Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет72/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   152
Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
222
сұлулығы әрі тамақты дәмді пісірумен көзге 
түскен
362
сафия анамыз қайтыс болған кезде артын-
да жүз мың дирхам қалдырған. Оның үште бірін 
сіңлісінің баласына арнады. сонда бұл баланың 
иудей екенін айтып, ақшаны бергісі келмегендерін 
естігенде, айша анамыз дереу іске араласып, оларға 
былай деді:
– алладан қорқыңдар, өзіне өсиет етіп қалдырған 
нәрсені беріңдер!
363
Бір нәрсеге ренжігенімен оны тез ұмытып 
кететін. аналарымыздың қай-қайсысының да 
қарапайымдылығы мен пәктігі адам қызығарлықтай 
еді. Бірде Үммү Хабиба айшаға:
– Бір кісінің жары емеспіз бе, екеуміздің ара-
мызда біраз түсініспеушіліктер өткен болуы мүмкін, 
алла тағала сені де, мені де кешірсін, – дейді. 
алайда, тарих кітаптарында, табақат кітаптарында 
да Үммү Хабиба мен айша анамыздың арасын-
да болған келеңсіздік туралы айтылмайды. соның 
өзінде бұған мұқият қарайтын. Өйткені, олар алла 
елшісінің әйелі болу бақытына ие болған жандар еді. 
ақыретке реніш арқалап кетуді қаламайтын. «алла 
кешірсін» деген сөзге сонда айша анамыз:
362
нәсәи, Ишрәтун ниса 4 (3957). Бір жолы айша анамыз оның әкелген 
табағын сындырып, тамағын төккенін және оның өтемінің не екенін 
расулалладан сұрағанын айтады. «Табаққа табақ, тамаққа тамақ» 
деген жауап алады. Қараңыз: Тирмизи, ахкәм 23 (1359); ахмад 
ибн Ханбал, мүснәд 6\148 (25196); нәсәи, Ишратун ниса, 4 (3957) 
нәсәи, әс-сунәнул кубра 5\286 (8905)
363
Ибн сағд, Табақат 8\128


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
223
– Бәрі үшін алла сені де кешірсін, кемшіліктеріңді 
кешірсін және бұлардың жайсыздығынан сақтасын, – 
деп дұға етеді. Үммү Хабиба анамыз разы кейіпте: 
– сен мені қуанттың ғой, алла да сені қуантсын!
364
– дейді.
Осы сөзді мәймуна анамыздан естиміз: 
– Ол біздің арамызда ең тақуа, алладан ең 
көп қорқатын және туыстарын қолдауда ең алда 
тұратынымыз еді!
365
Бәрі ізгі жандар болғандықтан араларындағы 
қатынас та әрдайым осы ізгілікке негізделген. Тағы 
қайталап айтатын болсақ, қызғаныш деп қабылдауға 
болатын, алайда біз қызығу деп атайтын бұл жағдайлар 
олар үшін тұрақты емес, бір сәттік мінез болатын. 
сабаға түскен мезет жағдайды ушықтырмайтын.
Бір күні сәуда анамыздың үйінде расулалланың 
айшаға деген сезімі әңгіме болды. ұзақ әңгімеден 
кейін бір шешімге келіп: 
– Үммү сәләма, ант етейік, жұрт сыйлық беретін 
кезде де айшаның күнін күтетінін білесің, бірақ ай-
шадан басқамыздың да пейіліміз дұрыс қой. Барып 
білдірші, жұртқа сыйлықты тек айшаның кезегінде 
емес кез-келген басқа уақытта да әкеле берсін деп 
айтсын, – дейді.
Бәрінің ойы осы болғандықтан, Үммү сәләма 
анамыз барып жағдайды алла елшісіне айтты. алайда, 
күйеуі бұл өтінішті жақтырмай, жүзін басқа жаққа 
364
Хаким, мүстадрак 4\24 (6773), Ибн сағд, Табақат 8\100; Зәһәби, 
сиәр 2\223; Ибн Хәжар, Исаба 7\653 
365
Хаким, мүстадрак 4\34 (6799); Ибн сағд, Табақат 8\138; Әбу нуайм, 
Хилия 4\97; Зәһәби, сияр 2\244; Ибн Хажар, Исаба 8\128 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
224
қаратты. мұңайып қайтып келген Үммү сәләма (р.а.) 
жағдайды аналарымызға айтқанда, олар тағы баруын 
өтінді. Екінші рет те осы жағдай қайталанды. Үммү 
сәләма үшінші рет барғанда, алла елшісі (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) ашуланып:
– Үммү сәләма, айшаны айтып мені қинамаңдар! 
Уаллаһи, одан басқа әйелдің қасында маған уаһи 
келген емес, – деді. 
мұны көріп талабынан бас тартқан Үммү сәләма:
– сізді қинағаныма өкініп тәубе етемін, – 
деді. негізі бәріне ортақ қасиет сол, істің ақиқатын 
түсінгенде өз пікірінен бас тарта білетін. сондықтан 
алған жауабын жеткізіп, енді бұл іске араласқысы 
келмейтінін білдірді.
аналарымыз жауапты тыңдауын тыңдағанымен 
әлі де ойымызды анық жеткізе алмаудамыз деп 
ойлады. Бәрі енді фатиманы араға салып:
– Әкеңе барып Әбу Бәкірдің қызымен басқа 
әйелдеріңді де тең көрсеңші деп біздің сәлемімізді 
жеткіз, – деді.
Әуелгі жайттан хабарсыз фатима (р.а.) аналары-
мызды ренжітпейін деп естігендерін әкесіне барып 
айтты. алайда, пайғамбарымыз оған да ашулана 
қарап: 
– Қызым, менің жақсы көргенімді сен жақсы 
көрмейсің бе? – деді.
Бұл жауабы белгілі сұрақ болатын, еш кідірместен:
– Жақсы көремін, – деді. Бұл сөздер соншалықты 
қатқыл естілгендіктен, фатима анамыз алғашында 
сілейіп тұрып қалды, іле дереу кейін шегінді. Барып 
жағдайды аналарымызға айтқанымен, олар тағы да 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
225
барып жолық десті. Бірақ фатима анамыз енді бұл 
іске араласқысы келмейтінін кесіп айтты.
Ендігі кезек Зейнепте еді. Қанша дегенмен 
басқалардан артықшылығы жоқ емес, некесі аятпен 
қиылмап па еді?! Жанындағылардың қыспағымен 
Зейнеп те барып:
– Әйелдерің сенен айшаны бөлектемей бәріне 
тең қарауыңды қалайды, – деді. мұны біраз дауы-
сын көтеріп айтты, мұны сол жерде отырған айша 
анамыз да естіді. Оның да бұл мәселеден хабардар 
болғанын көрген пайғамбарымыз бір жағынан айша 
анамыздың әрекетіне көзінің қиығын салды. Өз ара-
ларында сөйлесе бастады. айшаның артықшылығы 
айқын түсті. Зейнеп анамыз райынан қайтып кері 
шегінді. мұны көрген пайғамбарымыз тағы да 
айшаның артықшылығын білдіріп:
– Қанша дегенмен, Әбу Бәкірдің қызы ғой,
366
– 
деді. 

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау