Жоба
«Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында: «Мемлекет қазақстандықтар өз бетінше өзінің өмір сапасын жақсарта алулары үшін жағдайлар жасайды. Мемлекеттік әлеуметтік қолдау адресаттарға олардың еңбек, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін оятуға бағытталып отыр» деп атап өтілген.
Осыған байланысты, ұсынылатын Заң жобасымен халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерінің бірі ретінде
жаңа жұмыс орындарын құратын, сондай-ақ қызметкерлерді кәсіптік оқытуды іске асыратын кәсіпкерлерді көтермелеу позициясы бекітіледі. Жобамен тұрғындарды жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың аталған принципін іске асырудың шаралары қарастырылады және мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдарға, жалдамалы жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің жұмыспен қамтылушылыққа жәрдемдесудегі өзара іс-қимылы бөлігінде жұмыспен қамтылушылыққа жәрдемдесудің белсенді шаралары түсінігін кеңейту ұсынылады.
Бұндай көзқарасты іске асыру қажеттілігі Қазақстандағы қазіргі еңбек нарығын қалыптастыру және дамыту тетігі тек жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға жарамды жұмыс іздеуде, жаңа мамандықтар бойынша кәсіби кадрлар дайындауға және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жәрдемдесу жолын енгізілетін шараларымен шектелетіндігінен туындайды. Қазіргі кезде жаңа жұмыс орындарын құру бойынша кәсіпкерлерді ынталандыру мәселесі заңнамалық деңгейде шешілмеген.
Ұсынылған көзқарасты іске асырудың континенттік Еуропа және жақын шетелдерде оң мысалдары бар екенін талдау көрсетіп отыр. Мұндай тәсілдеме Болгария, Әзербайжан Республикасы, Белорусь Республикасы, Молдова Республикасы, Украина және басқа елдердің заңнамаларында бекітілген.
Заң жобасымен «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Инвестициялар туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Концессиялар туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Халықтың көші-қоны туралы», «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарына өзгертулер енгізіледі.
Дайындалған заң жобасы жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен кәсіби стандарттарды әзірлеу, кәсіпорындардың жоғары және кәсіби-техникалық оқу орындарының студенттері мен оқушыларының өндірістік практиканы ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған шығындарын субсидиялау, жас мамандар мен жұмысшылардың сынақ мерзімін өту кезеңіндегі еңбекақыларын субсидиялау, жаңа бастаушы қызметкердің сынақ мерзімін өту кезеңінде машықтарының жеткіліксіздігі себебі бойынша кәсіпорын жабдығына залал келтіргені үшін жауапкершілігін сақтандыру кіретін бірқатар шараларды қарастырады.
Конституцияның 14-бабының 2-тармағында анықталған конституциялық норманы іске асыру мақсатында «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына жұмыс орындары туралы ұсыныстар және хабарландыруларда шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қөзқарасына, нанымына, саяси қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдайларға қатысты себептермен кемсітушілік элементтерін қоса алмайтындығы туралы норманы бекіту ұсынылады.
Студент жастарды дербес өмірге және бастамашылық еңбекке бейімдеу мақсатында жоғары оқу орындарының және кәсіптік техникалық оқу орындары студенттерінің оқудан бос уақыттарындағы жастар практикасы жөніндегі шартта белгіленген білім алып жатқан кәсібі (мамандығы) бойынша ұйымдарда меншік нысанының түріне қарамастан жастар практикасын өту құқығы бекітіледі.
Жастар практикасының мақсаты кәсіптік тапсырмаларды және міндеттерін орындау арқылы тәжірибе алу, кәсіптік білімдерін, шеберлікті жетілдіру, техникаларды, жаңа технологияларды оқу және меңгеру және қосымша кәсіби дағдылар алу болып табылады.
Бітірушілерді жұмысқа орналастыруға кәсіпкерлерді ынталандыру үшін, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оқыған жоғары оқу орнын бітірушілерді еңбек шарты негізінде жұмысқа орналастырушы жұмыс берушілер көрсетілген бюджеттен үш айдың ішінде ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде өтемақы алуына болатыны қарастырылған. Осы жағдайда бітірушілерді жұмысқа орналастырған кәсіпкерлер жұмыс орындарын көрсетілген тұлғалар үшін кем дегенде екі жыл сақтауға міндетті.
Егер жұмыс беруші өз бастамасымен осындай мекемелердің бітірушілерімен еңбек шартын бұзатын болса, онда олар бітірушілердің әрқайсына төленген соманы бюджетке толығымен қайтаруға міндетті. Сонымен қоса, жұмысқа орналасқан оқу орнын бітірушілер сынақ мерзімінен өту кезінде жұмысқа төлеу үшін алынған бюджеттік қаражатқа қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіппен екі жыл ішінде республикалық бюджетке көрсетілген қаржыны қайтаруға міндетті болады.
Отандық кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында «Мемлекетті сатып алу таралы» Заңға өзгертулер қарастырылады. Ұсынылып отырған нормаға сәйкес отандық тауар өндірушілердің, жұмыс және қызмет берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болғанда шарттық міндеттемелер әрекеті кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарынан – көп мөлшерде қызметкерлерді тарту бойынша міндеттеме (заңмен бекітілген басқа шарттардан тыс) алған жеке кәсіпкерліктің отандық субъектісі жеңімпаз болып табылады. Осындай шарттарды тағы инвестициялық келісімшарттарға және концессия туралы келісімшарттарға отырған кезде, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға құқық алғанда бекіту ұсынылады.
Қазақстан Республикасының азаматтарын – қызметкер ретінде жұмысқа тарту, барлық қамтылған қызметкерлердің құрамының 80 пайыздан кем емес санын құрауы тиістілігі бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың, инвесторлардың, концессионерлердің міндеттерін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Инвестициялар туралы», «Концессиялар туралы» Заңдарында да бекіту ұсынылады. Шетелдік жұмысшылар мен мамандарды тарту тек алғашқы кезеңде немесе Қазақстан Републикасы азаматтарынан біліктілігіне сәйкес жұмыскерлер мен мамандар жоқ болған кезде тартуға болады.
Заң жобасының шарттарының бірі ауылда кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру болып табылады. Мәселен, жобамен жаңа жұмыс орнын құру, бар жұмыс орындарын сақтау және дамыту жағдайында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялауды жүзеге асыру (басқа талаптардан басқа) ұсынылады.
Жобамен сондай-ақ жаңа жұмыс орынын құратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін ынталандыру және қолдау бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыру ұсынылады.
Заң жобасының басты мақсаты жұмыссыздар құрғақ уәделер және хаттар емес тұрақты жұмыс алатын жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін құру болып табылады. Ал кәсіпорын мамандармен толықтыратын сенімді жол және олар қажетті біліктілік деңгейіне жеткенше мемлекеттің қолдауын алады.
Жоба Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейді және бірқатар конституциялық нормаларды одан әрі іске асыруға бағытталған.
Заң Жобасы әлеуметтік-экономикалық келеңсіз салдарларға және өзге де зардаптарға апарып соқпайды және адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын және бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етуге ықпал жасайды деп пайымдаймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП
Парламенттік фракция мүшелері
А. Перуашев
Е. Никитинская
А. Әбілдаев
Т. Ерғалиев
Н. Жазылбеков
М. Қазбекова
А. Тұртаев
Достарыңызбен бөлісу: |