Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет73/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   152
Айша

Сынақ күндері
Жақындық абайлауды керек етеді. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сияқты алланың ең 
сүйікті құлына жақындық да өте мұқияттылықты 
қажет ететін. Бұл бір жағы аналарымыздың өте ауыр 
366
Бұхари, Хиба 7 (2442); Ибн сағд, Табақат 8\172; нәсәи, Ишратун 
ниса 3 (3950); Тирмизи, мәнәқиб 63 (3879). Бұдан бұрын айтылған 
және алла расулының «Көрдің бе? Бұл кісінің ашуынан сені қалай 
құтқардым?» деп әзілдегені де осы кезде жүзеге асқан болуы мүмкін. 
Қараңыз: мүслим, рада 46 (1462); Әбу Дәуіт, Әдәб 92 (4999); нәсәи, 
әс-сунәнул кубра 5\139 (8495), 5\365 (9155)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
226
сынақтардан өтуіне алып келді. Дегенмен қиын 
өмір сүрді. Пайғамбарлық жүктелген әрі дүниеден 
өз еркімен бас тартқан жанмен бірге жүрудің әрине 
бағасы зор болмақ. Өйткені, бұл шаңырақ кейінгі 
баршаға үлгі болуы тиіс еді.
Табиғатына сіңісті болғандықтан аналарымыз 
да қызғанатын. Бірақ бұл үй әртүрлі жамандықтан 
таза еді. Кішкентай кемшіліктің өзі ол жерде үлкен 
айып саналатын. Бұған қоса, сәл де болса жағдайды 
жақсартқылары да келді. Бірақ пайғамбарымыздың 
шаңырағы үшін бұл да артық еді. 
негізі бұларды кінәға жатқызуға келмейтін, 
өйткені, әлі шариғат жалғасқан кезеңде олардан 
шығатын мұндай айырмашылықтар мәселенің 
шынайы жағының анықталуында маңызды фактор 
болып көрінетін. Қатарынан болған екі оқиға олар 
үшін де, кейінгілер үшін де маңызды мәнге ие еді. 
нәтижеде алла мен елшісінің қалауын артық көрген 
аналарымыз бұл сынақтан өтті. ал біз үшін мұндай 
сынақ әлі де қатал жалғасуда. 
Харам ету
алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
әсіресе екінді намазынан кейін әйелдеріне арнайы 
уақыт бөліп, қал-жағдайларын сұрайтын. араларын-
да әділдікті сақтауға тырысатын. Осыған әдеттенген 
аналарымыз намаздыгерден кейінгі уақытты күтетін. 
Бірде бәрі бірге алла елшісін күтті. алайда, еш 
хабар болмады. Уақыт өткен сайын олар алаңдай баста-
ды. 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
227
Кеш те болса бір кезде пайғамбарымыз келді. 
Әйелдері бұл кезде әлденеден күмәнданғандай еді. 
Бәрінің атынан айша анамыз сөз алып, неліктен 
кешіккенін сұрады. алла елшісі (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм):
– Зейнепке бір әйел бал сыйлапты – деді. 
Жұбайлары мән-жайды түсіне қойды. Демек 
кешігуінің себебі Зейнеп анамыз болатын. Әйелге 
тән қызғаныш сезімі ойнады. алайда, мұны 
пайғамбарымызға білдірмеді. Өзара кеңесіп, ол кімнің 
жанына барса да «не ішкенсіз? мынау ненің иісі?» 
деп сұрауға келіседі. Егер «Бал шәрбатын іштім» десе 
«Бұл ара гүлдерін сасық ағаштардан жинаған сияқты 
ғой» деуге келіседі. Өйткені, олар алланың елшісінің 
өткір иісті ұнатпайтынын білетін
367

шынында солай болды. Қайсысының жанына 
барса да мұрнын тыжырайтқанын байқады: 
– «Зейнеп берген бал шәрбатын іштім», – де-
генмен, іштей әйелдерінің бұнысына ренжіді. Тіпті, 
ендігәрі бал шәрбатын ішпеуге ант етті
368
.
мұндай антты басқа адам айтса ештеңе болмас 
еді. алайда, пайғамбар жай бір адам емес, оның үстіне 
уахидің келуі әлі тоқтамаған болатын. Дін оған уахи 
арқылы түсіндіріліп, алла елшісі (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) сол діннің іргетасын қалайтын. сондықтан 
да оның өмірлік ұстанымын кейінгілер де үлгі етпек 
еді.
367
Қараңыз: Бұхари, Хиел 11 (6571); Талақ 7 (4967); ахмад ибн Ханбал, 
мүснәд 6\249 (26162)
368
Қараңыз: Бұхари, Тәфсиру сура 386 (4628); Талақ 7 (4966); мүслим, 
Талақ 21, (1474); нәсәи, Талақ 17 (3421) 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
228
Көп өтпей Жәбірейіл періште келіп, тағы да уахи 
жеткізді. алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
уахи түсіп жатқан сәтте қара терге малшынып, 
иығына түскен жүктен белі майысқандай қиналды. 
Іле жүзі жадырап сала берді. Өйткені, ұлы алла 
оған: 
«Ей, нәби! Әйелдеріңнің көңіліне бола өзіңді 
қинап алланың саған адал еткенін неге өзіңе тыясың? 
Білесің, алла Ғафур һәм рахим». 
Бұл аяттармен адамзатқа жаңа хабарлар ұсынылды 
әрі бірнеше мәселе шешілді. Біріншісі, алла тыйым 
салмаған істен адамның бас тартпауы. Екіншісі, 
егер өзіне тыйым салған болса, дереу кешірім тілеу 
керектігі әрі алланың Ғафур, рахим екенін еске салу. 
Тағы бір мәселе, адалдан ант ете отырып өзіне тыйым 
салған жағдайда, сол антының төлеуін төлеп, өзіне 
тыйым салмауы керек. Өйткені, аяттың жалғасында 
былай делінген: 

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау