Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет82/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   152
Айша

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
251
айша анамыздың назарын аударды. себебі бұл дауыс 
өз әкесінің дауысы еді!
мешіттегілер аңтарыла қарады. Өйткені, хазірет 
Әбу Бәкір (р.а.) бұл таңдау еркі кімге берілгенін, алда 
не күтіп тұрғанын ә дегеннен түсініп, досын ажалға 
қимай аһ ұрған болатын. Бірақ мұны түсінбегендер де 
кездесті. Тіпті оның жылағанын оғашсынды.
Дегенмен жамағаттың ішінде түсінгені түсінді. 
Екінші жағынан алла елшісі (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) адал досы хазірет Әбу Бәкірге назар ау-
дартып сахабалардың арасындағы орнын тағы да 
көрсеткісі келді. сондықтан да досының қолынан 
ұстап, былай деді: 
– мен үшін Әбу Бәкір мәрттігі жағынан 
адамдардың ең абзалы. Егер мен раббымнан басқа 
доспен достасатын болсам, міндетті түрде Әбу 
Бәкірді дос етер едім! алайда, бұдан былай тек Ислам 
бауырластығы және осы бауырластыққа негізделген 
махаббат бар. мешітке ашылған барлық есіктер жа-
былсын, тек Әбу Бәкірдің есігі ашық қалсын!
397
Бейсенбі күні де ауырғанына қарамастан 
жамағатқа барып, өзінен кейінгілерге өсиеттеп әлдене 
жаздыруға ниеттенді. шақырған адамдарына:
– Қане! Қасыма жақындаңдар, сендерге өсиет 
жаздырайын, менен кейін адасып жүрмеңдер, – деді. 
науқасты артық мазаламауды жөн көргендер:
– Көрмейсіңдер ме? алла елшісі қатты ауырып, 
қиналып тұр. неде болса Құран бар, сол жеткілікті! – 
деді. 
397
Бұхари, фадаилус сахаба 3 (3454); мәсажид 46 (454); Дарими, сүнән 
1\51 (81)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
252
сахабалар екіге бөлініп, бір бөлігі осылай десе, 
екінші бөлігі пайғамбарымыздың бұл талабын орын-
дап, қиналса да айтқандарын жазып алу керектігін 
алға тартты. араларындағы сөз ұзап кеткен соң 
науқас мазасызданып, қасымнан кетіңдер деді. 
сөйтіп пайғамбарымыз қайтадан анамыздың 
қасына келді. ауруының асқынып, ыстығының қатты 
көтерілгеніне қарамастан сахабаларының арасына 
барып, намаз оқыды. намазшам намазына да шығып, 
намазда «мүрсалат» сүресін оқыды
398

сосын қайтадан үйіне келді. Ол келгенде, анамыз 
қатты алаңдап отыр еді. себебі жарының жағдайы 
тым ауырлап, орнынан тұратын да шамасы қалмаған 
еді. Бір кезде айша анамызға қарап: 
– намаз оқылды ма? – деп сұрады. 
Оқылған жоқ болатын. Қалай оқиды, бүгінге 
дейін мешітте оқитын намаздарын әрдайым алла 
елшісінің артында сап түзеп тұрып оқитын. алланың 
елшісі жоқ жерде сахабалар оның келгенін күтетін. 
сол себепті анамыз:
– Жоқ, бәрі сізді күтіп отыр – деді.
Өзін қинап орынан тұрмақ болды да, анамызға:
– Дәрет алатын су дайындашы, – деді.
Қиналып тұрып дәрет алды. намазға енді шыға 
бергенде, есінен танып, ендігі жерде күнде барып 
жүрген мешітіне енді бара алмайтын болды. Үйінде 
бәрі әбігерге салынып, анамыз шарасыздан ары-бері 
жүгіре бастады. Бір кезде есін жинағанда да әуелгі 
сұрағаны сол сұрақ еді: 
– Жамағат намаз оқыды ма? анамыз: 
398
Бұхари, сыфатус салат 16 (729); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\140


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
253
– Жоқ, сізді күтуде, – деді. 
Имамды күткен жақсы, дегенмен пайғамбарымыз 
бүгін оларға имамдық жасай алмайтынын түсінді. 
сондықтан:
– Әбу Бәкірге айтыңдар, намазды сол оқытсын, 
– деді. сонымен қатар, бұл өзінен кейін үмбеттің 
істерімен айналысатын адамды тағайындау деген 
мағынаны да білдіргендей. алайда, айша анамыздың 
көзқарасы басқаша еді: 
– Уа, расулалла, Әбу Бәкірдің жүрегі нәзік, Құран 
оқи бастағанда көз жасын тия алмайды. сол себепті 
басқа кісіге тапсырсаңыз, – деді. 
Бұл ұсынысының астарында алла елшісінің 
имамдық орнын басқа ешкімнің толтыра алмайтыны-
на алаңдаушылық та жатыр еді. Жұрттың имамға сын 
көзбен қарайтынын білетін, сондықтан да ол жерде 
әкесінің болғанын қаламап еді. алайда, алла елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): 
– Әбу Бәкірге айтыңдар, намазды сол оқытсын! – 
деді. 
анамыз тағы да қарсылық танытқысы келді. Бірақ 
нәтиже өзгермеді. Тіпті, алла елшісі қабағын шытып:
– сендер тура Жүсіпті айтып бір-бірімен ұрысқан 
әйелдер сияқтысыңдар! Әбу Бәкірге айтыңдар, имам 
болып, намазды сол оқытсын!
399
– деді. 
айша анамыз енді анық түсінді. расулалладан 
кейін бұл михрабта тұру ісі өте қиын мәселе болатын. 
Бірақ ол іс жалғасуы тиіс. сол кісіні тағайындау ісін 
де пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өзі жасаған еді. Демек, бұл істі енді әкесі Әбу Бәкір 
399
Бұхари, Жамаға 11 (633) 18 (646, 647); мүслим, салат 94 (418)



жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау