Тәжірибе № 3.
Альдегидтерге күкіртті фуксин қышқылымен сапалық реакция.
Мақсаты: альдегидтерді күкіртті фуксин қышқылы ерітіндісімен анықтай алуға үйрену.
Жадықтар: күкіртті фуксин қышқылы, формалин, пробирка.
Жұмыс барысы: Пробиркаға 5 тамшы күкіртті фуксин қышқылының ерітіндісін құйып, оған формалин қос . Біраз уақыт бақылау, көкшіл-қызыл түс пайда болады.
Альдегидтерді күкіртті фуксин қышқылы ерітіндісі көмегімен қалай анықтауға болатындығы жөнінде қорытынды жаса.
Тәжірибе № 4. Ацетоннан йодоформ алу ( ацетонға сапалық реакция).
Мақсаты: Ацетонды сапалық реакция көмегімен йодаформның түзілуі арқылы ашуға үйрену.
Жабдықтар: ацетонның өте сұйытылған судағы 0,5 %ерітіндісі, люголь ерітіндісі (йодтың калий йодтағы ерітіндісі). 2 н. ерітіндісі, пробирка.
Жұмыс барысы: Пробиркаға ацетон, люголь, натрий гидроксиді ерітінділерінен құю, абайлап қыздыру. Өзгерістерді бақылап, реакция теңдеулерімен өрнектеп, қорытынды жаса.
Майлар.
Мақсаты: Майлардың әртүрлі еріткіштерде ерігіштігін анықтай білу, май құрамын анықтаи, оларды дәлелдей алу іскерлігін қалыптастыру.
Жабдықтар: күнбағыс майы, спирт, бензол, хлороформ, ацетон, су, натрий гидросульфаты (кристалл), фарфор табақшасы немесе тигель, ұстағыш, спиртовка, сіріңке, йод суы, калий перманганатының сұйытылған ерітіндісі, пипеткалар, пробиркалар, штатив.
№ 1. Майлардың ерігіштігі.
Жұмыс барысы: 5 пробиркаға 5 тамшыдан әртүрлі еріткіштен құю: бензол, хлороформ, су, спирт, ацетон. Әр пробиркаға бір тамшыдан күнбағыс майын қосу, жақсылап шайқап араластыру. Қай еріткіште май жақсы, қайсында нашар, қайсында еріген жоқ? Бақылаған өзгерістерді дәптерге жазып, қорытындыла.
№ 2. Май құрамындағы қанықпаған қышқылды анықтау.
Жұмыс барысы: Пробиркаға күнбағыс майынан бір тамшы тамызып, оған 10 тамшы йод суын ( не бром суын ) қосып, жақсылап шайқап араластыр.
1) Ерітінді түсі қалай өзгереді, оны қалай түсіндіруге болады? Осы жұмысты йод суының орнына калий перманганаты және аз мөлшердегі сода ерітіндісімен жүргіз.
2) Бұл жағдайда ерітіндінің түсі қалай өзгеретіндігін бақылап, белгіле. Өзгерістерді дәлелдеп, қорытындыла.
№ 3. Май құрамында глицерин қалдығының бар екендігін анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |