ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
мәнді үлгілерін танып-білуге және
ғылыми-эстетикалық талдау жасауға
айрықша назар аударған. Бұрын ғы-
ға қарағанда әдеби процестің ішіне
кіріп, ажырата жіктеу принципінің
бой көрсетуі қазақ әдебиеттану ғы-
лымының өрелі биікке қол созғанын
аңғартады. Осы ғылыми тенденция
жетекші бағыт болып, кейінгі кезде
дамытыла, жетілдіріле баяндалып ке-
леді. Әрине, соңғы еңбектерде атау
терминдер әр қилы және ақын-жазу-
шыларды белгілі бір ағымның өкілі
санау әр алуан болғанымен, жалпы
ой аңғарының арғы бастауын тану
қиын емес.
Е. Ысмайыловтың «ХХ ғасырдағы
қазақ әдебиеті» оқулығының осын дай
ғылыми жүйесін айта отырып, әдеби
процесті іштей жіктеп-талда уында
бірқыдыру ұтымдылық та, сондай-ақ
кемшілік те барын тасада қалдыр-
мау керек. Оқулық үлкен кіріспе-
мен ашылып, ХХ ғасыр басындағы
қазақ әдебиетінің жай-күйі біршама
жүйелілікте баяндалады, соны де-
ректер мен тарихи мағлұматтар мол
келтіріліп отырылады. Ой өрбіту,
пікір түйіндеу жөнінде де ғылыми
ең бектің сүрлеуі танылады. Алайда,
қа зақтың жазба әдебиетінің өкілде-
рін ағым мен бағытқа бөлуі сақтана
қарауды талап етеді. Ең алдымен
«сыншыл реализм әдебиеті», «демо-
кратияшыл әдебиет» деп екі үлкен
топқа жіктеуінің өзі барынша шарт-
ты екені аңғарылады. Соның салда-
рынан, жалпы әдеби даму процесі
жан-жақтылықтан гөрі, бір қырындау
әңгімеге өзек болған. Бұл сипаттан
қазақ әдебиеттану ғылымы арылып
болды деу қиын.
Ал «сыншыл реализм әдебиеті»
мен «демократияшыл әдебиет» деген
жіктеулердің өзінде үлкен айқын дық
жетіспейді, олар бір өрісте болып
көрінеді. Нақты айтсақ, «сыншыл
реализм» әдебиеті ХХ ғасырдың ал-
ғашқы 15-16-жылдарында туған де-
мократияшыл әдебиетпен бір ба-
ғыттағы, алдына қойған мақсаты
бір әдебиет» дегені – осының айқын
дәлелі. Ал автор бұл дәуірді қалай-
ша жіктеді дегенге назар аудар сақ,
онда «ХХ ғасырдың алғаш 15-16-жы-
лындағы қазақ жазушыларында екі
ұрпақ жазушылардың творчество-
лық беті айқын көрінеді. Бірінші –
әуелгі ұрпақ, сыншыл реалист жазу-
шылар (Омар, Нарманбет, Нұржан,
т.б.). Бұл жүйелі жазушылардың
шы ғармасындағы бір өзгешелік –
прогресті жақтайды, оны ұрандайды,
халық басындағы аянышты халдерді
көріп, соған қайғырады, мұңаяды.
Екінші жағынан, кейде ескі көшпелі
ауылды да көксейді.
Екіншісі – соңғы ұрпақ, 1910 жыл-
дардан бастап қалам ұстаған жас жа-
зушы-ақындар (Сұлтанмахмұт, Сә-
бит, Ә. Ғалымов, т.б.).
Бұлар шығармасындағы бір ерек-
шелік қайғы-зарға салынбай, опти-
мизмде жырлайтындығы, мақсатты
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
210
Достарыңызбен бөлісу: |