Қарым-қатынас сипаттамасы
Қарым-қатынастың жалпы сипаттамаларын, ары қарай осы позиция тұрғысынан үйренушілер мен үйретушілердің (мұғалім мен оқушылардың, оқытушы мен студенттердің) қарым-қатынасын сипаттайтындай етіп қарастырайық.
Тілдік қарым-қатынас процесінің формалды жағы А.А. Холодович суреттеген тілдік мінез-құлық типологиясының негізінде сипатталынуы мүмкін. Ол тілдік акттің сәйкестендірілуінің бес бинарлық белгілерін ұсынды: білдіру құралы, коммуникативтілік, бағдарланғандық, квантификативтілік, контакттілік [226]. Мысалға, «білдіру құралы» белгісі бойынша қарым-қатынас дыбыстық немесе жазбаша болуы мүмкін. «коммуникативтілік» белгісімен автор серіктің болу немесе болмауын белгілейді және де бар болған жағдайда – не тікелей (мысалы, диалог), не жанама коммуникативтілікті белгілейді – делдар арқылы, үшінші адам арқылы (мысалы аудару). «Бағдарланғандық» не ауыспалықты (біреу сөйлейді, басқасы (басқалары) тыңдайды), не өзаралық (екі әңгімелесуші кезек-кезек сөйлейді және тыңдайды). «Квантификативтілік» тыңдаушылар санын (біреу – көп) және қабылдаушы жақ сипатын анықтайды. А.А. Брудный терминологиясы бойынша осыған байланысты қарым-қатынастың екі түрін ажыратады: аксиалды және ретиалды (желілік). «Контактілік» белгісімен көз алдында әңгімелесушінің болуын не жоғын белгілейді. Аталған белгілердің үйлесімі бойынша теоретикалық түрде тілдік қарым-қатынастың 32 түрі болуы мүмкін. Осы тұжырымдама терминінде педагогикалық қарым-қатынас көпшілігінде дыбыстық, тікелей, контактілі, ауыспалы (ол өзара болуы керек), бұқаралық және аксиалды-ретиалды ретінде сипатталауы мүмкін.
Қарым-қатынасты, қалай дегенмен де, бір-бірімен психологиялық қатынаста байланысқан адамдар арасындағы мақсатты, тура немесе қайсы бір құралдармен жанамаланған контакт орнату және қолдау процесі ретінде анықтай отырып, А.А. Леонтьев оның келесі сипаттамаларын бөледі: контактілік, бағдарланғандық, бағыттылық, арнайы семиотикалық пен процестің психологиялық динамикасы. Соңғы редакцияда олар А.А. Леонтьев бойынша аранайы семиотикалық және жанамалылық дәрежесі, қарым-қатынас бағдары мен психологиялық динамикасы ретінде анықталған [109, 65-78 б.]. Бұл жерде бұрынырақ аталған сипаттамалардың кейбіреуін ол жаңа мазмұнға толтырады. Мысалға, бағыттылықтың екі жақты табиғаты белгіленеді: адамдардың өзара әрекеттесу ерекшеліктерін өзгертуге және олардың өздерінің өзгеруіне бағыттылық.
Бағдарды анықтау кезінде ақпарат алмасу бағыты ғана емес, сондай-ақ бағдарланудың өзінің бағыттылығының әлеуметтік немесе тұлғалық табиғаты да белгіленеді. Осы негізде А.А. Леонтьев, Б.Х. Бгажноков қарым-қатынастың екі типін бөліп көрсетеді – тұлғаға бағдарланған және және әлеуметтік бағдарланған. Олар коммуникативтік, функционалдық, әлеуметтік-психологиялық және тілдік құрылыммен ажыратылады. Әлеуметтік бағдарланған қарым-қатынастағы айтулар көптеген адамдарға арналады және әркімге де түсінікті болуы керек. Сондықтан да оларға толыққандылық, дамығандық, ашықтық, дәлдік және жоғары мәдениет талаптары қойылады. Қарым-қатынастың арнайы семиотикалық мазмұны барлық құралдардың – вербалды және вербалды еместердің бірігуінің – тілдік әсер ету тиімділігін жоғарлату үшін маңыздылығын айрықша көрсетеді. Контакттілік айтылып тұрған хабардың уақыт пен кеңістік бойынша жақындығы мен оның қабылдану дәрежесі бойынша қарастырылады. Қарым-қатынастың маңызды сипаттамасы оның психологиялық динамикасы болып табылады, ол сөздік әсер ету ерекшеліктерімен анықталады.
Сөздік ақпараттың адам психикасына әсер ету дәрежесі мен сипаты қандай болуына байланысты келесілерді бөледі: хабарлау, сенімін жеткізу және сендіру [163]. Осы сипаттамалар бойынша А.А. Леонтьевтің ізінше лекцияны «онда қолданатын құралдар сипаты және әлеуметтік жанамалануы бойынша тұлғааралық қарым-қатынасқа таяу (әңгіме) түрлі психологиялық динамикалы» әлеуметтік бағдарланған қарым-қатынас ретінде анықтауға болады [108, 12 б.].
Аталғандарға қарым-қатынастың тағы екі сипаттамасын қосуға болады: тұлғалылық, өкілділік көрнекіліктік және көпақпараттылық. Біріншісімен сөйлеушінің (мұғалімнің немесе оқушының) мәтіндегі субъекттік көрінісі белгіленеді, екіншісімен – тілдік қарым-қатынастың көп жоспарлығы белгіленеді, мұнда бір мезгілде оның барлық сипаттамалары жүзеге асырылады (мазмұндық, мәнерлік, әсер етушілік), түрлі деңгейлері бейнеленеді (пәндік, мағыналық және т.б.).
Көрнекіліктің әлеуметтік табиғаты былайша анықталады: адамдар арасында пәнсіз қарым-қатынас болмайды, ол әрқашанда мазмұнды, тарихи нақты болып келеді және де «... тек қоғамдық іс-әрекет пен қатынастардың белгілі бір түрінде – өндірістік-техникалық, экономикалық, саяси, адамгершіліктік және т.б. қандай да бір нақты себеп бойынша бола алады» [38, 16 б.]. Іс-әрекеттің осы түрлеріне қарым-қатынас әсер етеді және одан көрінеді. Көрнекілік кез-келген қарым-қатынасқа араласушылардың, мысалы, мұғалімнің (оқытушы-ның) және оқушылардың (студенттердің) даралық-тұлғалық ерекшеліктерін, олардың мәдениет деңгейін, жасын, жынысын және қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, талғамдарын, бейімділігін және т.б. бейнелейтінін ұйғарады. Тілдік қарым-қатынасты, оның негізгі формаларын, қарым-қатынас өнімін талдау ерекше мәнге ие, ол осы қарым-қатынасты жүзеге асырушы адамдар қатынасатын әлеуметтік-қоғамдық қатынастарды да, олардың тұлғалық ерекшеліктерін де ашуға мүмкіндік береді.
Қарым-қатынастың көп ақпаратттылық сипаттамасының да маңыздылығы кем емес. Ол вербалды қарым-қатынас жасау процесінде берілетін тілдік хабарлама күрделі коммуникатитвтік-пәндік мазмұнға ие, ол өзіндік мазмұндық, мәнерлік және түрткі болушы тұрғыдағы айтулардың бірлігі болып табылады. Әрине, олардың әрқайсысы азды көпті мөлшерде айқын көрінуі мүмкін, бірақ олардың ішкі бірлігі вербалды (тілдік) қарым-қатынастың адамдардың қоғамдық-коммуникативтік іс-әрекетіндегі көп ақпараттылығын анықтайды. Осылайша, тілдік (вербалды) қарым-қатынас кем дегенде жеті сипаттамамен суреттеледі: контакттілік, бағдарлылық, бағыттылық, семиотикалық мамандандыру, динамика, көрнекіліктік, көп ақпараттылық.
Достарыңызбен бөлісу: |