ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
сияқты жанрларына да тоқталған.
Негізгі мақсат фольклордың таптық
сипатын ашу болған. «Бұрынғы ақ
сүйек, байлар табының ауыз әдебиеті
бар. Бұқараның ауыз әдебиеті, оның
ішінде малшы-жалшылардың шы-
ғарған, қара шаруаның шығарған
ауыз әдебиеті бар. ...осы мұраны Ле-
нинше ұғып, пайдамызға асыру біз-
дің әдебиетіміздің, әдебиетшілеріміз-
дің міндеті», – деп ғылыми-зерттеу-
шілік ой-пікір алдына әдебиеттің
тап тығы принципіне сай жаңа бағыт
ұсы нады [53, 200]. Негізінен алғанда,
ав торлар өткен дәуір әдебиеті неме-
се совет тұсындағы әдебиет өкілде-
рін тексергенде, қазақ әдебиет-
тану ғылымында маркстік-лениндік
әдіснаманың әдебиеттің таптығы
принципін басты назарда ұстағанын
анық байқаймыз. С. Сейфуллин мен
Ө. Тұрманжановтың бұл оқулық-
хрестоматиясы отызыншы жылдар-
да қазақ әдебиеттану ғылымының
жетілуіне өзіндік ерекшеліктерімен
үлес қосқан еңбек болды. Әдебиет
тарихында елеулі еңбек сіңірген да-
рындардың творчестволық жолын
дәуір шындығы деңгейінде бар қай-
шылығы, жетістігі, көркемдігі тұр-
ғысынан бағалауда мәнді үлгі көр-
сетті.
Қазақ әдебиетінің хрестома тия сы-
ның, оқулық-хрестоматия сының жә-
не оқулығының әдебиеттану ғылы-
мының туғызудағы рөлін әңгімелеген
уақытта әр оқу құралының шыққан
мерзімін ескергендегі басты мақса-
тымыз, әдебиет тарихының зерттелуі
мен дәуірге бөлу процесінің қандай
қиындықпен, қандай жолмен жүр-
генін анықтау еді. Отызыншы жыл-
дардың алғашқы жартысында ха-
лық фольклоры мен ХVІІІ-XІX ға-
сырлардағы қазақ әдебиеті тарихы
кейде даралана, кейде қосарлана
баяндалып, ал ХХ ғасыр басындағы
әдебиеттің кескін-келбеті, ағым-ба-
ғыттары, маркстік-лениндік әдіс-
нама принциптері белсене араласқан
күннің өзінде де әлі толық дұрыс
ғылыми шешім таба қоймағаны,
жоғарыда біз сөз еткен оқу құралдары
мен оқулық хрестоматиядан анық
байқалады.
1930 жылдардың екінші жар-
тысына қарай оқулықтардан көрі
хрестоматиялық сипаты басым оқу
құралдарын шығару тенденциясы
орын алды. 1936 жылы С. Әлімбаев,
Ә. Қоңыратбаевтың 3 класс үшін,
1937-1938 жылдары М. Әуезовтің
VІ класс үшін, Үсеновтің ІХ класс
үшін, М. Жанғалин мен С. Ерубаевтың
Х класс үшін, Ә. Тәжібаевтың V класс
үшін, Д. Әбіловтің VІІ класс үшін,
С. Мұқанов пен Х. Бек хожиннің VІІІ,
Х кластар үшін, Е. Ысмайыловтың
ІХ класс үшін әдебиет хрестоматия-
лары шығып, мектептерді оқу-құ-
рал дарымен қамтамасыз етуді талап
ет кен дәуір тілегінің қажетіне жара-
ды. Бәрін сөз ету мүмкін болмаған-
дық тан бір-екеуіне қысқаша тоқтала
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
206
Достарыңызбен бөлісу: |