Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
254
(р.а.) жүргізбек. сондықтан әкесіне хабар жібертіп,
құптан намазын оқытқызды. Бірақ әкесі Әбу Бәкірдің
имамдығы тек осы намазбен шектеліп қалмады.
себебі алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол
күннен кейін мешітке қайтып шықпады. Бұл кездері
намаздарды хазірет Әбу Бәкір (р.а.) оқытып жүрді
400
.
сенбі күні жағдайы біраз дұрысталғандай кейіпте
орнынан тұрып:
– назар аударыңдар, сендерден біреу өлім
белгілерін сезіп, өлетінін сезсе, алланың өзін
кешіретінін ойлап өлсін!
401
– деді.
Екі сахабаның көмегімен мешітке барғанда
тағайындаған имамы Әбу Бәкір (р.а.) жамағатқа бесін
намазын оқытып жатқан еді. Пайғамбарымыздың
келгенін сезгенде имамдығынан кері шегінгісі келді.
алайда, пайғамбарымыз ишара жасап жалғастыруын
бұйырды. сосын өзін сүйегендерге пайғамбар
мешітінің жаңа имамы хазірет Әбу Бәкірді көрсетіп:
– мені қасына апарып отырғызыңдар, – деді.
Іле Әбу Бәкірдің сол жағына отырып, намазға
ниет етті.
Жексенбі күні қызметшісі мен құлдарын азат етті,
сосын алты-жеті динар садақа берді. Барлық нәрсесін
таратып жатқандай болды. Жорықтарда ұстаған
қаруларын мүминдерге үлестірді. Қолындағысын
тегіс таратып, мәңгілік өмірге аттануды көздеген еді.
Тіпті, сол күні кешке айша анамыз әйелдердің біріне
400
Бейсенбі күні құптан намазынан бастап пайғамбарымыз қайтқан
дүйсенбі күнінің таң намазына дейін хазірет Әбу Бәкір (р.а.)
пайғамбар мешітінде барлығы он жеті рет намаз оқытқан еді.
401
Ибн сағд, Табақат, 2\255; Таялиси, мүснәд 246 (1779), Әбу яла,
мүснәд 4\193 (2290); сонымен қатар қараңыз: мүслим, Жәннәт 81
(2877); Әбу Дәуіт, Жәнәиз 17 (3113).
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
255
шам беріп жіберіп, алла елшісінің жарық бөлмеде
жатқанын қалап, май сұратқан
402
.
Үйде жейтін де ештеңе қалмағандықтан, алла
елшісінің киген сауытын арпа алу үшін бір яхуди
көршісіне кепілдікке берді
403
.
Дүйсенбі күні жамағат таң намазына мешітке жи-
налып, хазірет Біләлдің оқыған азанынан кейін намазға
тұрды. намазды алланың елшісі тағайындаған имам
хазірет Әбу Бәкір (р.а.) оқытты.
алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
орнынан тұрып, мешітке баруды қалады. айша
анамыздың мешітке қарай ашылатын есігіндегі
пердені түріп, жамағатқа көз салды. Қаздай тізілген
жамағат имамға ұйып намаз оқып тұр. мүбәрак
жүзінен қуанғаны байқалды. Бұл бірақ оның сахаба-
ларын соңғы көруі еді.
Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) тағы да оның келгенін
сезіп, намаз оқытсын деп кері шегінгісі келді. сахаба-
лар да қуанып, намаздарын бұзуға шақ қалды. Қалай
қуанбасын, бірнеше күннен бері енді ғана мүбәрак
жүзін көрген еді.
Бірақ, расулалла қолымен белгі жасап:
– Орындарыңнан қозғалмай, намаздарыңды
бітіріңдер, – деді.
Көңілі жай тапты. себебі жамағатының имам
тапқанын көрді, өзінен кейін кімге бағынатынын да
байқады. сөйтті де сенімді түрде қайтадан айша
анамыздың бөлмесіне бас сұқты
404
.
402
Ибн сағд, Табақат,2\239.
403
Бұхари, Жиһад 88(2759); мағази 80 (4197); Тирмизи, Буюғ 7 (1214).
404
Бұхари, сыфатус салат 12 (721); мағази 78 (4183)
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
256
Қызы фатиманы қасына шақырып құлағына
әлдене деп сыбырлауы да осы кезде орын алды.
сосын немерелері Хасан мен Хусейнді қасына
шақырып, маңдайынан сүйіп, иіскеді.
Осы кезде аналарымыз да айшаның бөлмесіне
жиналып, алла елшісінің соңғы деміне куә болды.
Пайғамбарымыздың қасына алып, насихат айтқан
адамдарының ішінде әйелдері де болған еді.
Бір кезде айша анамызға қарап:
– алтындарды не істедің? – деп сұрады.
анамыз алтындарды әкеліп берді. алтындарды
қолына алып санай бастады. Бір жағынан:
– шаңырағында алтын тұрғанда мұхаммед
раббының құзырына қалай бара алады? мыналарды
дереу тарат
405
, – деді.
Бір кезде қайтадан қысылып:
– айша, күмәнің болмасын, мен әлі Хайбарда
жеген баяғы тамағымның ауырлығын сезінемін. Дәл
сол удың әсерінен бүгін тамырларым үзіліп жатқан
секілді
406
, – деді.
Әрбір іс-қимылынан қоштасудың белгісі
байқалғандай. сосын үстіндегі қара шапанымен бетін
жапты. Қиналып, ауыр сезінген соң бетін қайта ашты.
Осы кезде тағы да намаз туралы сөз қозғады.
Тіпті:
– намаз, намаз! – деп бірнеше рет қайталады.
Үмбеті немқұрайлы қарамасын деген алаңдау-
405
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\49 (24268), 6\182 (25531); Ибн Хиббан,
сахих 8\8 (3212); Ибн Әби шәйба, мұсаннаф 7\83 (34371)
406
Бұхари, мағази 78, (4165); Хаким, мүстадрак 3\60 (4393). Хайбар
жеңісі кезінде яһудилерден бір әйел пайғамбарымызды уламақ
болған, Жәбірейіл періштенің берген хабарымен аман қалған.
Қараңыз: салихи, субулул Һуда уәр-рашәд 5\134-135
|