ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
өзекті мәселелерін, әдеби сын мен
баспасөз тарихын, әдеби байланыс-
тар мен аударма, т.б. салаларды зерт-
теген еңбектер мен монографияларға
тұтастай қатысты. Оларды маркстік-
лениндік әдіснама негізіндегі ұлттық
әдебиеттану ғылымы деген атаудың
аясында қарап тексеру керек.
Міне, осы тұрғыдан келгенде ба-
тырлар жырының шығу кезеңдері,
тарихи оқиғалардың халық қиялы
мен болашақтағы арман тілегіне сай
жырлануы, ел бірлігі мен патриоттық
мотивтердің көрініс табуы, жыр об-
раздары мен көркемдік суреттеу ту-
ралы ғылыми ой-тұжырымдар біл-
діруі – шынында да, үлкен жаңалық.
«Сәкен кітабының үлкен бағалы жа-
ғы әдеби мұраны халық тарихымен
байланыстылықта зерттеуге талап
жа сауында», – деп көрсетеді акаде-
мик С. Қирабаев. Бұған мысал ретін-
де С. Сейфуллиннің М. Әуезовтің
«Қобыланды батыр» жырының не-
гізгі сюжетіне И. Грозныйдың 1552
жы лы Қазан қаласын басып алуы
себеп болды» деген пікіріне қарсы
ғы лыми-тарихи дәлелдерін алуға
болады. Автор «Қобыланды батыр»
жыры ның шығуына Иван Грозный-
дың Қазанға шабуылы емес, Шаға тай
ұлысының ханы Қазан (Ғазан) мен
Қыпшақтар арасында болған соғыс
себеп болғанын нақты деректер-
мен түсіндіреді. Осы жырдың шығу
тегін ғылыми дұрыс шешудегі бұл
бастама кейінгі зерттеушілерге жаңа
жолмен жүруге бағыт сілтеді. Ол
соңғы кездерде осы жырды зерттеген
Б. Кенжебаевтың, М. Ғабдуллиннің,
Қ. Жұмалиевтің еңбектерінде жүзе ге
асқаны белгілі. Эпостық жырлар дың
тарихилығы туралы автордың осы
ойын Ә. Марғұлан өз мақаласын-
да тереңдете зерттегенін алдыңғы
беттерде сөз еткен болатынбыз. Бұл
жолдағы алғашқы бастаманы да
С. Сейфуллин осы еңбегінде көтер-
гені оқу құралының ғылыми-зерттеу-
шілік сипатын айқындай түседі.
Шын мәніндегі ғылыми-зерттеу
еңбекке тән сөз етіп отырған шы-
ғарманың бұрын басылып шығуы-
нан толық мәлімет беру мен ол жай-
ында айтылған пікірлерді келтіріп
отыру ерекшеліктерін де осы оқу
құралынан кездестіре аламыз. Автор
фольклорлық мұралардың, әсіресе
эпикалық жырлардың бұрын басы-
луы туралы айта отырып, Радлов,
Диваевтардың айтқан пікірлерін қа-
жетті жерінде пайдаланады. Оның
дұрысын тереңдете нақтылай түссе,
қате айтқандарын сынап отырған.
Сонымен қатар, фольклорлық шы-
ғармалардың көп нұсқалы болу
себебін түсіндіріп, түрлі түркі тіл-
дес халықтардың да фольклорын-
да кездесетінін атап өтіп отырады.
Әсіресе, ноғайлы заманындағы шық-
қан батырлар жырының бір кезде
тағдыры, тұрмыс-тіршілігі бірдей
болған халықтарға ортақ мұра еке-
нін айтқан қорытындылары көңіл
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
139
Достарыңызбен бөлісу: |