Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет57/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   152
Айша

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
175
алғашқы шабуылының босқа кеткенін көрген Ибн 
сәлул мұнымен тоқтамай, жаңа жоспарлар ойластыр-
ды. мұхажирларды жамандап, пайғамбарымызды 
меңзеп: 
– Қарғаны асырасаң көзіңді шұқиды
303
, – деген-
дей ауыр сөздер айтты. Бұған қоса, ашық түрде қоқан-
лоқы да жасап: 
– аллаға ант етемін, мәдинаға қайтқан 
кезімізде қадірлі адам ол жерден қор болған адамды 
шығарады
304
, – деп өзін қадірлі адам етіп сипаттады. 
Өзін сүттен ақ, судан таза адам етіп көрсетуге шебер 
еді. Бұған шыдамаған Хазірет Омар (р.а.) алға шығып, 
Ибн сәлулдің көзін құртуды ұсынды, алайда алла 
елшісі: 
– Уа, Омар, бұл қалай болады? Жұрт «мұхаммед 
жолдастарын өлтіреді» демей ме? Болмайды! – деп 
қарсылық танытты. 
сол сәтте жасалатын нәрсе дереу жолға шығу 
еді. Хазірет Омарға осындай нұсқау берді, сонша-
ма ыстыққа қарамастан еш тоқтамастан мәдинаға 
қайтты.
Осы арада тағы да Жәбірейіл періште келіп Ибн 
сәлулдің айтқандарын біртіндеп алла елшісіне 
айтып, «мұнафиқун» сүресін түсірді. Келген уаһи 
арқылы тағы да үміті үзілген Ибн сәлул осы сәттен 
бастап бақсының моласындай енді жалғыз қалды. 
Өйткені, сол кезге дейін қасына ерте білген өз 
қауымының адамдары жасаған жаман әрекеттерін 
303
Ибн сәлулдің сөзі «Ит асыра, сосын өзіңді қапсын» деп берілген. 
Қараңыз: Ибн Һишам, сира, 2\290; Ибн сағд, Табақат 2\107
304
Қараңыз: мүнафиқун 63\8


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
176
бетіне басып, оны тастап кете бастады. Өз баласы 
хазірет абдуллаһ та солардың арасынан табыл-
ды. Әкесінің істегендерінен жерге кірердей бола-
тын. Оның үстіне жасаған жаманшылықтары үшін 
әкесінің өлтірілмектігін де естіді. ақыр соңында 
шешім қабылдап, тікелей алланың елшісіне барып, 
басын иіп:
– Жасаған ашық қиянаттары үшін әкем Үбәй 
ибн сәлулды өлтіргің келгенін естідім. рас саған 
тоқталсаң, оны өлтіруді өзіме бұйыр. Өйткені, Хазраж 
да біледі, бәрінің арасында әкесіне менен жақсылығы 
өткен ешкім жоқ. Егер әкемді басқа біреу өлтірсе, 
өлтірген адамға кектеніп мен де оны өлтірермін! Олай 
етсем, мұсылманның қанын жүктеп, тозаққа барамын 
ба деп қорқамын, – деді. 
Бұл адамды селт еткізер ұсыныс еді. Әкесі болса 
да алла елшісін ренжіткені үшін өлтіруге бел байлап 
отыр. алайда, пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) бұған бармады. Оған қарап: 
– Жоқ, керісінше арамызда болған кезінде оған 
жақсылық жасап, көңілін аулауға тырысамыз, – деді. 
алла елшісінен мұны естігенмен жүрегі тыныш-
тала қоймады. Әкесінің жолын кесіп, әуелі қылышпен 
ұрып түйесін құлатты, сосын жағасынын ұстап былай 
деді:
– мұхаммед қадірлі, нағыз оңбаған өзіммін 
демейінше мен сені жібермеймін
305
, – деп тұрып алды. 
Үсті-үстіне 
болған 
осыншама 
жағымсыз 
жағдайлардан кейін жолға шығып, демалмастан жүре 
305
Қараңыз: Бұхари, мәнәқиб 9 (3330); Тирмизи, Тәфсир 63 (3315); 
Әсқалани, фәтхул бари 8\649; Ибн сағд, Табақат 2\65


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
177
берді. Бұл жағдай аптап ыстықта әбден шаршағанға 
дейін жалғасты. 
Қатты шаршап, демалу үшін бір жерге тоқтады. 
Бірақ, бұл да ұзаққа созылмай, біраз уақыттан кейін 
пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қайтадан жолға шығуды бұйырды да, мәдинаға қарай 
шапшаң басып жол жүреді. 
Пайғамбарымыз үшін де, сахабалар үшін де 
қауіптенетін ештеңе жоқ еді. Бір кезде арттарынан 
түйеге мінген айша анамызбен бірге сахаба сафуан 
ибн муатталдың өздеріне қарай келе жатқанын 
көрді. сөйтсе бәрі демалған жерде айшаны ұмытып 
кеткен екен. анық айтқанда, түйенің үстіне нәудаш
306
қойылып, хазірет айша соның ішінде отыратын. Ол 
кезде анамыз арық болғандықтан, ешкім сезбестен 
оны сол үйшіктің ішінде деп ойлаған-ды. алайда, 
хазірет айша дәрет қысып аулақтау жерге барғанда, 
сол жерде әпкесі Әсма анамыздан алған алқасын 
жоғалтып соны іздеп көп әуреленген болатын. Қайтып 
келсе көш кетіп қалыпты. абдырап әуелі айқайлап 
көрді. Тырс еткен дыбыс білінер емес. Бір қызығы, 
жоғалттым деп ойлаған моншағы сол жер жатыр 
екен. шарасыз кейіпте орамалын бүркеніп, өзінің жоқ 
екенін байқаған кезде іздеп келер деген оймен сахаба-
ларды күтіп отырды. 
Бір кезде сафуан ибн муаттал
307
шыға келді. Оған 
артта бір нәрсе қалып қоймады ма екен деп қарап келу 
306
нәудәш (үйшік немесе күйме) шөлде арнайы әйелдер жолда жүру 
үшін арналған түйенің үстіне байланатын жабық орын дегенді 
білдіреді.
307
расулалланың «Ол туралы білетінім тек жақсылық» және «Жұмақ 
киімдерімен алланың өзі киіндірген адам» деп сүйіншілеген ада-


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
178
тапсырылған болса керек. Бір нәрсенің қарайғанын 
көрген соң соған қарай беттеді. Барса оранып, бүрісіп 
отырған мүминдердің анасы айшаны көргенде 
аузына алғаш түскені. 
– Иннә лилләһи уә иннә илейһи ражи

ун, – деген 
аят болды. «алла елшісінің отбасы осында қалып 
қойыпты». 
Естіген даусына елең ете қалған анамыз дереу 
шәлісіне бүркенді. Бір жағынан өзін алып кететін 
адамның келгеніне қуанды. Хазірет сафуан болса 
расулдың жары әрі мүминдердің анасы айшаның 
қалайша артта жалғыз қалып қойғанын түсінбей: 
– алланың мейірімі жаусын! мұнда қалай қалып 
кеттіңіз? – деп сұрады. 
сөйтті де, түйесін жақындатып: 
– мініңіз, – деді. 
Өзі түйені жетектеп жолға шықты. Екеуінің артта 
келе жатқан себебі осы еді.
мұны ә дегенде Ибн сәлул де көрді. Бұл ілік 
іздеп жүрген адамға нағыз мүмкіндік еді. Дереу 
жанындағыларға бетін шымшып, айшаны өсекке 
таңа бастады. Бұрын да ары таза хазірет мәриямға 
жала жабылғанындай бұған да күйе жағып, алла 
елшісін елге қарағысыз еткісі келді. Өсекті жасы-
рын түрде таратып, мүминдердің арасында бүлік 
шығарғысы келді. неде болса әркім өзіне сай мінез 
көрсетті. 
мы сафуан ибн муаттал хазірет Омар кезеңінде және һижреттің 19 
жылы армения жорығында шәйіт болған. Қараңыз: Ибнул Әсир, 
Усудул ғаба 3\31, 32


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
179
Ибн сәлулдің жол бойғы қорқынышы тарап, 
енді күлімсірей бастады. Өйткені, енді мұхаммед 
осы жағдаймен әлек болмақ. Оның үстіне, бұл оның 
пайғамбарлығына да айтарлықтай күмән тудырмақ.
Бұл есеппен жасалған жала болатын. Әлі 
мәдинаға бармай тұрып, бұл жала ол жерге жетуі тиіс 
және естімеген адам қалмауы керек. сол үшін барлық 
жерде осы туралы айтылып, адамдардың күмәнін 
тудыра берді. Осылайша, жылдар бойы іштерінде 
сақтап келе жатқан кектерін қайтаруды ойлап, туған 
мүмкіндікті дұрыс қолдана алған жағдайда ертеңгі 
күні келетін қуанышты болжады. 

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау