшкиннің осы процестің фазалығының тұжырымдамасында терең және жүйелі түрде ұсынылған.



жүктеу 2,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   188




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау