ІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
шындық. Осыған сай Ресейде ғана
емес, ұлт республикаларында да
көркем әдебиетті ғылыми тексерудегі
бүкіләлемдік іс-тәжірибеден үйрену,
жаңашыл деп танылған кейбір тео-
рияларды пайдалану процесі қатар
жүріп жатты. Ол кейін ғылымдағы
космополитизм, батысқа бас июші-
лік, буржуазияшыл-ұлтшылдық деп
табылғаны мәлім.
Бұл тұрғысынан келгенде, осы
кезеңдегі қазақ әдебиеттану ғы-
лымы да өз мүмкіндігі келгенше ұм-
тылыстар жасамай қалған жоқ емес.
Оқулықтар мен хрестоматияларда
негізінен биографизм мектебінің та-
лаптарына сай ғұмырнамалық тұр-
ғыдағы тексеру басты бағыт алды.
Бірақ оған кеңестік әдебиеттануға
тән таптық наным, қоғамдық тар-
тыс, дүниеге таптық көзқарас секіл-
ді қағидалары да араласып отырды.
Ал жеке ақын-жазушылар мұрасын
монографиялық тұрғыда зерттеуде
ғылыми-зерттеушілік ой-пікір био-
графизм ауқымынан шығып, со-
циологиялық арқауы басым талдау-
лардан алыстай бастағаны байқалды.
Мысалы, оны Абай мен Ыбырай
шығармашылығына арналған ғылыми
мақалалар мен еңбектердегі мәдени-
тарихи салыстырмалық мектепке тән
ой-көзқарастардан байқауға бола ды.
Шоқан, Махамбет, Сұлтанмахмұт
мұралары алғаш рет тексерілу ны-
санасына алынып отырғандықтан да
ғұмырнамалық сипатта қарастыру
басым түсіп жатқанымен, тарихи
және әдеби-теориялық талдау жасай
отырып тексеруге деген талпыныс
анық байқалды. Ең бастысы, ұлт-
тық әдебиеттану ғылымы «социоло-
гизм» теориясының зиянды ықпалы-
нан алыстап, сталиндік «түзетулер»
енгізілгенге дейінгі маркстік-ле-
ниндік әдіснама талаптары анық
байқала отырса да бар мүмкіндікті
пайдаланып қалуға ұмтылды. Ста-
линдік түзетулерге СОКП ОК-нің
қаулылары мен Қазақстан КП ОК-нің
1947 жылғы қаулыларынан басталған
саяси науқанға қатысты сөз ету бары-
сында әлі де тоқталамыз. Ал әзірше
оқу құралдары мен монографиялық
тұрғыдағы
зерттеулердің
қолға
алынуына орай ұлттық әдебиет та-
ну ғылымының екі табысын атап
көрсету қажет. Оның алғашқысы
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің тек
әдеби тарихи бағыттағы зерттеулер-
мен шектеліп қалмай, теориялық
талдауларға батыл бара білуі дер
едік. Оған тыйым салынды деген
күннің өзінде А. Байтұрсыновтың
«Әдебиет танытқышынан» бастау
алған Қ. Жұмалиевтің «Әдебиет тео-
риясы», Е. Ысмайыловтың «Әде-
биет теориясының негіздері» секілді
еңбектерінің теориялық таным-бі-
ліктің өз дәрежесінде танылуына
тигізген әсері мол болды. Абай, Ма-
хамбет, Сұлтанмахмұт шығарма ла-
рының қазақ өлеңінің құрылысын
зерттеуге деген жаңашыл бағыт-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
294
Достарыңызбен бөлісу: |