Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
318
– Жер бетінде расулалланың Үтір намазын
қалай оқығанын ең жақсы білетін адамды айтайын
ба? – дегенде ол тезірек білгісі келіп қуанып кетті:
сонда Ибн аббас:
– Ол – айша. Барып үтір намазы жайлы жақсылап
сұрап, кейін
келіп жауабын маған да айт, – деді.
Ибн аббастың жол көрсетуімен сағд ибн Хишам
қасына Ибн Әфлахты ертіп, анамызға барады да:
– Уа, мүминдердің анасы! маған алла елшісінің
Үтір намазды қалай оқығанын айтып бересің бе? –
дейді.
сонда:
– Біз қас қарайған шақта расулалланың ми-
суагы мен дәрет алатын суын дайындайтынбыз.
Түннің біраз уақыты өткен соң тұрып, тісін мису-
акпен тазалап, асықпай дәрет алатын.
сосын сегіз
рәкат намаз оқитын. сегізінші рәкаттан кейін біраз
уақыт алланы зікір етіп, дұға оқып отыратын. сосын
қайтадан тұрып, бір ракағат намаз оқып, сосын бізге
естілетіндей етіп сәлем беретін. артынша отырған
жерінде екі рәкат тағы оқитын. Балам, оның түнде
оқитын намаздарының саны он бір ракат болатын
498
.
алайда, біраз қартайған соң бұл жетіге дейін азайды.
7 ракат намаз оқып сәлем бергеннен кейін екі ракатты
498
Басқа риуаятарда бұл санның жалпы 13 болғанын байқаймыз.
айырмашылықтың себебі ретінде алла расулы ауырған кездерде бұл
намаздардың арасын бөліп оқығандағы, кей түндері ауруы асқынған
кездерде рәкаттарда өзгерту жасауға болатынын, ұзақ оқитын осы
намаздарында рәкаттарды санауда сахабалардың әр уақытта бірдей
мұқияттылық танытпауы сияқты жайттар көрсетіледі. Бұл жағдайда
пайғамбарымыздың түнде оқыған сегіз рәкаттық намазы – өзі үшін
парыз болған Тәһәжжүд, ал одан кейін оқыған үш рекат намаз үтір
намазы болатын. Одан кейін оқыған екі рекат намазы таң намазының
сүннеті болатын.
Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
319
отырып оқуды үзбеді, сонымен түнгі намаздарының
саны тоғыз болатын
499
.
арада біраз жыл
өткен соң хазірет мұғауия
қартайып, өзінен кейінгі халифалық міндетті
арқалайтын адамды тағайындағысы келді. Таққа
өзінің ұлы язидті лайық көргеніменен, әртүрлі
қарсылықтар болатынын сезіп, сақтыққа көшті.
мәруанды Хижаз әкімі
етіп тағайындағанда қарсы
шыққандар болғаныменен, қолдау көрсеткендер де
аз болмады. Бауыры абдуррахман ибн Әби Бәкір мен
айша анамыз қарсы шыққан сахабалардың қатарында
болатын. Бұл мәселеге мәдина халқының да оң көзбен
қарайтынын білдіріп хат жазғанда хазірет абдуррах-
ман қарсы шығып, хазірет мұғауияның да, мәдина
әкімі мәруанның да
қате жасағанын ашық айтудан
тартынбады. Ол:
мұхаммед үмбеті үшін сендер ешқандай қайырлы
нәрсені жасайын деп отырған жоқсыңдар! Бұл істерің
арқылы сендер дүниеден озған гераклдің артынан ба-
ласын патша еткені сияқты Византиялық патшалықты
қиялдайсыңдар, – деп айтып салды.
Оның бұл сөздеріне шамданған мәруан хазірет
абдуррахманды тұтқындауға бұйрық берді. алайда,
ол сәтін тауып айша анамыздың үйіне қашып кетті.
499
нәсәи, Қиямул ләйл 2 (1601); ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\53
(24314). анамыз айтып берген бұл оқиғаның алла расулының соңғы
жылдарында оқыған намаздарына қатысты екендігі байқалады.
Өйткені, бұрынғы жылдарында намаздарын отырып оқымайтын,
рекаттардың бәрінде ұзақ Құран оқитын. Қартайып ауруы асқына
бастағаннан кейін расулалла кей намаздарын отырып оқи бастаған.
Тіпті, бұл жерде де басқаша жасайды, отырып оқитындарын
оқып, сәждеге баратын кезде қайтадан орнынан тұрып намазын
жалғастыратын.