Негізгі тәсілдері.
проекциялық (кескінді) - объектінің көлеңкелі көрінісін алу;
томографиялық - объектінің томографиялық көрінісін алу;
эхозондтау, оның ішінде доплерлік.
Кескіндеу тәсілінде объектіні қандайда бір жағынан зондтап (сәулелендіріп), оның көлеңкелі кескіні (проекциясы) алынады. Көбінесе зондтаушы ретінде рентген сәулелері (рентгенография) пайдаланылады. Басқа кескіндеу тәсілдерінің ішінде оптикалық сәулелендіруді қолданатын әдістерді атап көрсетуге болады.
Томография (грек. - қима ) әртүрлі қиылысатын бағыттарда объектінің ішкі құрылымын көп қайтара жарықтандыру арқылы бұзбай, қабатты зерттеу әдісі.
Томография - зерттелетін объектінің белгілі бір тереңдігінде жатқан қабатының кескінін алуға мүмкіндік беретін рентгенологиялық зерттеу әдісі. Қабатты (қатпарлы) кескін алу үш құраушының (рентген түтігі, рентген пленкасы, зерттелетін объект) екеуінің орын ауыстыруына негізделген. Зерттелетін объект қозғалмай, рентген түтігі мен пленкасы бар кассета қарама- қарсы бағытта үйлесімді орын ауыстыратын әдістеме кең таралған.
Аппараттар
Компьютерлік томограф, қысқаша айтқанда – ренгендік қондырғы мен компьютердің жиынтығы. Ренгендік қондырғы әртүрлі бұрышпен түсірілген аурудың суретін (кесігін) береді, оларды компьютер өңдеп, жинақтайды – содан шыққан сурет дәрігерлерге ауру адамның денесінің ішіне терең үңіліп, зерттеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта компьютерлік томография жиі қолданылады. Бұл әдіс инвазивті емес (оперативтік араласуды қажет етпейді), қауіпсіз және көп аурудың түрін анықтауға қолданылады, КТ әсіресе сүйектің зақымдануын және жарақаттарды диагностикалауда қолданылады.
Магнитті – резонансты томографтың жұмыс істеу принципі күшті магнит өрісіндегі зат атомдарының ядролық – магниті резонансына негізделген. Рентгендік әдістермен, компьтерлік томография немесе кәдімгі рентгенмен салыстырғанда, бұл әдіс өтімді сәулеленумен байланысты емес, сондықтан ол қазіргі уақытта аса қауіпсіз инвазивті емес зерттеу әдісі болып саналады. МР-ты кескіндерді алудың физикалық принциптері тек сүйек ұлпасының ғана емес, сондай-ақ буындардың жұмсақ ұлпаларының, сіңірлердің, шеміршектердің, гиалинді қабаттың және бұлшықет ұлпаларының суреттерін алуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |