ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
талабына сай емес, таза ғылыми
тұрғыдағы еңбек жазып шықты. Ав-
тор әдеби мұраның таптығы мен
халықтығы қағидаларынан гөрі та-
рихилық принципіне сай зерттеу
жасауды басты мақсат санаған. Бұл
жерде маркстік-лениндік әдіснама
әдебиеттің халықтығы принципі
мен төңкеріске дейінгі ғылыми-
зерт теушілік ой-пікірдегі халықтық
мәселесі арасына шек қоюға бол-
майды. Төңкеріске дейінгі бұл ғы-
лыми ұғымды жаңа әдіснама әде-
биеттің таптығы принципіне сай
бұрмалап әкетіп, таптық мүддемен
байланыстылықта қарады. Маркстік-
лениндік әдіснама бойынша ха-
лықтық ұғымы жалпы ұлт емес,
оның ішіндегі жұмысшы, шаруа
дең гейіндегі тар шеңберде қаралды.
Буржуазия мен феодалдардың тап
ретінде жойылуынан кейін халықтық
ұғымы бүкіл ұлттық сипат алып
кетті. Сондықтан «Әдебиет тарихын-
да» тарихи жырлар мен өлеңдерді
қарастырғанда, олардың халық өмірі
мен тарихи шындық тұрғысынан
тексерілуі бұл еңбектің кеңес өкі-
меті дәуірінде ғылыми айналымға
қосылмауына басты себептердің бірі
болды.
Еңбектің 1920 жылдардағы ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірге қосқан
үлесін анықтау үшін М. Әуезовтің
қазақ фольклорын зерттеудегі ға-
лымдық білімділігі мен біліктілігін
айқын танытатын үлкен үш түрлі бас-
тамасына назар аудару керек:
1. Оқулықтағы кез келген халық
ауыз әдебиетінің үлгісін талдауда,
оның әлеуметтік сыр-сипатын ай қын-
дауда тарихилық принципі тұрғы-
сынан келуі.
2. Импровизаторлық табиғи ту-
ма таланты бар қазақ халқының өте
бай ауыз әдебиеті шығармалары-
ның шығуы мен таралуын халық тың
ғасырлар бойғы салт-санасы на, әдет-
ғұрпына, тұрмыс-тіршілігіне, эко -
номикасына байланыстыра зерттей
отырып, халықтық сипатына ба-
са көңіл аудара отырып талдады.
Әде би мұраның халықтық сипаты
туралы айтылып жүрген әр түрлі
ой-пікірді ғылыми негізде дамыта
отырып автор:«Сондықтан ауыз-
ша әдебиеттің ішінде елдің белгілі
ұғымын білдіретін жалпы дүниеге
көзқарасын сездіріп, өткенді қалай
түсінуін көрсететін сөздің барлығын
да бірақ адамға тиісті өнер емес,
сол көптің өнері, жалпақ елдің
сыбағасына тиетін өнер туындысы...
олардың өлең-жыр ішінде айтатыны
түгелімен жалпақ елдің ұғымы мен
жалпақ елдің көзқарасы», – деп атап
көрсетеді.
3. Қазақ әдебиетінің тарихын
ауыз ша әдебиет және жазба әдебиет
деп екіге бөліп тексеру қажеттігін
тұңғыш рет ұсына отырып, фольклор
мен жазба әдебиеттің арасындағы
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
115
Достарыңызбен бөлісу: |