Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет75/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   152
Айша

Қиындық көру
Біраз оқиға бірінен соң бірі орын алып жатты. сол 
күндері әйелдерінің біразы тұрмыс жағдайды біршама 
жақсартуды сұрады. себебі бұрынғыдай емес жақсы 
өмір сүруге мүмкіндіктер туған болатын.
Бір жағы, елдің тұрмысы біршама оңалғанын да 
байқайтын. алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
елге ешқандай шектеу қоймайтын. Бірақ өзі әуелгі 
түсінуге болады. Тіпті, бұл аналарымыздың жағдайын ескерсек, та-
лаптары орынды деуге болады. Қараңыз: нәдәуи, сирату сәйидати 
айша, 145, 146, 147
372
Тахрим, 66\3, 4


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
231
қалпынан айнымай, жұпыны тіршілігін жалғастыра 
берді. Әйелдері мемлекет қазынасы байлыққа толған 
осы жылдары өз тұрмыстары да дұрысталар деп 
ойлады. 
араларында дәулетті жерден шыққандары 
да кездесті. сол күннің жағдайында белгілі ру-
тайпалардың атақты адамдарының қыздары еді. 
Осы себепті жоқшылыққа үйрену қиын соққан-ды. 
айтқаны екі етілмей, қалауы болып тұрған жерден 
келіп, алла елшісінің жүдеу тіршілігіне шыдауға ты-
рысатын. 
Бұған қоса, мүмкіндік бар жерде жағдайды талап 
етудің дұрыс еместігіне қатысты шектеу де жоқ бо-
латын. Иә, жағдайды дұрыстағанда қайтпек?! сірә, 
жоқ кездегі жомарттықтары тәрізді бар кезде де 
мұқтаждарға таратып, сауап алуға күш салар ма еді.
Бұл талапты естігенде, хазірет Омардың өңі 
бұзылып кетті. Өйткені, қызы Хафса да солардың 
арасында емес пе? мәселені әлі алла елшісі естімеген 
екен, дереу Хафсаға барып, алла елшісін (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) меңзеп:
– Күйеуіңнен артық нәрсе талап етуші болма! не 
керек етсең, менен сұра, – деді. Хазірет Омар өзінің 
парасаттылығымен егер мұндай талаппен алдына 
барса, пайғамбарымыздың олармен ажырасатынын 
сезді. Өйткені, қарапайым тұрмысты өз еркімен 
таңдаған пайғамбармен тағдыр бөліскендердің 
одан жағдай талап етуге болмайтынын түсінген 
еді. шалқып өмір сүру ол шаңыраққа жараспас еді. 
Хазірет Омардың ойынша, бұл артықшылықты 
иеленгендердің оның алдына баруға қақысы да жоқ. 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
232
сондықтан әлдеқандай қателік жасап жүрмесін 
деп сол күні басқаларға да жолығып бәріне ескерту 
жасады. Бұл әрекетін бірақ өз туысы Үммү сәләма 
жақтырмай:
– Хаттабтың баласына не жоқ, барлық нәрсеге 
араласасың, бір күні мұхаммедпен әйелдерінің ара-
сына кіріп алатын шығарсың, – деді. 
Иә, бекер күдіктенбепті. Бірақ Үммү сәләма 
анамыздікі де орынды. Қайтпек керек, хазірет Омар 
екі ортада қалғандай күй кешті. алланың елшісін 
ренжітуі мүмкін қадамға жол бергісі келмеді. Бір 
жағы Үммү сәләма анамыздан сөз естіді. Ештеңеден 
қаймықпайтын хазірет Омар не істерін білмей дал 
болды. сәлден соң шарасыз күйде шығып кетті
373

Жағдайды досы Әбу Бәкірмен бөлісті. айша 
соның қызы болғандықтан, мүмкін екеулеп бұған 
жол бермеспіз десті.
Хазірет Әбу Бәкір де алаңдаушылық таныт-
ты. Уақыт жоғалтпастан, жолға шығып, алланың 
елшісіне бет алды. Бірақ кешіккен екен. 
Барса, Пайғамбарымызды әйелдері қоршап отыр 
екен. Бәрі жабырқаулы кейіпте, үнсіз.
Екеуі дереу түсінді. Демек, алла елшісінен 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жағдай талап етіп, ол 
ренжіп сөйлемей қойған сыңайлы.
Екеуі өз қыздарының қасына барды. Ентіктерін 
баса алмаған қалпы жекелеп:
– сендер де қолында жоқты күйеулеріңнен талап 
еттіңдер ме? – деп дүрсе қоя берді.
373
Қараңыз: Бұхари, Илим 27 (89), Тәфсирул Құран 387 (4629); мүслим, 
Талақ 30 (1479)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
233
Иә, бар дүние уысына берілсе де өз еркімен бас 
тартқан алла елшісінен расында жағдай талап еткен 
еді.
Бірақ, бұған артынан әйелдерінің өздері де қатты 
өкінді. Дегенмен, болар іс болып қойған-ды.
– ант етейік, ендігәрі мұндай талап жасамай-
мыз, алла елшісінен қолында жоқты сұрамаймыз
374

– десті.
Жақындарының талабына алланың елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ренжулі еді. сондықтан 
ешбірімен сөйлеспей қойды.
сөйтті де өзі үйден шығып кетті. Жұбайларының 
пендешілікпен дүние игілігіне құмартқанына кейіді, 
ақыреттеріне алаңдады. Өйткені, пайғамбардың 
көңілін қалдырған адамның жағдайы оңбайтын. 
Үрейленген күйі бәрі артынан қарап қала берді. 
Тек айша ғана есікті жауып жатып, бір ай келмеймін 
деп айтқанын естіді.
шынында да айтқанындай күн артынан күн 
өткеніне қарамастан келмеді. Бұл аналарымыздың 
уайымын арттырды. Хазірет айша кеткен күнін бір 
жерге жазып, жоқ күндерін санай бастады. 
Ешкім тіке барып, әлдене деуге батылдық таныта 
алмады. негізі өзі де мұндайды күтпеп еді. Хазірет 
рабахты есікке күзетке қойып, ешкімді кіргізбеуді 
тапсырды. 
Бұны естіген кейбір мұнафықтардың күні туып, 
мұхаммед әйелдерімен ажырасыпты деген қауесет 
таратты. Бұл да жығылғанға жұдырық болды.
374
мүслим, Талақ 29 (1478)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
234
Түннің бір уағында хазірет Омардың есігін 
тоқпақтаған көршісі есі шығып, «бір сұмдық болды» 
деп хабар жеткізді. Хазірет Омар ғассандықтардың 
мәдинаға шабуылға дайындық жасап жатқанынан 
хабардар еді. сол оймен «Ғассандықтар шабуылдамақ 
па?» деп сұрады. Көршісі «Жоқ! Одан да сорақы» деді. 
Ол не болды екен деп ойлап үлгергенше көршісі:
– алла елшісі әйелдерімен ажырасып, оңаша 
кетіпті, – деді. Ондай адамды ренжітіп, ажырасқан 
әйел оңбас деп Омар (р.а.) дереу мешітке келді. Барса, 
жамағат мінберді айнала жылап отыр екен. Ешкім 
жақ ашпайды. Өзі де барып біраз отырды. алайда, 
отырумен іс шешіле ме? сосын алла елшісі не барып 
жолыққанды жөн көрді. Күзетте тұрған рабахқа: 
– Омар келіп тұр деп рұқсат сұра, – деді. 
Хазірет рабах ішке барып келді де рұқсат етпегенін 
білдірді:
– алдына бардым. сенің келіп тұрғаныңды 
айттым. Бірақ ештеңе демеді. алла елшісі (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) қос уәзірінің бірі хазірет Омарға да 
рұқсат бермеді. Хазірет Омар кері қайтқанмен, бір 
айналып келіп тағы да кіруге рұқсат сұратты. Бірақ 
рұқсат берілмеді. Осы жағдай үш рет қайталанды, 
бірақ ойлағаны болмады. 
Хазірет Омардың беті қайтып, үміті үзіле баста-
ды. Кетіп бара жатқанында артынан хазірет рабахтың 
дауысы естілді: 
– сізге енді рұқсат берді!
Омар қуанып кетті. Тез-тез басып босағадан 
аттады. Пайғамбарымыз жерге салынған бір 
төсеніштің үстінде бүк түсіп жатыр екен. Барып 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
235
әдеппен қасына отырды. Ол келген кезде алланың 
елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жамылғысын 
жамылды. Өзінде осы жамылғыдан басқа ештеңе жоқ 
екен. мұқият қарағанда, мүбәрак денесіне төсенген 
шидің іздері түскенін көрді. Тіске басардан бұрышта 
бір уыс арпа ғана көзге түсті. Екінші бұрышта сонша 
мөлшерде жапырақ езбесі бар еді. сосын бір қабырғаға 
ілінген тері тұрды. Көргендері хазірет Омарды 
қатты толқытты. Көңілі босап, көзіне жас іркілді. 
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм). 
– Әй, Хаттабтың баласы, неге жылап тұрсың? 

деп сұрады. 
– Уа, алланың пайғамбары! мен қайтіп жыла-
майын?! шиді төсеніп, денеңізге ізі батыпты. Жегенің 
арпа. Кисра мен Қайсарлар сулы жерде қыдырып, 
ең бір мәуілжіген жемістерді жеп жүр. алланың ең 
таңдаулы құлы бола тұра қолыңдағы бар дүниенің 
түрі мынау – деді. 
– Әй, Хаттабтың баласы! Дүние солардыкі, ал 
ақырет біздікі болғанын қаламайсың ба? 
– Әлбетте, әлбетте, қалаймын, – деді. алғаш 
келгендегіден біраз жұмсарғандай. Батылдығын 
жинап, пайғамбарымыздан сұрады: 
– Уа, расулалла, әйелдеріңмен не жағдай болды? 
Егер бәрімен ажырасатын болсаң, күмәнсіз, алла 
өзіңді жақтайды. Жәбірейіл мен микайыл да. Әрине, 
мен, Әбу Бәкір және басқа мүминдер де. сонда да 
білгім келетіні, расында әйелдеріңмен ажырастың ба?
Пайғамбарымыз «Жоқ» дегенде, хазірет Омардың 
жүзі жадырады. Өйткені ішкі күдігі сейілген еді. 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
236
Көңілі орнына түсті. Енді бұл хабарды жұртқа 
білдіргенше асықты. мұны жасаған кезде басқа 
қателік жасаудан қорыққан еді. сондықтан да 
пайғамбарымызға қарап былай деді: 
– Уа, расулалла! мешітке бас сұққанымда 
жамағаттың «алланың елшісі әйелдерімен ажыра-
сыпты» деп қайғырып жылап отырғанын көрдім. 
Барып, сенің ажыраспағаныңды айтсам ба екен? 
Пайғамбарымыз: 
– Қалауың білсін, – деді. 
Жауапты қысқа қайырғаны көп сөйлегісі келмегені 
шығар. Бірақ қысқа да болса жауап алынды. Дереу 
есіктің алдына шығып, бар даусымен айқай салды.
алланың елшісі ажыраспапты!
375
Бұл бәрінің қуанышты хабары еді.

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау