Флюорография (лат. fluor — ағыс және грек. grapho — кескінін көрсету, бейнелеу) — фотографиялық пленкаға флюоресценттік (сәулелендіруші) экраннан зерттелетін нысанның рентгендік кескінін алудан тұратын рентгенологиялық зерттеу әдісі. Рентген сәулесі ашылғаннан кейін Флюрографияның негізгі принциптерін италиялық ғалымдар А.Баттелли мен А.Карбассо және америка ғалым Дж.М.Блейер жетілдірді. Флюрографияның артықшылығы — клиникасы көпке шейін жасырын болған ауруларды жаппай зерттеуге мүмкіндік береді. Флюрографияны көкірек қуысының, сүт бездерінің, сүйек ауруларының диагностикасын қойғанда қолданады. Флюрографияның 2 түрі:тұрақты және жылжымалы (автобус, вагон) кабинеттер пайдаланылады.
3.Жалпы хирургиялық құралдардың түрлері сақталуы.
3 ші сұрақ
Жалпыхирургиялық саймандар – бұл механикалық әсер ету мақсатымен адам ағзасының тіндері мен мүшелерінде хирцргиялық манипуляцияларды жүргізуге, сонымен бірге осы манипуляцияға арналған материалдармен белгілі бір іс-әрекеттер жасауға арналған бұйым.
Жалпыхирургиялық саймандардың жіктелуі:
1. Кесетін
2. Қысатын
3. Жараны ашатын және ығыстыратын
4. Қалғандары
Кесетін саймандар –жұмсақ тіндерді бөлуге және сүйек тіндерін өңдеуге, сонымен бірге медицинада қолданылатын материалдарды өңдеуге қолданылатын жұмыс бөлігі металдан жасалған, бір немесе бірнеше кескіш жүзінен тұратын медициналық сайман.
Кескіш саймандардың жіктелуі:
1) Скальпельдер, пышақтар
2) Қайшылар
3) Аралар
4) Долото
5) Сүйек қысқыштары
Қысқыш саймандар – жұмыс бөлігін біріктіру арқылы органдарды, медициналық материалдарды, бұйымдар мен саймандарды ұстауға және қысуға арналған саймандар:
1. Серпімді қысқыш – хирургиялық қысқыш, ол тіндер мен мүшелердің құрылымында өзгерістер туғызбайды;
2. Қатты қысқыш – тіндерде қайтымды немесе қайтымсыз өзгерістер тудыратын (2 сағаттан артық әсер еткенде) хирургиялық қысқыш;
3. Қысатын қысқыш – адам ағщасының мүшелері мен тіндерінде қайтымсыз өзгерістер туғызатын хирургиялық қысқыш.
Қысқыш саймандардың жіктелуі:
1) Қан тоқтататын қысқыштар
2) Асқазан-ішек жомдары және қысқыштары
3) Ине ұстағыштар
4) Пинцеттер
5) Операциялық материалға арналған қысқыш
6) Қалғандары
Жараны ашатын және кеңітетін саймандар– адам ағзасының қуыстарын, тіндері мен мүшелерін жарақаттамай және де жан-жағындағы тіндерді жарақаттау арқылы ашуға, ығыстыруға арналған саймандар.
Жараны ашатын және ығыстыратын медициналық саймандардың жіктелуі:
1) Ілмектер
2) Айналар
3) Жараны ашатындар
4) Ішкі органдарды ығыстыруға арналған пластинкалар
5) Буяльский қалақшасы
Қалған жалпыхирургиялық саймандарға келесілері жатады:
зондтайтын саймандар – ағза қуысының мөлшерін және ондағы сұйықтарды анықтауға, сонымен бірге табиғи қуыстардың және патологиялық түзілулер нәтижесінде пайда болған каналдардың бағытын және ұзындығын анықтауға арналған саймандар;
көмекші саймандар – медицинаның әртүрлі саласында өз алдына жеке немесе басқа саймандармен бірге көмекші жұмыстар үшін қолданылатын саймандар.
Қалған жалныхирургиялық саймандардың жіктелуі:
1) Наркозға арналған саймандар
2) Распаторлар
3) Лигатуралық инелер
4) Хирургиялық зондтар
5) Кисетті тігісті салуға арналған саймандар
6) Тіндерден биопсия алуға арналған қысқыштар
7) Ампутациялық ретрактор
8) Сүйек қасықшалары
Саймандарға қойлыатын негізгі талаптар
· Адам ағзасымен және дәрілік заттармен ұзақ уақыт жанасатын (үздіксіз 6 сағаттан көп) саймандар тек коррозияға тұрақты металдар мен құймалардан жабынсыз дайныдалуы керек.
· Саймандардың бетінде сызаттар, жырылған жерлер, бояуы түскен жерлер, кедір-бұдырлар және қабатталып түскен жерлері болмау керек.
· Хромды және никельді жабындары бар көміртекті болаттар мен түсті құймалардан жасалған бұйымдар эксплуатация, тасымалдау және сақтау кезінде коррозияға тұрақты болуы керек.
· Саймандар дезинфекциядан, стерилизация алдындағы тазалаудан және стерильдеуден тұратын өңдеу циклдарына тұрақты болуы керек.
Саймандардың сапасын бағалауды қабылдау кезінде жүргізеді (партиямен қабылдайды). Партия деп бір құжат бойынша қабылданатын бір тип мөлшеріндегі саймандрды айтады.
Медициналық саймандарды қабылдау процесі кезінде келесі көрсеткіштерге тексеру жүргізіледі: негізгі геометриялық мөлшері, сыртқы түрі және ақауларының болуы (сырт көзбен қарағанда), қорғаныш-декоративті жабындары, беттерінің кедір-бұдырлығы, қаттылығы (егер бұйымның ьтехникалық шарттарында көрсетілген болса), жылтырау дәрежесі, жиынтығының түгелдігі, таңбалануы, құлпының еркін болуы.
4.Дәрілік заттарды еңгізу жолдары.
Дәрілік зат- тірі ағзамен әсерлескенде белгілі биологиялық әсер тудыратын табиғи, синететикалық немесе гендік инженерия әдісімен алынған емдік алдын алу диагностикалық әсер алу үшін қолданылатын зат.
Дәрілік заттарды еңгізу жолдары:
-Энтералды(АІЖ арқылы)
Пероралды(ішке), сублингвалды, ректалды
-Парентералды(АІЖ-нан тыс жолдар арқылы)
А) Инъекциялық: тері астына, тері ішіне, бұлшық етке, көктамырға, артерияға, іш пердесіне, сүйек ішіне, шарашты қабық астына.
Б) Ингаляциялық: дене қуыстарына, электрофорез арқылы, теріге және шырышты қабыққа қолдану арқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |