Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет84/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   152
Айша

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
257
шылықпен оған қазірден баршаның назарын 
аударғысы келгендей. сол күндегі назар аудартатын 
тағы бір мәселе құлдар мен қызметшілерге қатысты 
еді. Оларға жақсы қарауды талап етіп, құл да болса 
адамдарға адамша қарау керек екенін өсиеттеді
407

Осы кезде анамыз пайғамбарымыздан үйрен-
геніндей жарының бас жағында тұрып Құранның 
соңғы екі сүресін оқыды. Оқығандарын науқастың 
бетіне үрлеп, шипа тіледі
408
.
расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) соңғы 
демдерін алып жатты. Басын айша анамыздың 
кеудесіне сүйеп, көзін төбеге тікті. Осы кезде қолына 
мисуак ұстаған хазірет Әбу Бәкірдің баласы аб-
дуррахман кіріп келді. алла елшісінің көзі оның 
қолындағы мисуакқа түсті. мұны сезе қойған анамыз 
мисуакты соңғы демінде де қалағанын түсініп, алла 
елшісіне: 
– сізге әперейін бе? – деді. 
– Иә, – дегендей басын изеді. Дереу бауырынан 
оны алып бермек болды. Бірақ, мисуак қатты бола-
тын, анамыз: 
– Жұмсартайын ба? – деп сұрады. Басын изегенін 
көріп, мисуакты аузына салып, жақсылап жұмсартып 
ұсынды. 
Пайғамбарымыз мисуакты алып тістерін 
мұқият ысқылады. Тіпті дәл осылай мұқият мисуак 
қолданғанына анамыз алғаш рет куә болған еді
409

407
Хаким, мүстадрак 3\59 (4388); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\311 
(26699) 
408
Бұхари, мағази 78 (4175), Тыб 31 (5403), мүслим, сәләм 50 (2192); 
Әбу Дәуіт, Тыйбб 19 (3902), Ибн мажә, Тыйбб 38 (3529)
409
Бұл күн туралы айтқанда анамыз «Елшінің дүниедегі соңғы күнінде 
сілекейіне сілекейімді қосқан аллаға шүкіршілік» дейді. Қараңыз: 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
258
Бұл алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
ұқыптылығы болатын әрі мәңгілік әлемге кетерде де 
тістің тазалануы керектігін іс жүзінде көрсеткісі кел-
гендей. Бір кезде:
– 
Лә иләһә илләллаһ, (Алладан басқа құлшылыққа 
лайықты Құдай жоқ), расында өлімнің ащы дәмі бар 
екен,
– деді
410
.
Тістерін тазалап, саусағын жоғары көтерді. Көзін 
көкке қадап, еріндерін қимылдатып жатты. не дегенін 
тыңдау үшін анамыз құлағын тосқанда мына сөздерді 
естіді:
– 
Пайғамбарлар, шейіттер және салихтар-
дан нығметке бөлегендеріңмен бірге маған да 
кешірім етіп, мейірім құшағыңды аш. Енді мені ұлы 
достығыңа қабылда. Алла тағалам, мені Сенің ұлы 
достығыңды қалаймын! Алла тағалам, мен Сенің ұлы 
достығыңды қалаймын!
411
анамыз тағы да алаңдай бастады. Өйткені сау 
күндерінің бірінде оның:
«Жұмақтағы орнын көрмейінше еш нәби қайтыс 
болмайды. Содан кейін не өмір сүруді жалғастырады 
немесе ақыретке таңдау жасауы керек болады» 
дегенін естіген-ді. Соңғы сөздерін естігенде осы есіне 
түсіп, іштей «Енді бізбен бірге болмас»
деді
412
.
міне, бұл жер сөздің түгесілген жері еді. сөз 
біткен жерде ұлы Жаратушыға шын көңілден жал-
барыну мүмин үшін ең маңызды мәселе. анамыз да 
Бұхари, Хумус 4 (2933), мағази 78 (4186), никах 103 (4919)
410
Бұхари, риқақ 42 (6145); Табарани, әл-мұғжамул кәбир 23\31 (78) 
411
Ибн сағд, Табақат 2\229, Бұхари, Тәфсир 69 (4310), Ибн мажә, 
Жәнәиз 64 (1620); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\74 (24498)
412
Бұхари, мағази 79 (4194); мүслим, фадаилус сахаба 13 (2444); Ибн 
мажә, Жәнәиз, 64 (1620)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
259
соған жүгінді. Пайғамбардың қолынан ұстаған қалпы 
жалбарынып, аллаға дұға етті. 
Осы сәт оқыс жағдай болды, қолын алла елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тартып алды. Бұл 
айрылысудың уақыты жеткенін білдірді. Осы бір 
сәттен соң дүниеде қалуды қаламасы белгілі еді. 
Пайғамбарымыздың қолы анамыздың қолынан 
сырғып барып, жанында тұрған су толы кесеге тиді. 
Бұл кезде мүбәрак басы анамыздың кеудесіне сүйеулі 
еді
413

анамыз үшін сол күн өмірінің ең қайғылы күні 
ретінде есінде қалды. Қолымен бетін жауып, өксіп-
өксіп жылады
414

сонда да мықты болуға тырысып, әуелі мәйіттің 
басын жастық жастап, сосын барып жұртқа қайғылы 
хабарды естіртті.
арамызға қашан оралар екен деп күткен 
сахабаларға да бұл өте ауыр соқты. мәдинаның 
аспанын демде қара бұлт торлағандай. Хазірет Омар 
секілді не істерін білмей қалғандар және ол жоқ 
дүниеде өмір сүруді керексіз санағандар да бар еді. 
алайда, өлім де алланың бір бұйрығы екені шындық.
Ендігі кезек соңғы міндетке келді. абдыраған 
сахабалар мәйітті қайда жерлеуді білмеді. Бір кезде 
хазірет Әбу Бәкір: 
– Бір естігенімді ұмытқан екенмін, сол есіме 
түсті. Көзі тірісінде былай дегені бар: «алла тағала 
пайғамбарының жанын өзі жерленетін жерде алады». 
413
Қараңыз: Бұхари, Жәнәиз 94 (1323); мағази 78 (4185), никах 103 
(4919), мүслим, фадаилус сахаба 84 (2443)
414
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\274 (26391)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
260
Ендеше, мәйітті төсегі тұрған жерге жерлейік
415
, – деп 
ақыл айтты.
Иә, пайғамбарлар өзі көз жұмған жерге жерленетін. 
Осы негізбен айшаның (р.а.) бөлмесіне жерленді. 
Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) қызына:
– міне, сенің айларыңның ең қайырлысы осы! 
Бұл – біріншісі, – деді. Бәлкім, мұны тек айша анамыз 
ғана түсінген шығар. Өйткені, бірнеше жыл бұрын 
бір түс көріп, үш айдың қатарынан өзінің бөлмесінде 
туғанын көрген болатын. мұны айтқан күні әкесі 
оған:
– Егер бұл түсің рас болса, жер бетіндегі ең 
қайырлы үш кісі сенің бөлмеңе жерленеді, – деген 
еді
416

алланың елшісін (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
әлі де өзінің жанында сезінгендей. Бұл орын оған өте 
ыстық болатын. Бұл жерден тек қажылық пен ұмра 
және өзге де маңызды істерде ғана кететін. Қалған 
уақыттарында бұл жерден бір елі ажырамады әрі бұл 
өмірінің соңына дейін жалғасты.
415
Тирмизи, Жәнәиз 33 (1018); Исхақ ибн руқия, мүснәд 3\738 (1347); 
Харис ибн Әби Үсама, мүснәдул Харис 2\885 (955) 
416
Хаким, мүстадрак 3\62 (4400), 3\63 (4401), 4\437 (8192) мәлік, му-
атта Жәнәиз (1\232) (548), Табарани, әл-мұғжамул кәбир 23\47, 48 
(126, 127)


261

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау